Ілім алмаудың 6 үлкен зияны
Ілім алмаудың 6 үлкен зияны
5 жыл бұрын 3983
Смайыл Сейітбеков

Ілім алу, сауатты болу – Ислам дінінің ең басты талабы. Себебі, Алла Құранның алғашқы аяттарын уахи еткенде әуелі «Алақ» сүресінің бес аятын түсіргенін баршамыз білеміз. Пайғамбарымызға (с.а.у.) Жәбірейіл:

«Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы! Адамды ол ұйыған қаннан жаратты. Оқы! Сенің Тәңірің ең ардақты! Ол қаламмен жазу үйретті. Адамдарға білмегенін үйретті» аяттарын Хира үңгірінде уахи етті.

Демек, алғашқы түскен уахи «Оқы» әмірімен басталды. Бұл да Алланың мұсылман пенделерге бұйырған әмірі. Аятта қай ілім саласын оқу айтылмаған. Олай болса адамдар үшін пайдалы болған барлық ілім саласын оқып-үйрену қамтылып тұр. Тек дін ілімін меңгеру парыз да, дүнияуи ілім алу керек емес деу аяттың жалпылама бұйырған әмірін тар мағынада түсіну деген сөз.

Алла Тағала Хз. Адам атаны халифа ететіндігін періштелер- ге білдіріп, періштелердің уәждеріне қарсы Адам атаға барлық нәрсені үйретіп, періштелерден артық еткен еді. Сол себепті Құранда:

Білетіндер мен білмейтіндер бір бола ма?» деп бұйырды. Құран Кәрімде 670 жерде ілім жайында баян етеді. Сонымен қатар, Құранда айтылған мәселелерді тек ілім иелері ғана түсінетіндігін көптеген аятта айтып өтеді: "Адамдарға баян еткен бұл мысалдарды ғалымдар ғана түсіне алады». Ал білім алудың қаншалықты сауап екендігін Пайғамбарымыздың мына бір хадисінен білеміз: «Ей, Әбу Зар! Таңертең үйіңнен шығып, Құраннан бір аят үйренуің сен үшін 100 ракағат нәпіл намаз оқығаннан да хайырлы. Сол секілді таңертең үйіңнен шығып, ілімнен бір бөлім үйренуің сен үшін мың ракағат нәпіл намаз оқудан хайырлы».

Ілім жолы – жәннат жолы. Ілім алып, өзгеге пайдамыз тиіп жатса және иманына себеп болсақ қаншалықты сауапқа кене- летінімізді мына хадисте баян етеді: «Сенің себебіңмен Алла Тағала бір адамға хидаят берсе, сен үшін бұл дүние және дүниеде болған барлық нәрседен хайырлы».

Пайғамбарымыздың хадистерінде де ілім жайында аз айтылмаған. Тіпті Пайғамбарымыз сахабаларына ілім алуды өзі бастап үйреткендігін тарихтан білеміз. Мысалы, Бәдір соғысында қолға түскен мүшриктерге бостандық алулары үшін әрбіріне он баладан сауат аштыруды талап етеді.

Мұсылман үшін ілім алу, білімді болу ғибадатының кемшілік- сіз орындалуына жол ашады. Керегінше дұрыс діни біліміміз бол- маса, ғибадатымызға нұқсан болып, тіпті кейбір теріс пиғылды тұлғалардың пайдасы үшін саяси құрбандыққа айналып кетуіміз ғажап емес. Мұндай келеңсіз жағдайлар тарихта болғандай соңғы жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында жиі жариялануы біздерді қынжылтады.

Ислам бізге ілім алуды, яғни дұрыс білім алуды бұйырады. Өкінішке орай, білімсіздік мұсылман жамағатын жік-жікке бөліп, ислам әлеміне қара күйе жақтырады. Сол себепті ілімсіздіктің залалы шаш етектен екендігін ұмытпайық.

