Дұға қабыл болу үшін істелетін 5 амал
Дұға қабыл болу үшін істелетін 5 амал
7 жыл бұрын 15214
Хадиша ЕРМЕКҚЫЗЫ

1.     Дұға еткенде ықыласты болу. Пайғамбарымыздан (с.а.у.) Әнас ибн Малик жеткізген хадисте: «Кімде-кім Алла тағаладан тілейтін болса, тілекте табандылық етсін және «Я, Алла! Қаласаң сұрағанымды бер!» демесін. Өйткені Алла тағалаға ешкім нұсқаушы бола алмайды», – делінген. (Имам Бұхари).

2.     Пенденің өзі, яғни сөзі мен амалы дұғасы қабыл болуға лайық болу керек. Намаз оқымайтын, ішімдік ішетін, жалған сөйлейтін адамның дұғасы қалай қабыл болады?

3.     Ішіп-жегені, киген киімі халал болу керек. Алла елшісі (с.а.у.) ұзақ уақыт бойы сапарда болған, үстін шаң басқан, шашы ұйысып, сабалақтанып қалған, алақанын жайып: «Я, Раббым! Я, Раббым!» – деп жалбарынған адам жайында айтып: «Ішіп-жегені, кигені және қорек еткені харам болса, оның дұғасы қалай қабыл болсын?» – деді. (Хадисті Әбу Һурайра (р.а.) риуаят етті. Имам Муслим).

4.     «Дұға қабыл болмады» деп асықпау. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Сендердің бірің дұғаның қабыл болуын асықтырып: «Дұға еттім. Алайда дұғам қабыл болмай жатыр», – демесе, дұғасы қабыл болады», – деді. (Әбу Һурайра. Ибн Дауд).

5.     Дұғада Аллаға серік қосу амалы болмау. Қазіргі кезде кең тараған түсініктердің бірі – қажетін өлген адамдардан, яғни әруақтан тілеу. Көпшілік адамдар мәйіттің рухы денеден ажырап, өз немере-шөберелерін қолдап-жебеп, бәле-жаладан сақтап жүреді», – дейді. Бұл – Аллаға серік қосу әрі үлкен күнәлардың қатарына жатады. Мұсылман адам өз қажетін тек бір Құдайдан сұрауы керек.

  

1 пікір