Күйеуіңіз отбасылық өмірде бақытты болсын десеңіз...
Күйеуіңіз отбасылық өмірде бақытты болсын десеңіз...
5 жыл бұрын 5616
Данияр СҮЛЕЙМЕНОВ

Ер адам да отбасылық өмірде бақытты болғысы келеді. Ал сол бақытқа жетуінің бірден-бір себебі өзіңіз екенін ұмытпаңыз. Олай болса:

  • Күйеуіңізге деген махаббатыңызды көрсете біліңіз, себебі ер адам үйінде өзін жақсы көретін әйелдің күтіп отырғанын көргісі келеді.

  • Мақтап тұруды ұмытпаңыз. Ер кісі мақтағанды ұнатады. Бұл оның табиғатына тән.

  • Сыйлық жасап тұруды естен шығармаңыз.

  • Тамақты дәмді әрі уақытылы дайындаңыз, себебі қарны аш адам ашуланшақ келеді. Мәселелеріңізді ол тойып, тынығып болған соң айтыңыз.

  • Өз-өзіңізге көңіл бөліңіз. Әдемі болып жүріңіз. Күйеуіңіз бен балаларыңыздың жағдайын жасаймын деп жүріп, өзіңізді «ұмытып» кетпеңіз.

  • Күйеуіңізді тәрбиелеуге тырыспаңыз. Ер адамдар өзіне бұйыра сөйлеп, жөнді-жөнсіз ақыл айта бергенді жек көреді.

  • Оған еркіндік беріңіз. Әрбір басқан қадамын аңдып, минут сайын қоңырау шалып, оның мазасын ала бермеңіз. Орынсыз қызғанышқа жол бермеңіз.

  • Күйеуіңізді бақытты еткіңіз келсе, оны ешқашан, еш уақытта ешкіммен салыстыра көрмеңіз.

  • Күйеуіңіздің ертіп келген қонағын тиісінше құрметтеңіз.

  • Тапқан ақшаңызды күйеуіңіздің алдында міндетсінбеңіз.

  • Күйеуіңізге ұнайтын нәрсені өзіңізге де ұнамды қылуға тырысыңыз.

  • Әйел кісі күйеуі өзінің жәннаты екенін әрдайым жадында ұстағаны жөн.

0 пікір