Құмырсқаның әсерімен Ислам дінін қабылдады
Құмырсқаның әсерімен Ислам дінін қабылдады
7 жыл бұрын 6890 www.khayma.com

Бұл оқиға Құранның ғылыммен қайшылығын анықтағысы келген мұсылман емес бір топ ғалымдар жайында. Олар өз ізденістерін Исламды қаралау мақсатында жүргізгені анық.

Бірінші мәселеде олар зерттеулерінің негізі болатын аятты қарастыра бастады. Сөйтіп нысанасы ретінде «Нәміл» сүресінің 18-ші аятын алды. Дәлірек айтар болсақ, сол аяттағы «لَا يَحْطِمَنَّكُمْ» (лә яхтыманнакум) сөзін. Бұл сөздің түп негізгі яғни, мағынасы: "Сендерді сындырмасын" деп келеді. Алайда, Құранның аудармаларында, әсіресе орысша аудармаларда, бұл сөз «сендерді таптап кетпесін» деп аударылған.

حَتَّى إِذَا أَتَوْا عَلَى وَادِي النَّمْلِ قَالَتْ نَمْلَةٌ يَا أَيُّهَا النَّمْلُ ادْخُلُوا مَسَاكِنَكُمْ لَا يَحْطِمَنَّكُمْ سُلَيْمَانُ وَجُنُودُهُ وَهُمْ لَا يَشْعُرُونَ

«Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) мен оның әскері құмырсқаның ойпатына келген сәтте, бір құмырсқа: «Әй, құмырсқалар! Ұяларыңа кіріңдер. Сүлеймен, оның әскерлері сендерді білмей таптап кетпесін», - деді». («Нәміл», 18-аят)

Исламды айыптауға құштар болған ғалымдардың бастары көкке жетті. Міне, міне олардың іздегендері! Неге?

Араб тіліндегі «حَطَمَ» (хатама) етістігінің негізгі мағынасы: "сындыру, талқандау, ұнтақтау". Ал "Құмырсқалар қалайша сынуы немесе талқандалуы  мүмкін?! Демек, Құранда қате бар" деп ойлайды ғалымдар.

Құранның кемшіліктерін іздеген ғалымдар сол сәтте-ақ өз «жаңалықтарын» әлемге жаяды.

Алайда осы оқиғадан соң көп өтпей құмырсқаларды зерттеумен айналысатын австраиялық бір биолог Құранда айтылғанның ақиқат екеніне көз жеткізді. Зерттеуінің нәтижесінде ол құмырсқаның денесіндегі шиша мөлшері өзге нәрселердің құрамынан басым болатынын анықтап, құмырсқаның сынатынын дәлелдеді. Нәтижесінде Ислам дінін қабылдады.

 

0 пікір