Ердің отбасында басшы болуының сыры неде?
Ердің отбасында басшы болуының сыры неде?
6 жыл бұрын 4412 Nurgasyr.kz img-fotki.yandex.ru

Ердің отбасында басшы болуының сыры – əйеліне көркем мəміле жасай алуында жатыр... 

Ақыл, ой-пікірінің жетіктігінен және қиындықтарға төзімділігінен ер кісі отбасының басшысы болып табылады. Бұл əйелдердің ақылы кем деген сөзді білдірмейді əрине. Алла тағала Құранда: 

«Еркектер әйелдерді билеуші. Өйткені Алла бірін-бірінен артық қылды[1]» деген. 

Ер адамға бұл жауапкершілік жүктелгендіктен, кездесетін кейбір  қиындықтарға төзіп, кейбір кемшіліктерге көз жұмып, өзін сабырға үндеуі қажет болады. Ал, әйел заты, негізінде, табиғатынан бітім-болмысы әлсіз. Сезімге жақын жаратылыс. Егер ер адам əйел затын әрбір нәрсеге есеп ете берсе, əйел еш нәрсе істей алмай қалады. Ал оның қисықтығын түзету – оны сындырып алуға апарып соғады. Оны сындырып алу – онымен ажырасу. 

Алла елшісі (с.а.у.) айтқан: «Әйелдерге жақсылықты өсиет етіңіздер. Өйткені олар қабырғадан жаратылған. Қабырғаның ең қисығы – ең жоғарыдағысы. Оны түзетемін десеңіз, сындырып аласыз. Ал, қоя берсеңіз, қисық күйінде жалғаса береді. Сондықтан әйелдерге жақсылықты өсиет етіңіздер[2]»

 


[1] Ниса сүресі 34 аят

[2] Бұхари мен Муслим жеткізген

0 пікір