Балағат сөздер гендегі мутация үдерісін туғызады
Балағат сөздер гендегі мутация үдерісін туғызады
8 жыл бұрын 5048
Бүгін таңда  жастар арасында  балағаттау сөздерін көбірек қолдану жиі кездесіп жатады. Бұл қазіргі кезеңде тіпті өкінішке орай, қалыпты құбылысқа айналып барады. Жасөспірімдер осы  іс-әрекеттерінің зиянын білместен-ақ,  жағымсыз қылықтарын ары қалай жалғастыруда. 

 Бұл не үшін қажет?

Қоғамның белгілі бір бөлігінің түсінігінше, тіпті балағат лексика олар үшін  маңызды нәрсе болып табылды. Сарапшылар осындай боғауыз сөздерді қолданудың мынадай түрлерін анықтады:

 • Сөздің эмоциялық жағын жетілдіру үшін (сөйлеушінің сөздік қорының жеткілікті деңгейде болмауынан, ойын неғұрлым айқын эмоционалдық сөздермен беруге ұмтылады);

 •Психологиялық стрестен арылу үшін;

• Қорлау , кемсіту (бір сөзбен айтқанда, әңгімелесушіні "қарғау");

•Агрессия көрсету (осы жағдайға қалай ашулы екенін өз деңгейінде көрсетуге тырысу);

•Қорқыныш болмағанын көрсету (өзіне және  өз қабілеттеріне сенімсіздіктің  болмауы салдарынан келеді);

•Тыйым салынған дүниелерге деген құрметсіздігін көрсету (тағы да сөздік қорының жеткіліксіз болуы).

Себептер

Айтылмыш мәселенің туындауының бірнеше факторлары бар:

1.Үлкендердің үлгісі. Ең үздік тәсіл-өзің көрсеткен үлгі болып саналады. Егер аға буын өкілдері, әсіресе, әкесі жағымсыз сөздерді өсіп келе жатқан ұрпақтың алдында қолданып жүрсе, бала сөзсіз бұл зиянды әрекетті дұрыс деп қабылдап, қайталайтыны сөзсіз.

2.Қарым-қатынас ортасы. Көптеген жастардың айтуынша,  қарым-қатынас ортасы  белгілі бір жеке тұлғаның мінез-құлқына көп жағдайда ықпал етеді.  Олардың пікірінше, егер бұзылса, "жаман ортаға" тап болуынан деп түйсінеді.

3.Сөздік қордың жетіспеушілігі. Егер адам белгілі бір іс-әрекетті немесе адамды қандай тұрғыда сипаттауды білмегенде,  эмоционалдық жай-күйін білдіруге тырысқанда, боқтық сөздерге жүгінеді.

4.Медиа құралардардың әсері. Бүгінде күн санап әлі толық қалыптаспаған жастардың тұлғалық қасиеті мен болмысына лас пен жағымсыз әдеттер тонналап құйылуда. Күн сайын артып келе жатқан түрлі сериалдар мен кинофильмдер, ток-шоулардың шексіз саны  өсіп келе жатқан ұрпақтың моральдық сипатына кері әсерін тигізуде. 

Ғылымға сәл жүгінейік!

Ғалымдар адам дауысынан, соның ішінде дыбыстардың әсерінен, су молекулалары күрделі құрылымда орналасқандығын көрсетті. Жапондық ғалым Масару Эмото су тек ақпаратты ғана қабылдамайтынын, сонымен бірге сөздер мен тіпті ойдың әсерінен түрлі жағдайға өзгеретінін дәлелдеді. Ол соңғы жабдықтардың көмегімен микроскоп астында су кристалдарының құрылымын суретке түсіріп және  мұздатып алуға  мүмкіндік алды. Алынған көрініс ғалымдарды қайран қалдырды: айтылған жағымды, мәнді сөздердің себебімен  кристалл құрылымдары әдемі және таңғажайып үйлесімді түрге енген, ал жағымсыз, боқтық сөздердің әсерінен  су кристалдарының құрылымы қорқынышты, ұсқынсыз бейнеге айналған.       Ресей Ғылым академиясының ғалымдары адам ауызша түрде жеткізілген сөздерінің нәтижесінде адам өзінің тұқым қуалайтын аппаратын жасайды немесе  бұзады деген таңғаларлық қорытындыға келді. Анығында ДНҚ адамның сөзін қабылдап, электромагниттік арналарда мәтінді оқи алады екен. Кейбір хабарламалар гендерді  емдейді, кейбіреулері  радиация  сияқты жаралап, зақым келтіреді. Мысалы, құлшылық ету кезіндегі дұға, жақсы сөздер генетикалық аппараттың резервтік мүмкіндіктерін оятады, ал керісінше, қарғыс мәніндегі жаман сөздер, былапыт сөздер мутация үдерісін туғызатынын айқындады.      Ғалымдар тобы балағат сөздермен сөйлеушілер жаман сөздерді айтпайтындарға қарағанда, әлдеқайда аз өмір сүретінін тілге тиек етеді, өйткені, олардың жасушаларында көптеген өзгерістер болып, түрлі ауруларға жол ашылады. Боқтық сөздерді қолданушылар гендердегі мутация үдерісін туғызады, яғни, хромосомалар  үзіліп,  ДНҚ спиралдары  бұзылады. Жағымсыз сөздер өзіне ғана зиян тигізіп қана қоймай, басқаларға да зардабын тигізеді. 

Хақ мұсылман жағымсыз сөздермен сөйлемейді

Ардақты Пайғамбарымыз  (с.а.у): "Әдепсіздік  әрқашан неге араласса да бәрін қаралайды, ал ұяттылық әрқашан әсемдейді" (Тирмизи),-деп түсіндірген.

Алла Елшісі (с.а.у.) келесі бір хадисінде: "Әдетте мүмін ұрыспайды, қарғамайды, ұятсыздық танытпайды, балағаттамайды" (Тирмизи),-дейді.    

Көптеген адам жағымсыз, жайсыз сөздерді айта отырып, тіпті оның жамандық деп санамайды.  Пайғамбарымыз (с.а.у.) осы жөнінде былай деген: «Шынында да, адам тіпті мән бермей айтқан бір сөзі үшін жетпіс жыл тозаққа лақтырылатын болады" (Тирмизи).

"Расында, Алла балағат сөздерді айтушыны жек көреді" (Ат-Табарани). 

Дереккөз: islam.ru
Аударған: 
М.Бақдәулетқызы, 
арнайы islam.kz үшін

1 пікір