Алла Құранда бірнеше аятта адамдардың ілімсіздігі мен сауатсыздығынан күнәға, ширкке түскендігін және олардың бұл білімсіздігі олар үшін сылтау болмайтындығын білдіреді. Егер сауатсыз болу, білімсіз болу сылтау болғанда Құран сауатсыздығы мен білімсіздігі үшін Аллаға серік қосушыларды үзірлі пенделер деп баяндар еді. Алла Құранда мүшриктерді баяндағанда оларды сауатсыз, білімі жоқ пенделер екендігін, алайда бұл кемшіліктері олардың тозаққа түсуіне кедергі бола алмайтындығын білдіреді. Сол себепті күпір мен ширктің бастауы – ілімсіздік. Ілім мен хикмет – мүминнің жоғалған малы, мүмин оны қайдан тапса алуы тиіс. Дүние мен ақырет бақытының кілті – ілім. Ілім – амалдардың ең абзалы.

Ілімсіздік залалының басты зияны адамды таассубқа (бір жақтылық) итермелейді және бұның ақыры күпірлікпен айыптауға жетелейді. Сол себепті тарихта болғандай, қазіргі кез- дегі мұсылмандардың басты дерті мәселені жетік түсінбестен, яки ғалымдардан сұрамастан, пәтуасына жүгінбестен нәпсіге беріліп, таассубқа бой алдырады.

Алдымен, таассубтың себептері мен зияндылығына тоқталайық. Таассуб дегеніміз – бір пікір мен көзқарасқа, яки бір адам мен жамағатқа көзсіз сену, жақтау. Діндегі таассуб болса, пікір мен пәтуаларда дұшпан болатындай дәрежеде ешкімді тыңдамастан адасушылыққа түсу. Алайда қоғам ішіндегі ортақ мәселелерді қорғап, сөзін сөйлеу таассубқа жатпайды. Соны- мен қатар ақылмен шешілген, дәлелдерге сүйенген мәселелерде жанашырлық таныту, ислам ғалымдары тарапынан дәлелденген діни мәсеелелерде ешқандай күмән келтірмей, күдіктенбей, байсалдылықпен орындау, таласпау таассуб емес. Алайда қолында ешбір дәләлі немесе қабыл ететіндей негізі болмас- тан қайсыбір мәселеде жарыққа ұшқан көзсіз көбелектей сеніп, сенімінде табандылық танытса, онда ол таассуб. Ілімсіздік негізінде өрбіген және шексіз нәпсіқұмарлыққа берілуден туындаған таассуб қоғамның әлеуметтік мәдени және экономикалық дамуына бірден бір кедергі болмақ.

Мысалы, тарихқа көз жүгіртсек, исламда кері ағым болып саналған топтар негізінен осындай кемшіліктен туындаған еді. Яғни, Құран тілімен айтқанда, көзі бар ақиқатты көрмейді, құлағы бар ақиқатты естімейді, тілі бар ақиқатты айтып мойындамайды. Тарихта харижит атымен шыққан ағымның ең басты кемшілігі Құран оқып, жатқа білгенімен, күндіз ораза ұстап, түнде нәпіл намаз оқығанымен, білімсіздігі мен таассубы шектен шығуға себеп болды. Мұсылмандар тарапынан сайланған халифа Хз. Әлиге және оның сапында жүргендерге қарсы шықты. Уәждері адамның емес, Алланың үкімімен жүру деп өз пәтуаларында табандылық танытты. Яғни, 657 жылы Хз. Әли мен Хз. Муғауия арасында соғыс болады. Соғыстың ақыры екі жақтың келісімімен аяқталады. Міне, осы келісімге келісіп, төрешілердің әділ төрелігін қабыл етуге көнген Хз.Әлиді күпірлікте айыптайды. Сөйтіп, Хз. Әлиден бөлініп шыққандықтан «бөлініп шыққандар» мағынасын білдіретін «харижит» атауын алады. Харижиттер негізінен бәдәуилерден құралып, Хз.Пайғамбарымыздың айтқанындай, Құран оқиды, бірақ оқыған Құрандары көмейлерінен ары кетпейтін надан сауатсыз жандар еді. Өз нәпсілеріне беріліп, тек өздерінің жолын дұрыс, өзгенікін бұрыс деп санады. Ақырында, тыныш жатқан елді кәпірлер деп айыптап, елді мекендерді шапты. Мұсылманның жанын адал, малын олжа, бала-шағасын құл деп санап, таассубқа берілді. Міне ілімсіздіктен туындаған таассубтың ақыры тыныш жатқан қоғамға өз залалын тигізді. Алайда азғындаған, шектен шыққан мұндайлар мұсылман халықтың ашу-ызасын тудырып, ақырында Хз. Әлидің өзі бастап харижиттерге күйрете соққы берді.

