Алла елшісі дұға еткенде өзін қандай нәрселерден сақтауды сұрайтын?
Алла елшісі дұға еткенде өзін қандай нәрселерден сақтауды сұрайтын?
7 жыл бұрын 9479

Әнәс (р.а.) әңгімелейді: «Алла расулы (с.а.у.) былай дұға етуші еді: «Аллаһым! Әлсіздік пен жалқаулықтан, қорқақтық пен сараңдықтан және кәріліктен өзіңе сиынамын. Қабір азабынан сақта, өмір мен өлімнен келетін барлық сынақтарда мені өз қамқорыңа ал».

Айша (р.а.) анамыздың айтуы бойынша: «Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дұға етуші еді: «Аллаһым! Мен білетін және білмейтін нәрселер арқылы келетін барлық жамандықтардан өзіңе сиынамын».

Қутба ибн Мәліктің (р.а.) айтуы бойынша: «Алла расулы (с.а.у.) бірде былай дұға етті: «Аллаһым, барлық жаман әдеттер мен жағымсыз мінез-құлықтардан, бұзық әрекеттер мен құлқынның құлы болудан саған сиынамын!».

Уқба ибн Амирдің әңгімесі бойынша: «Алла елшісі (с.а.у.) былайша дұға тілейтін: «Жаман өткен күн мен түннің және уақыттың кесірінен, жамандыққа итермелейтін достардан, жаман көршіден өзіңе сиынамын!"

0 пікір