Құр­бан­ танымы
Құр­бан­ танымы
9 жыл бұрын 4334

 

«На­маз оқы жә­не құр­бан шал».

 

«Кәу­сәр» сү­ре­сі

 

«Адам ба­ла­сы құр­бан айт кү­нін­де (құр­бан ша­лып) қан ағы­зу­дан да сүйік­ті бас­қа іспен Алла Та­ға­ла­ға жа­қын­да­ған емес. Қа­ны ағы­зыл­ған мал қия­мет кү­ні мүйіздері, тұяқ­та­ры жә­не жүн­де­рі­мен келе­ді. Ағы­зыл­ған қан жер­ге там­бай жатып, Алла Та­ға­ла­ның құ­зы­рын­да үлкен ма­қам­ға же­те­ді. Сон­дық­тан құрбан­да­рың­ды кө­ңіл ри­за­шы­лы­ғы­мен шалың­дар».

 

Ха­дис шә­риф

 

 

Құр­бан (араб ті­лін­де) – «жа­қын­дау» де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Ал ша­ри­ғат­та­ғы тер­мин­дік ма­ғы­на­сы – Алла Та­ға­ла­ның ри­за­шы­лы­ғы­на жа­қын­дау ниеті­мен құр­бан айт күн­де­рін­де ша­лы­на­тын ар­найы мал­дың аты.

 

Құр­бан ша­лу­дың пайда­ла­ры мен хик­мет­те­рі

а) Алла Та­ға­ла­ның әмір­ле­рін орын­дау әр­дайым ри­за­шы­лы­ғы­на жа­қын­да­тып, ақы­рет­те сый-сыяпа­ты­на ке­нел­те­ді. Құр­бан ша­лу да Алла Та­ға­ла­ның ар­найы әмі­рі бол­ған­дық­тан бұл әмір­ді ықы­лас­пен орын­даушы Раб­бы­сы­ның ри­за­шы­лы­ғы­на қауы­шып, ана дү­ниеде жү­зі­ жар­қын бо­лып, мол сауабы­на шо­ма­ры сөз­сіз. Пай­ғам­ба­ры­мыз ха­ди­сін­де бұл ақи­қат­ты бы­лай деп тү­сін­ді­ре­ді: «Адам ба­ла­сы құр­бан айт кү­нін­де (құр­бан ша­лып) қан ағы­зу­дан да сүйік­ті бас­қа іс­пен Алла Та­ға­ла­ға жа­қын­да­ған емес. Қа­ны ағы­зыл­ған мал қия­мет кү­ні мүйіз­де­рі, тұяқ­та­ры жә­не жүн­де­рі­мен ке­ле­ді. Ағы­зыл­ған қан жер­ге там­бай жа­тып, Алла Та­ға­ла­ның құ­зы­рын­да үл­кен ма­қам­ға же­те­ді. Сон­дық­тан құр­бан­да­рың­ды кө­ңіл ри­за­шы­лы­ғы­мен ша­лың­дар».[1]

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бас­қа ха­дис­те­рін­де Алла ри­за­шы­лы­ғы үшін ша­лын­ған құр­бан­ның әр­бір қы­лы үшін сауап бар еке­нін бы­лай деп сүйін­ші­ле­ген: «Са­ха­ба­лар Ра­су­лі­міз­ге (с.а.у.):

– Уа, Алланың Ел­ші­сі, құр­бан­дық де­ген не? – деп сұ­рақ қойды.

Құр­бан­дық – сен­дер­дің Иб­ра­һим (а.с.) ба­ба­ла­рың­ның сүн­не­ті, – де­ді.

Одан біз­ге қан­дай сауап бар?

Әр­бір тал қыл­шы­ғы үшін сауап ала­сың­дар.

Қой­дың жү­ні­нен ше?

