Адамдар туралы жаман ойламаудың 6 жолы
Адамдар туралы жаман ойламаудың 6 жолы
5 жыл бұрын 11304 islamua.net
Аударған Меруерт Бақдәулетқызы

Ешкім жүрекке жеңілдік бермейді және адамдар жайындағы оң көзқарас, жағымды ой адамның бақытты сезінуіне көмектеседі. Ол рух пен тәнді, жақсы көңіл-күйді бұзатын әрі ағзаны бұзатын зиянды ойлардан қорғайды.

Адамдар жайындағы жағымды ой мен оң көзқарас - тыныштықтың кепілі, қоғамдағы мейірімділік пен махаббат қарым-қатынастарын нығайтады, жеккөрушілік пен қылмыстан азат етеді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) былай дейді: "Адамдар туралы жаман ойлардан сақ болыңдар. Өйткені, жаман ойлар - жалған сөздер, бір-біріңмен бәсекелеспеңдер, бір-біріңді қызғанбаңдар, бір-біріңді жек көріп, бір-біріңе қарсы шықпаңдар, Алла бұйырғандай өзара бауыр болыңдар, Алланың құлдары!" (Бұхари).

Егер мұсылмандар бұл мінез-құлықтың жоғары деңгейіне бағынатын болса, онда жаулары ешқашан оларға шабуыл жасауға мәжбүр болмас еді әрі өздерінің танымал «бөліп ал да,  билей бер!» қағидасымен сәтті болмас еді, өйткені шынайы мүміндердің жүрегі әрдайым бір, жандары ізгілікке толы.

    Дұға етіңіз

Әрине, басқалар туралы дұрыс пікір айтудың көптеген жолдары бар. Олардың бірі - Аллаға  жалбарыну, өйткені, бұл кез келген жақсы қасиеттің қақпасы. Пайғамбарымыз (с.а.у.)  үнемі өзіне таза жүрек беруін сұраған.

    Өзіңізді жақыныңыздың  орнына қою

Егер әркім өзін бір нәрсе жасаған сәтте немесе айтқан кезде бауырласының орнына қойса, сөзсіз, қоғамда өзара  түсіністік пен жағымды  ахуалдың туындауына себепші болады. Алла Тағала өз құлдарына: "Егер оны естігендеріңде мүмін ер, әйел көңілдерінде қайыр ойлап: “Бұл бір ашық өсек” десе еді?" (Құран, 24: 12). Басқа бір аятта Алла сенушілерге олардың бір дене екендігіне және  мүміндермен кездескенде,  берекет тілеудің артықшылығын көрсетеді: "Қашан үйлерге кірсеңдер, өздеріңе (мұсылмандарға) Алла тарапынан көркем берекет тіршілігін тілеп, сәлем беріңдер! Осылайша Алла, сендерге аяттарын ашық баян етеді. Әрине түсінерсіндер" (Құран, 24: 61).

    Сөздерді жағымды жеткізіңіз

Дұрыс сөз сөйлеу - адамдарға қатысты жүректегі қара ойлардың алдын-алу үшін қолданатын ең жақсы әдіс. Омар былай деді: "Егер ол жақсы мағынада түсіндірілсе,  бауырластың айтқан сөзі жайында теріс  ойламаңыз".

Бір күні имам аш-Шафии ауырып қалады, оған бірнеше бауырластары келеді. Олардың бірі: "Алла сіздің әлсіздігіңді нығайтсын!", - деді. (Ол Аллаға өзінің әлсіздігін жоюын сұрағысы келді). "Егер Алла менің әлсіздігімді нығайтса,  бұл мені өлтіреді!" - деді аш-Шафии. Әлгі адам имамға: "Алланың атымен ант етемін, мен сізге шын мәнінде жақсылық тіледім!", - деп жауап берді. Бұған имам: "Егер сен мені қорлаған болсаң да, маған жақсылық тілейтініңді  білемін", - деді. Жақыныңыз жайында жақсы ойлау - тіпті оң жолмен түсіндірілмейтін нәрселерде де, шынайы бауырластықтың белгісі болып табылады.

 Ақталуын іздеңіз

Біреу сізге жағымсыз яки қорлайтын нәрсе айтса немесе жасаса, оны ақтайтындай себеп іздеңіз.  Естеріңізге сала кетейік, жақсы адам өзгелер жөнінде  жақсы ой ойлап,  әрқашан  оларды  ақтауға тырысады. Олар осындай адамдар туралы жетпіс  түрлі ақталу себебін іздейді. Бұл туралы Ибн Сирин былай деді: «Егер бір бауырласыңның сені сөзбен немесе іс-әрекетімен ренжіткенін білсеңдер, оның әрекетін ақтауға себеп іздеңдер. Егер сіз ештеңе таба алмасаңыз, онда  "оның мен білмейтін ақталуы (бір себебі) болуы керек" деп ойлау қажет". Әрдайым бауырласыңыздың сөздері мен іс-әрекеттерін ақтауға тырысатын болсаңыз, сіз негізсіз күмән тудырған күнәдан құтылып,  жақыныңыз жайындағы жайсыз ойлар мен қажетсіз уайымнан аулақ боласыз.

   Айыптаудан аулақ болыңыз!

Өзгелердің ниетін айыптаудан қашық  болыңыз, себебі, бұл - ол туралы жақсы пікірді сақтаудың негізгі құралдарының бірі. Ұлы Жаратушы бізге жақынымыздың сезімдерін әрі ниетін тексеруге, олардың ішкі ойын  бақылауға бұйырмады, сондықтан адамдар туралы жаман ойлардан аулақ болуымыз керек.

    Қатерлі болжамдардың зиянды  салдарын есте сақтаңыз

Өзгелер жайында жаман ойлайтын адам әрдайым қорқыныш пен  үрейдің арасында өмір сүреді, жан әлемі тыныштық таппайды, ол барлық  қарым-қатынас жасау  шеңберін жоғалтқаны былай тұрсын, оның жақындары тіпті сол адамнан  барынша қашуға тырысады. Өзгелер туралы жаман ойлап, өзіңіз жайында жақсы  ойлау - адамды соқырлық пен адасуға апаратын  қауіпті болжамдардың  зиянды салдарының бірі.

Ұлы Жаратушы аталмыш әрекеттен бізді тыйған: "Сондықтан өздеріңді өздерің ақтамаңдар. Ол, кім тақуа екенін жақсы біледі" (Құран, 53:32). Басқа аятта Алла Тағала былай дейді: "(Мұхаммед Ғ.С.) сондай өздерін ағартқанды көрмедің бе? Керісінше, кімді Алла (Т.) қаласа тазартады. Оларға қылдай әділсіздік етілмейді" (Құран, 4:49).

Әрқайсымыз өзімізді адамдар жайында жақсы ойлауға үйретуіміз маңызды. Бұл жүйелі жаттығу мен қажырлы жұмысты талап етеді. Өйткені,  адамның біртұтас серігі шайтан ұйықтамайды және әрқашан оның арасына дұшпандық пен араздықты сеуіп, басқа адамдар жөнінде жағымсыз ойларды санаға сіңіруге тырысады. Сіздің айналаңыздағы адамдар жөніндегі  оң ойлар - шайтанның әрекетін болдырмаудың ең жақсы тәсілдерінің бірі. Біз Алладан таза жүректерді сұрап,  Исламдағы бауырластарымыз  жайында  жақсы ойлауға үйренеміз.

 

 

0 пікір