Құдай қосқан көрші
Құдай қосқан көрші
2 жыл бұрын 1613
Абай Хамза

Мынандай бір тәмсіл бар: “Досыңды өзің таңдайсың, көршіңді құдай таңдайды” деген. Оның себебі мұсылманшылдықта көрші туыстан кем емес , жоғарғы орынға қойылады. Яғни, көршің саған еш туыстығы болмаса да, ұлты басқа болса да, тіпті діні басқа болса да көрші қақын орындауға тиіссің.

Оның терең мағынасын пайымдауға болады. Исламда адамдар қатынасы үшін әр кез татулық насихатталады. Татулық болса тыныштықты әкеледі. Тыныштық бейбітшілікке бастайды. Ал исламның басты мұратының өзі бейбітшілік. Бейбітшілік неден басталады? Отбасының ауыз бірлігі бейбітшіліктің қайнар көзі. Сонан кейін әр отбасыларының көршілерімен ауыз бірлігі бейбітшіліктің тірегіне айналады. Бірінсіз бірі бола алмайды. Отбасында тату болып, көршіңмен алакөз болсаң қандай тыныштық болмақ? Көршілердің өзара татулығы ел тыныштығының кепілі. Бір адамның баласындай болып отырған ондай отбасыларға іштен дұшпан жоқ, сырттан жау жоқ.. Міне көршімен тату  болудың мәні тек жеке отбасы емес,  бүтін елдің қамы үшін екен. Ал көршімен татулықта болудың кілті отбасындағы әр адамның өз қолында. Ешкім көршісі ренжірлік оғаш қылық көрсетпесін, көршіңді көре сала  жылы шыраймен одан бұрын амандасуға тырыс,  көршің ауырып қалса құрақ ұшып көңілін сұра, қол ұшыңды беріп жақсы сөзіңді айтып, шын тілектестігіңді білдір, бірдеңеге шамасы жетпей жатса жәрдем көрсет, ас-ауқатыңа шақырып тұр, өзің тоя жеп көршің аш қалмасын, көршіңнің қызғанышын тудырарлық мақтаныш пиғыл көрсетпей кішпейіл мінезбен жүр... Осындай жақсы әдеттің бәрі имандылық арқылы ғана іске асады. Оны сүйікті Пайғамбарымыздың с.а.у. хадистерінен артық жеткізіп айтар сөз жоқ. Сондықтан қасиетті хадистерге кезек берейік.

“Жәбірейілдің маған көршімен жақсы қарым-қатынаста болу керек екендігі жөнінде ұзақ, үздіксіз өсиет айтқандығы сонша, мен тіпті ол көршіні мұрагердің орнына қойдыма деп ойлап қалдым”.

“Аллаға, Ақыретке сенген адам өзінің көршісіне жақсылық жасасын және Аллаға ақырғы күнге дейін сенген адам өзінің қонағын жақсы қабылдап күтсін және Аллаға ақырғы күнге дейін сенген адам қандай да бір жақсы сөздер айтсын немесе құпияны ашпай, үнсіз қалсын!”

“Аллаға ақырғы күнге дейін сенген адам өзінің көршісін ренжітпесін”.

“Көрші өз көршісінің  қабырғасына тақай орналасуға бөгет жасамасын”.

“Өзіне не тілесе, өзінің бауырына да соны тілейтін болғандарыңызға дейін сіздердің ешқайсыларыңыз дінге шындап сенбейсіздер”.

“Құдайдың құлы өзіне не тілесе өзінің көршісне де немесе өз бауырына соны тілейтін болғанша дінге сенбейтініне бойымдағы жаныммен ант етемін”.

“О, Әбу Зарр егер сорпа қайнататын болсаң, өзіңнің көршіңді де ойлап, суды көбірек қос!”

“Егер кімде-кім тоя тамақ ішіп, бірақ жақын жерде өзінің көршісі аш отырғанын біле тұра алаңсыз ұйқыға кетсе, ол маған сенбейді”.

“Өзінің көршісі аш екенін біле тұра тоя тамақ ішкен адам дінге сенуші емес”.

“О, мұсылман әйелдері, аздаған жақсылық жасаудан бірде-бір көрші қысылмайтын болсын, тіпті, бар болғаны қойдың сирағы болса да!”

“О, Аллланың елшісі менің екі көршім бар, олардың қайсысына сыйлық бергенім жөн? Кімнің есігі саған жақыныырақ болса, алымен соған бер, деген жауап естідім”.

“Қарым-қатынасты жақын көршіге қарағанда алыс көршімен бұрын бастамау керек, алдымен жақын көршіден бастап, содан кейін барып алыстағы көршілермен қарым-қатынас жасау керек”.

“Алла алдындағы ең жақсы жолдас өз жолдастарының алдындағы ең жақсысы, ал Алла алдындағы ең жақсы көрші өз көршілерінің  арасындағы ең жақсысы”.

“Діндар көрші, кең үй және жақсы мініс көлігі мұсылманды бұ дүниеде бақытты ететін нәрселердің қатарына жатады”.

“Расында, көршінің әйелімен көңілдес болу басқа он әйелмен болудан да артық күнә, ал көршінің үйіне ұрлыққа түсу басқа он үйді тонаудан да ауыр күнә”.

“Өзін ренжіткен жаман көршісі бар, бірақ Алланың жаман көршіден оны тірі кезінде немесе өлгеннен соң құтқарғанға дейін төзімділік танытқан адам — жақсы адам”.

0 пікір