Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ғылыммен расталған 9 сүннеті
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ғылыммен расталған 9 сүннеті
7 жыл бұрын 8060 islam.com.ua
Аударған Меруерт БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) ғылыммен расталған  бірқатар амалдарын бірге қарастырайық.

 

Ерте тұру

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) ерте жатып, әр күні таң намазының азанымен оянатын. Бүгінгі ғылым да адамның ерте тұруы оның күні бойы сергек жүруіне, жоғары бесенділікте болуына және  тұтастай алғанда жақсы психикалық жағдайда болатынын дәлелдеді.

Сондықтан тіпті ерте тұру басында қиын болса да, кем дегенде 15 минут  бұрын ертерек тұра бастаса, ағза біртіндеп бейімделе бастайды. Сіздің  15 минутыңыз-өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы қарышты қадам жасауыңыз болмақ.

 

Ерте тұру үшін не істеуіміз қажет?

- Ең маңызды істеріңізді таңертеңге жоспарлаңыз (себебі, осыған бола оянып, соны қолға алу үшін);

- Телефонды өшіріңіз (не үшін екендігін өзіңіз білесіз);

- Сағатты төсектен қашық қойыңыз (қайта ұйықтап қалмау мақсатында);

- Сізге көрпенің асты жылы болуы керек, бірақ бөлме температурасы + 16-21 ° C болуы тиіс.

- Ұйықтар алдында су ішіңіз (бұл денеңізді босаңсытып әрі жаңаруына көмектеседі);

- Толықтай қараңғылықта ұйықтаңыз (ұйқы гормоны мелатонин қараңғыда өндіріледі);

- Өзіңізге тамаша таңғы ас дайындаңыз (соған дайындалып, асығу үшін).

 

Тамақтағы  мөлшер

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) дерттің алдын алу үшін тамақ рационына ерекше мән беріп, оның маңыздылығын айқындаған, ал ғылымның өзі тек ғасыр өткен соң ғана оның дұрыс екенін дәлелдеді. Жалпы Ислам қағидасы «асқазанның үштен бірін тағамға, үштен бірін сұйықтыққа және қалған бір бөлшегін ауаға» қалдырады. Бұл «харахачибу» жапондық принципіне, яғни, «асқазанға 80%-ға толтыр» деген қағидаға жақын келеді.

 

Асықпай тамақтану

Енді бізге белгілі миға асқазанның толуына байланысты белгінің жетуі үшін ағзаға 20 минут қажет. Асықпай желінген тамақ ас қорытуды жақсартады, сізге аз жеуге мүмкіндік береді  және бұл - Мұхаммед пайғамбардың  (с.а.у.) өзі жасап әрі өзгелерге ұсынған жолы.

 
Саналы тамақтану

"Бірге жеңдер немесе топпен, алайда бөлек емес", -деген Алла Елшісі (с.а.у.). Сондықтан бірлескен тағам және дәмді тамақтан  ләззат алу стрессті азайтады әрі отбасылық және романтикалық қарым-қатынасты нығайтып, балаларға салауатты тамақтану дағдыларын үйрететіндігі дәлелденген.

 

Дұрыс сусындау

Пайғамбарымыз (с.а.у.):  «Түйе сияқты барлығын бір сәтте ішпеңдер, бірақ екі немесе үшке бөліп ішіңдер»,- деген. Алла Елшісінің (с.а.у.) өзі тұп-тура осылай ішкен. Заманауи ғалымдар отырған орнында бірден барлығын ішу ағзаның тепе-теңдігін бұзып, бас ауруы мен  бас айналуына себеп болатындығын зерделеді. Баяу түрде бөліп ішу, ағзаға сұйықтықтың дұрыс сіңіруін қамтамасыз етеді.

 

Анар

   Анар - Алла Елшісінің (с.а.у.) ең сүйікті жемістерінің бірі болған. Қазіргі замандағы ғылыми зерттеулер анардың жер шарындағы ең пайдалы жеміс екендігін анықтады. Онда метаболизм үдерісінде сүйек құрылымын қалыптастыруға көмектесетін марганец  пен сұйықтық балансын сақтауға қатысатын және жасуша қабырғаларының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін калий бар. Анар жүрек-қан тамырлары аурулары қарсы қорғауды қамтамасыз ететін антиоксинадтарға бай.