Ілімсіздіктің ақыры мынадай себеп-салдар нәтижесінде таассубқа ұласатындығын ұмытпайық:

1. Имандай сенуяғни қоғамда абыройлы кейбір кісілердің пікірлерін ешқандай талқыламастан қабыл етіп, оларға имандай сену. Асылында, бұлай әрекет ету Исламға қайшы, өйткені ислам ақли, нали дәлелдерге сүйенеді. Олай болса, айтылған мәселенің дәлелдерін және шындыққа қаншалықты жанасатынын ізденіп барып, қабыл ету керек. Егер ол кісіге сенгендігі үшін қабыл етсе, онда таассубқа түседі.

2. Ілімсіздік: Исламның негізгі мәселелері болған ақида, ғибадат және ахлаққа байланысты ережелерді білмеген, Хз. Мұхаммед пайғамбарға үммет болудың не екендігін толық түсінбеген, білмесе де білетін адамдай өз білгендерін діни үкім деп санап, дәлелдеуге тырысу – адасушылық.

3. Білетін кісіден сұрамау: Бір кісі өзі білмейтін мәселені маманынан сұрамастан басқа біреуден сұрап, соны дәлелдеуге тырысу адасушылыққа жетелейді. Ал Құранда былай дейді: «Егер білмесеңдер, білетіндерден сұраңдар». Сол себепті білмеген діни мәселені білетін маманынан сұрау қажет. Нәпсіге беріліп, пәлен айтты деу дұрыс емес.

Бірде яхудидің бірі имамды сынамақшы болып, көпшіліктің алдында: «Осы сендердің Құрандарыңда барлық нәрсе жайында айтылыпты ғой. Сол рас па?», - дейді. Имам: «Иә, Құранда барлық нәрсе жайында айтылған»,- дейді. Сонда яхуди: «Олай болса, қазір бір сұрақ сұрайын. Құран не дейді екен?»- деп, анадай жерде бір қап нан арқалаған наубайшыны нұсқап: «Анау наубайшының қабында қанша нан бар? Құранда не айтады екен?»- деп, жерден жеті қоян тапқандай сұрақ қояды. Құранда ол жайында ештеңе жоқ екендігіне сенімді болып тұрады. Имам болса әлгі наубайшыны шақырып, қабында қанша нан бар екендігін сұрап, яхудиге тиісті жауабын бергенде, яхуди: «Мен сізден наубайшыдан сұраңыз дегенім жоқ. Құранды ашып, бұл жайында не айтылғанын сұрадым»,- дейді. Сонда имам: «Құранда Алла Тағала: «Білмесеңдер білгендерден сұраңдар»- деп бұйырған. Сол себепті наубайшының қабында қанша нан бар екендігін білмегендіктен наубайшыдан сұрадым»- деп жауап береді. Яхуди айтарға сөз таппайды.

4. Адам өзін үлгі етіп көрсетуі: Бір кісі тек өзінің болмысына, жаратылысына, мінезіне сай келген пікірді, яки мазхабты дұрыс, өзгелерін бұрыс деп, өзін үлгі етіп, нәпсісіне берілуі таассубқа жетелейтін себеп. Яғни, ақиқатты көрмейтін ілім мен даналықтан мақрұм пенделер қоғамда іріткі салудан басқа пайдалары болмайды.

5. Жеңіл жағын алу: Діни аңыз-әңгімелерге, наным- сенімге сеніп, ақиқатты іздемей, білгенін исламның негізі деп қабылдаушылар да адасушылыққа түседі. Сол секілді өзінің ыңғайына келген әр мазһаптың пәтуасын теріп амал ету. Айталық, қыс мезгілі болса, ислам жеңілдік діні деп дәрет кезінде аяқ жумастан жұқа шұлыққа мәсх тарта салу.

6. Жеке пікірге сену: Діни мәселелерді шешу үшін исламның негіздеріне сүйенбестен, жүгінбестен бір адамның айтқан пәтуасын негізге алып, ұстану да таассуб. Себебі, ислам қияметке дейінгі соңғы дін болғандықтан заман талабына сай мәселеге пәтуа шығару ғалымдардың ғылыми мәжілістерінде шешіледі. Сол секілді күн сайын өзгеріп отырған қоғам тіршілігінде кейбір мәселелер адамдардың түсінетін әдісімен көркем түрде жеткізілуі тиіс.

