Ауру-сырқау мен жамандыққа қарсы дұға
Ауру-сырқау мен жамандыққа қарсы дұға
6 жыл бұрын 6818

Әбу Сайд (р.а.): «Бірде Жәбірейіл періште Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп: «Уа, Мұхаммед, ауырып қалдың ба?» дегенде ол: «Иә», - деп жауап береді.

Сонда Жәбірейіл періште: «Бисмилләһи әрқикә мин кулли шәйин йузикә, мин шәрри кулли нәфсин әу айни хасидин Аллаһу йәшфикә, бисмилләһи әрқикә» (Алланың атымен саған арнап шипа дұғасын оқимын. Жаныңа батқан барлық ауру-сырқау мен күллі кесірлі жандардың жамандығына және күншіл көздің сұғына қарсы Алла тағала саған шипа берсін. Алланың атымен саған арнап шипа дұғасын оқимын)», - деп дұға оқыды», - деген (Муслим, сәләм 40).

0 пікір