Қалай түшкіру керек? Пайғамбарымыз қалай түшкірген?
Қалай түшкіру керек? Пайғамбарымыз қалай түшкірген?
4 жыл бұрын 6673
Абдусамат Қасым

Бұ күндері соңғы жағдайға байланысты сақтық шаралары үйретіліп жатқаны белгілі.  Соның ішінде түшкірген кезде ауызды бет орамалмен немесе қолмен жауып түшкіру керектігі баса айтылуда. Бұлай түшкіру әдебін ардақты Пайғамбарымыз 14 ғасыр бұрын мұсылмандарға үйретіп кеткенін бірі білсе, бірі білмейді.  

Имам Тирмизидің хадистер жинағында келтірілген бір риуаятта сахаба Әбу Һурайра былай дейді:

 أنَّ النبيَّ صلَّى اللهُ عليه وسلَّمَ ؛ كان إذا عطِس ، غطَّى وجهَهُ بيدِهِ ، أوْ بثوبِهِ ، وغضَّ بها صوتَهُ

«Пайғамбарымыз (с.а.у.) түшкірген кезде бетін қолымен немесе киімімен жабатын және түшкіргенде даусын бәсеңдететін (яғни, даусын қатты шығармайтын)»[1].

Демек, Исламдағы түшкіру әдебі бойынша:

  • Бет орамалмен бет-ауызды жабу керек.
  • Бет орамал жоқта қолмен жабылады.
  • Даусын қатты шығармау, барынша бәсеңдету.
  • Түшкіргеннен кейін «әлхамду» айту ("әлхамдулиллаһ" деу).

 islam.kz


[1] Имам Тирмизи: «Сүнән»; Әбу Дәуід: «Сүнән».

0 пікір