Ислам діні – ақылды дұрыс қолдануды талап ететін дін. Құран ақли және нақли дәлелдер арқылы адамдарға жол көрсетеді. Құран ілім иелері мен көзі ашық, ақылын әдемі қолдана білген пендені мақтайды. Қате сенім, пікір мен нәпсіге ергендердің ақыры жаман болатындығын мына бір аятта баян етеді: "Менің тура жолым осы. Сол жолмен жүріңдер, бұрыс жолға түспеңдер. Олар сендерді құдай жолынан тайдырады. Тозақтан сақтануларың үшін Алла осы істерді өсиет етеді де».

Өкінішке орай, кейбір пенделер ілімсіздіктен нәпсіге еріп, яки біреудің сойылын соғып, өзгелерге зиянын тигізіп жүргенінен хабарсыз. Пайғамбарымыз бұл жайында былай деді: «Ойыңыз бен нәпсіңізге берілуден сақ болыңдар. Өйткені бұл құлақты керең, көзді соқыр етеді». «Ең азғын дұшпаның екі жаның арасындағы нәпсің». Аятта мұндай адасушылықты былай деп баяндайды: «Өз қалауы бойынша қолдан тәңір жасап алғандарды сен көрдің бе? Ал соларға сен кепіл бола алар ма едің?». «Кім шектен шығып кетсе, пәни дүниені артық санаса, оның мекені сөзсіз тозақ болады. Ал тәңірі алдында сұраққа тартылудан қорыққандарға пәни дүниенің нәпсісіне еруден өзін тыя білгендерге келсек, олардың орны жәннат болаты- ны анық».

Ілімсіздіктің екінші залалы өзгелерді күпрлікпен айыптау.

Адам өзінің адасушылығын мойындау, яки түсіну былай тұрсын, тек өзінің бағытын дұрыс, өзгені бұрыс деп, кәпір деп айыптаумен қоғам ішінде жік тудырады. Бұлай айыптау мәселесі тарихта алғаш харижиттерден бастау алады. Исламның бұйырған бір амалын тәрк ету немесе өздеріне қосылмаған әрбір мұсылман олар үшін кәпір еді. Мысалы, олар өмірінде жәннатпен сүйіншіленген Хз. Әли сынды ұлы сахабаның өзін кәпір деп айыптады. Бұл харижиттердің ілімінің таяздығының залалы. Тарихта алғаш рет харижиттер үлкен күнә істеген кісіні күпірлікпен айыптады. Харижиттердің ақидасы бойынша амал мен иман бір, сол себепті амалдың бірін тәрк еткен кісі кәпір. Харижит ағымы тарихтан жойылғанымен, өкінішке орай, ғасырымызда жаңа харижиттік ақида сипатымен кейбір мұсылман жамағаттары әр жерден «Тәкфир жамағаты», «Кәһф жамағаты», «Хижрат жамағаты» секілді аттармен бой көтеріп жатқандығы мәлім. Мысалы, мұндай түсініктегі мұсылман жамағаттары Мысыр, Сирия, Иемен, Түркия, Пакистан, Иордания т.б. мұсылман елдерінде болғандай, елімізде де кейбір бауырларымыз адасушы харижиттік ақиданы жандандыруға әрекет етуде.

Ілімсіздіктің басты залалы өзін хақ, өзгелерді такфир (кәпір деп айыптау) ету. Бұлай әрекет ету кейбір адамдардың ойлағанындай ат үсті айтатын нәрсе емес. Керісінше, өте қауіпті. Себебі шариғат үкімдерінде терең фиқһ іліміне сүйенбегенше ықыласты болу жет- кіліксіз. Харижиттер осындай қателікке түскен еді. Сондықтан салаф имамдары ғибадатпен жихадтан алдын білім алуды өсиет еткен. Хасан Басри бұл жайында былай дейді: «Ілімсіз амал еткен жолсыз жүргенмен тең. Ілімсіз амал еткен кісінің бүлдіргендері туралағанынан да көп. Олай болса сіз ілімді ғибадатқа зиян тигіз- бейтіндей үйреніңдер. Ғибадатты да ілімге зиян тигізбейтіндей етіп үйреніңдер. Себебі ғибадатты үйреніп, ілімді тәрк еткен топ Хз. Мұхаммед үмметіне қылыш көтеретіндей артық кетті. Егер олар ілім алғанда ілім оларды бұған жібермес еді». 