 

Анардың пайдасы:

- Ас қорытудың бұзылу белгілерін жеңілдетеді.

- Жүрек-қан тамырлары ауруларынан қорғайды.

- Қатерлі ісіктің алдын алады.

-Тістің бұзылуын реттейді.

- Қаназдық  белгілерін азайтады.

- Мезгілі жетпей босанудың алдын алады.

-Теріні нәзік әрі балғын етеді.

- Депрессияны жеңуге көмектеседі.

 

Ораза

Пайғамбарымыз (с.а.у.) тек рамазан айында ғана емес  басқа күндерде де, мәселен дүйсенбі, бейсенбі күндері, әр айдың 13, 14, 15 күндері үздіксіз ораза ұстаған. Оны  заманауи ғылым тілімен айтқанда үзік ашығу деп аталады. Оның дәделденген бірқатар пайдалары бар: гормондардың деңгейін реттейді, стрессті болдырмайды, қабынуды азайтады. Біз өз ағзамызға  аз мөлшерде  тамақты жүктеген  сайын, ол  ас қорыту мен өзін-өзі емдеумен айналысады.

 
Құрма

Құрма-қандағы қант деңгейін және электролиттердің  балансын реттейді,  негізгі өнімдерді пайдалану алдында ас қорыту жүйесін бастауға көмектеседі. Алла Елшісі (с.а.у.) әйелдерге босанар алдында құрма жеуге кеңес берген. Біз қазір кезде құрманың ағзадағы  окситоцин өндірісін арттыруға және жеңіл босануға  себепші болатындығын білдік.

 

Құрма денсаулыққа несімен пайдалы?

-Жатыр ісігінің алдын алады.

- Ішектің жұмысын қалыпқа келтіреді,  іш өтуін ретке келтіреді.

-Сүйекті бекітеді.

-Қаназдықпен күреседі.

- Аллергиялық реакцияны азайтады.

- Салмақты қалыпқа келтіреді.

- Энергиямен қамтамасыз етеді.

- Жүйке жүйесін ретке келтіреді, жыныстық төзімділікті арттырады.

- Инсульт қаупін азайтады.

-Көздің көрмеу қаупімен күреседі.

Белсенді өмір салты

Исламның бес парызының үшеуін орындау қуатты денсаулық пен физикалық сергектікті талап етеді. Намаздың өзі бұлшық еттер мен буындардың қозғалысына бағытталған физикалық жаттығудың бір түрі болып табылады. Ораза мен қажылық та қуатты денсаулықты талап етеді.

Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) дене жаттығуларымен айналысуды құптаған және ата-аналарына балаларының «атқа міну және садақ ату, суға жүзуді үйрену» сияқты дене тәрбиесімен айналысуын насихаттаған.

 

Намаздың физикалық пайдасы:

Тұру(қиям):

- Арқа ауруын 25% -ға азайтады.

- 52% -ға тізе ауруын азайтады.

- 32% -ға тобық ауырсынуын азайтады.

- Аяқ саусақтарының ауруын 22% -ға азайтады.

 

Рукуғ:

-Бел ауруын 18% -ға азайтады.

- 31% -ға жамбас буындарының ауруын азайтады.

- 63% -ға тізе ауруын азайтады.

- 32% -ға тобық ауруын азайтады.

- Аяқ саусақтарының  22% -ға азайтады.

 

Сәжде:

-Бел ауруын 24% -ға азайтады.

-27% -ға тобық ауруын азайтады.

-Аяқ саусақтарының ауруын 13% -ға азайтады.

-58% -ға тізе ауруын азайтады.

-28%-ға  білезік ауырсынуын азайтады.

 

Отырыс:

-Бел ауруын 37% -ға азайтады.

-Аяқ саусақтарының ауруын 17% -ға азайтады.

-53% -ға тізе ауруын азайтады.

 

0 пікір