Қой­дың жү­ні­нің әр­бір тал қыл­шы­ғы­на да сауап жа­зы­ла­ды».[2]

Шын­ды­ғын­да, Алла Та­ға­ла біз­дің шал­ған құр­бан­да­ры­мыз­дың ағы­зыл­ған қа­ны­на не­ме­се еті­не мұқ­таж емес. Біз­дің шал­ған құр­бан­да­ры­мыз­дың еті не­ме­се қа­ны Алла Та­ға­ла­ның құ­зы­ры­на жет­пейді. Бі­рақ біз­дің оның әмі­рін ләб­байк деп орын­дауы­мыз­да­ғы ықы­ла­сы­мыз бен ниеті­міз­дің Алла Та­ға­ла­ға же­тіп, ри­за­шы­лы­ғы­на се­беп бо­ла­ры сөз­сіз. Бұл шын­дық­ты Құ­ран Кә­рім бы­лай деп баян­дайды: «Олар­дың (құр­бан мал­да­ры­ның) ет­те­рі де, қан­да­ры да Алла Та­ға­ла­ға жет­пейді. Бі­рақ Оған сен­дер­дің та­қуа­лық­та­рың ға­на же­те­ді».[3]

ә) Құр­бан ша­лу – Иб­ра­һим пай­ғам­ба­ры­мыз­дан (а.с.) жал­ға­сып ке­ле жат­қан сүн­нет. Иә, Иб­ра­һим пай­ғам­ба­ры­мыз (а.с.) Алла Та­ға­ла­ға бер­ген сө­зін­де тұ­рып, бауыр еті ба­ла­сы Ис­майылды Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы­ның жо­лын­да пи­да ете ала­тын­ды­ғын паш етіп, қиын сыннан өт­кен еді. Мі­не, құр­бан ша­лу сол бір ғиб­рат­ты оқи­ға­ның ұмы­тыл­мас кө­рі­ні­сі.

б) Адам ба­ла­сы құр­бан айтта құр­бан ша­лу ар­қы­лы Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы­ның өзі­не бер­ген сан­сыз нығ­мет­те­рі­нің шү­кі­рін өтеп, кү­нә­ла­ры­на ке­ші­рім ті­лейді.

в) Ру­ха­ният­тан ал­шақ бол­ған мы­на ма­те­риал­дық дү­ние­нің қыс­па­ғын­да қа­лып, та­рық­қан іш­кі дү­ние­міз бен кө­кі­рек са­райы­мыз құр­бан айтта­ғы ша­лын­ған мал­дар­дың өзен­дей ақ­қан қан­да­рын әр-әр жер­ден көр­ген уа­қыт­та пси­хо­ло­гия­лық тұр­ғы­дан әсер­ле­ніп, бойын­да­ғы ауыр­лық­тан же­ңіл­деп, кө­кі­ре­гін­де­гі қайғы-қа­сі­ре­тін ұмы­тып, ада­ми та­би­ға­тын­да бо­ла­тын ыза, кек, дұш­пан­дық сияқ­ты се­зім­дер­ден ары­лып, өне бойы же­ңіл­деп, сер­гіп қа­ла­ды.

г) Жа­ра­ты­лы­сын­да өзім­шіл­дік, са­раң­дық сияқ­ты кей­бір жа­ман си­пат­тар­дың дә­не­гі бар жал­пы адам ба­ла­сы құр­бан айтта тек қа­на Алла Та­ға­ла­ның ри­за­шы­лы­ғы үшін ке­дей бауыр­ла­ры­на жәр­дем бе­ру ар­қы­лы атал­мыш бо­лым­сыз си­пат­тар­дың дә­не­гі­нің тү­бін бал­та­мен шауып, оның ор­ны­на бойын­да­ғы бауыр­мал­дық, жо­март, кі­ші­пейіл сияқ­ты кә­міл­дік­тің бел­гі­сі са­на­ла­тын си­пат­тар дә­не­гі­нің өніп-өсіп, же­ті­луі үшін су се­бе­ді.

д) Дү­ние жү­зін­де жы­лы­на мил­лион­да­ған мал сойылу­да. Бі­рақ бұл сойыл­ған мал­дың ет­те­рі­нен көп­те­ген ке­дей-кеп­шік мақ­рұм қа­лу­да. Мі­не, құр­бан айтта осы ке­дей, жағ­дайы на­шар адам­дар­дың жү­зі­не күл­кі кі­ріп, шат­тық байра­ғы жел­бі­рейді. Бір адам­ның кө­ңі­лі­не шат­тық бе­ріп, жү­зі­не күл­кі кір­гі­зу қан­дай ба­қыт... Алла Та­ға­ла ақы­рет­те бә­рі­міз­дің жү­зі­міз­ді жар­қын қы­лып, кө­ңі­лі­міз­ді шат­тан­дыр­сын! Әмин!

[1] Тирмизи, Адахи,1.
[2] Ибну Мажә, Сәуәбул-адахи, 3118.
[3] Саффат, 37/107.

0 пікір