Отбасыңызда жанжал болдырмаудың керемет әдісі
Отбасыңызда жанжал болдырмаудың керемет әдісі
5 жыл бұрын 13069 fondihlas.ru
Аударған Меруерт БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

Бірде Әбу Мухаммад Хаулани бір топ адамның әңгімесін тыңдады. Бұл адамдар бір-біріне өздерінің әйелдері жөнінде шағымданады. Алайда, Әбу Мүслім әйелі жайында ешқандай шағым айтпады. Адамдардың ішінен біреуі оған: "Сіз ештеңе айтадыңыз ғой. Бәлкім, сіз бір әулие әйелге үйленген шығарсыз?". 

Әбу Мухаммад оларға былай деп жауап қатады:

- Жоқ, менің әйелім әулие емес, керісінше, сөздің толық мағынасында жағымды жанға жатпайды. 

- Қалайша осындай жағымсыз адаммен ортақ тіл табыса аласыз?

- Бұл тұрғыда менің өз әдісім бар, ол маған отбасында қақтығыс пен шуды болдырмауға мүмкіндік береді.

Жиналған жұрттың барлығы оған таңғалып, бұл сырды білуге құмартады.

- Әйеліңізбен дау-жанжалсыз, ұрыс-керіссіз өмір сүруге мүмкіндік беретін бұл қандай тиімді әдіс?

Әбу Мүслім оларға өзінің құпиясын ашты:

- Алла Тағала Адамды (ғ.с.) жаратқан кезде, ең алдымен, оған ақылды енгізді. Содан кейін ашуды жаратып, оған Адамның (ғ.с.) денесіне кіруді бұйырды. Сол сәтте ашу-ыза: "Мен Адамның (ғ.с.)  денесіне кіре алмаймын, өйткені онда ақыл бар. Мен ақылмен бір жерде тұрақтай алмаймын", - деді.

Раббымыз: "О, ашу! Сен Адамның бойына енгенде, ақыл өз орнын саған беріп, адамды қалдырады. Осылайша адамды санасынан айырып, оны ақымақтықпен басқаруға болады".

Әрі қарай  Әбу Мүслім былайша баяндайды: «Осы мәселе төңірегінде біз әйеліммен өзара келістік: егер адам ашуланған кезде өз ақылын жоғалтса, онда ол ақымақ болады. Сондықтан ашуланған адам ақылсыз деп есептеледі. Әрбір ақылсыз адамға бас-көз болатын қамқоршы қажет. Егер мен ашуланып жатсам, әйелім мұны көріп, шыдамдылық танытып, маған қайшы келмейді.

Ашуланған кезден бастап мені ақылынан айрылған "ақылсыз" деп есептейсің және сен менің қамқоршымның рөлін атқарасың. Себебі, сенің ақылсыз адамнан бәрін күтуіңе болады, мен тынышталғанға дейін осы рөлді ойнайсың".

Осыдан соң Әбу Мүслім: "Әрине, мен де әйеліме  шыдамды болуға тиістімін. Кейде әйелімнің бойын ашу-ыза кернеген кезеңдерде мен оның қамқоршысы рөлін атқарып, оның ісіне шыдамдылық танытамын әрі  ақылға келгенше онымен сөйлеспеймін".

Қорытындылай келгенде Әбу Мүслім былай деп тәмамдады: «Міне, сондықтан мен әйеліме наразы емеспін. Бұл онымен жақсы қарым-қатынаста болғанымыздың сыры. Менің достарым, сіздерге осы рөлдерді пайдалануды ұсынамын. Сіздердің біреуіңіз ашуланып жатқанда, қарама-қарсы тарап өзіне қамқоршының рөлін қабылдап, шыдамдылық пен ұстамдылық танытсын. Қысқа уақыттан кейін жанжалдың жоғалып кеткенін көресіз әрі сіздің өзара сүйіспеншілігіңіз тек күшейе түседі.

Ашуды бастан кешкендіктен, шыдамдылық танытып, қарсылық білдірмеген қарама-қарсы тарапқа соңында риза болады. Әрі бұл өзара тыныштық пен бақыттың себебі болып табылады".

 Жоғарыда келтірілген әдісті елеусіз қалдырмаңыз! Кем дегенде бір рет көріңіз. Міне,  үйлесімді тамаша қарым-қатынас пен жанжалдарды жоюдың бір құпиясы.

 

0 пікір