Ислам негізі бойынша көрінгенді такфир етуге болмайды. Тек біле тұра Алланы, Оның Елшісі Мұхаммедті, ахиретті жоққа шығарса, халал, харам танымай парыздарға сенбесе ғана кәпір болып табылады. Алайда өзін мұсылман деп санаған пендені кәпір деп айыптауға тыйым салынады. Бір кісіні саналы түрде кәпір деп айыптау шындығында қауіпті. Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Бір адам бір адамға фасық немесе кәпір деп сөз айтпасын. Негізінде ол кісіде бұл жағдай болмайтын болса, айтылған бұл сөз оны айтқанға кері келеді». Өйткені бір мұсылман кісіні такфир етумен мынадай жағдайлар орындалуы тиіс болады:

1. Ол мұсылман пенденің әйелін оған харам етесіз. Бұл жағдайда екеуі ажырасуы тиіс. Өйткені Құранда бұйырылғандай мұсылман әйелдің кәпірге тұрмысқа шығуына рұқсат жоқ.

2. Ол пендеге балаларының қасында қыдыруға болмайды. Себебі күпірлігі бала-шағасын улауы мүмкін. Тірі жетім болған балаларды бағу өзге мұсылмандардың мойнына аманат етіп жүктейсіз.

3. Ашық түрде күпір еткен пенде діннен шыққандықтан оны мен қатынас жасалмайды.

4. Оны тәубе етуге шақыру керек.

5. Өлген жағдайда жаназасы шығарылмауы, мұсылман зиратына жерленбеуі, мирасқор бола алмауы секілді шариғат үкімдері орындалуы тиіс.

6. Күпірлікпен өлген жағдайда мәңгі тозақтық болады.

Демек Алланың құлдарынан біреуі жайында такфир үкімін берген адам әуелі осы сөзді айтпастан алдын дұрыстап ойланғаны жөн. Алланың діні мен адам өміріне байланысты болған мұндай қауіпті мәселені алдымен Құран мен Сүннетке жүгініп, аят пен хадис аясында үкім бергені дұрыс.

Күмәнсіз адам кәлима-и шаһадат келтіру арқылы исламды қабылдайды. Егер адам сенімін тек тілімен айтып, іштей сен- бесе де біз үшін мұсылман болып саналады. Өйткені біз оның айтқан сөзі бойынша үкім етеміз. Ал ішкі жан-дүниесін Аллағаа қалдырамыз. Бұған мынадай дәлел келтіреміз:

1. Пайғамбарымыз дін исламды уағыздағанда алдымен кәлима шахадат айтуды үйретті. Аллама б. Ражаб әл-Ханбали «Жамиул-улум уәл-хакам» атты кітапта: «Хз. Пайғамбар ислам- ды қабылдауға келгендерге тек кәлима айтуды бұйырып, қабыл ететін».

2. Бірде Пайғамбарымыз сахабаларын жорыққа жібереді. Жорық барысында мүшриктермен қақтығыс болады. Сонда Усама б. Зайд есімді сахаба бір адамды шаппақ болғанда ол «Лә иләһә иллаллаһ» дейді. Усама оған қарамастан шауып тастайды. Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) мұны естігенде қатты ашуланып, Усамаға: «Сен оны «лә иләһә иллаллаһ» деген соң өлтірдің бе?»- дейді. Ол: «Ол өлімнен құтылу үшін сөйлеген»- дегенде, Пайғамбарымыз (с.а.у..): «Сен оның жүрегін жарып көрдің бе?»,- деп ұрсады (Бухари).

3. Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Мен адамдармен «Лә иләһә иллаллаһ» дегенге дейін соғысуға әмір етілдім. Олар осы сөзді айтқан соң менен жандары мен малдарын құтқарған болады. Олардың ішкі есептері Аллаға қалады». Бұл хадисті Хафыз әс-Суюти әл-Жамиус сағир атты кітабында «мутауатир хадис» деген. Олай болса, "лә иләһә иллаллаһ" деген кісі мұыслман деп есептеледі. Мұсылман болып өлген кісі жәннатқа барады

 
0 пікір