Дельфиндер жайында қызықты деректер
Дельфиндер жайында қызықты деректер
2 жыл бұрын 4843

Дельфин сөзі гректің «Дельфос» сөзінен алынған. Ол «бауыр» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан болса керек дельфин бауырмалдықтың, мейірімділіктің жарқын үлгісі ретінде сипатталады. Дельфиндер тек қана балалармен емес, ересектермен де ойнағанды жақсы көреді. 

 

Дельфиндерді балық деуге келмейді. Олар кит тәрізді сүтқоректілер қатарына жатады.

 

Дельфиндер жалпы эмоциялық қасиеттері жоғары, көңілді, әзілкеш, топтасып өмір сүретін тіршілік иелері.

 

Дельфиндер тістерін тамақтанғанда қолданбайды. Олар тістерін тек майда балықтарды шап беріп ұстайтын кезде қолданады. Дельфиндерде шамамен 100-ге жуық тіс болады. Тамақты тістің көмегінсіз, жақ бұлшықеттерінің көмегімен барынша шайнап, қалғанын бүтіндей жұтады.  

Дельфиндердің суға батуына екі ас қасық су жеткілікті. Сондықтан олар балаларын туыла салысымен су астында тыныстауды үйретеді. Кейбір дельфиндар су астында 30 минуттай тұра алады.

Аталық дельфин аналық дельфин бала босанар кезде көп көмегін тигізеді. Аналық дельфиннің жанында айналшықтап жүреді әрі қорғайды. Туылған балақай су астында демді ұзақ уақыт ұстауды тамақтану кезінде үйренеді. Бір қызығы, әрбір бала дельфин дүниеге келгенде оған есім қойылады. Кейін оларды сол қойылған есімі арқылы ажыратып отырады. 

  

Дельфиндер кейде тұмсығымен соғып акуланы да өлтіріп қоятын кездері болады. Тіпті акуланың өзі дельфиннан қорқатын сәттері жиі кездеседі.

Дельфиндерде иіс болмайды және иіс сезбейді. Бірақ ащы, тұщы, қышқыл, тәттіні бірден айыра алады.

Делфиндер суда 24 км/сағ жылдамдықпен жүзеді. Кейбіреулері 60 км/сағ жылдамдықпен жүзуі әбден мүмкін. Шамамен дельфиндер 50 жылға дейін, тіпті кейбір түрлері 75 жылға өмір сүреді. Жалпы дельфиндердің теңізде өмір сүретін 32 түрі, өзендерде тіршілік ететін 4 түрі кездеседі.

Қара теңіздің дельфиндері

Дельфиндер эхолокацияның көмегімен дәлдік орнатады. Алдын ала толқын жіберіп, ол алдындағы объектіге соқтығысып, одан пайда болған толқын жауап ретінде қайта келеді. Бұл дегеніміз әлгі дельфиннің алдында не күтіп тұрғанынан хабар береді деген сөз. Міне, осындай әдіс арқылы түнде көз көрмейтін қараңғыда да олар қорегін ұстай алады. Егер де бір алда қауіп төніп тұрса, одан да әлгінде айтқан әдіс бойынша оңай құтылып кетеді.

Адамдардан кейінгі ең ақылды тіршілік иелері ол дельфиндер екен. Салмағы бойынша дельфин миының салмағы адам миының салмағынан жоғары. Яғни, дельфинда 1,7 кг ми болса, адамда бұл көрсеткіш 1,4 кг құрайды.

 

Келесі суреттегі дельфин ұйықтап жатыр. Бірақ түріне қарасаң олай деп айту қиын. 

Иә, дельфиндер осылай ұйықтайды. Олар ұйықтағанда милары жартылай жұмыс жасайды. Мидың екі бөлігі кезек-кезек қызмет атқарады. Бір бөлігі ұйықтағанда, екінші бөлігі сергек күйде тұрады. Бұл мидың қызметі қандай? Ұйқы кезінде дельфиннің денесін жоғары көтеретін осы ми бөлігі болатын. Жоғары көтерілген дене бір тыныстап алады да, қайта ұйқыға кетеді. Мұндай ұйқы түрі тек қана дельфиндерде ғана кездеседі. 

1 пікір