Пайғамбар медицинасында инфекциядан сақтану жолдары
Пайғамбар медицинасында инфекциядан сақтану жолдары
7 жыл бұрын 4598
Нұрбол Қалдыбеков

Тек микроскоппен ғана көрінетін және өмірге өте қатерлі ауру түрлеріне себеп болуы мүмкін микробтарға қатысты кей ескертпелерді Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерінен кездестіреміз.

Әбу Мұса әл-Әшғариден (р.а.) риуаят етілген бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Үмбетіме қатер қылыш пен обадан келеді”, - деген кезде бір сахаба: “Уа, Расулалла, қылышты білеміз, ал оба деген не нәрсе?” – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Көзге көрінбейтін жын секілді дұшпандарымыздың астыртын зиянкестігі. Бұлардың бәріне де шейіт сауабы жазылады”, - деп бұйырады.

Алла елшісі (с.а.у.) жұқпалы аурулардан сақтануда бес пен қоршаған орта тазалығын сақтаумен қатар, басқа да түрлі кеңестер берген. Осы мәселелерді назарға алып пайымдар болсақ, микроорганизмдер жайлы алғаш түсіндірме жасаған Пайғамбарымыз (с.а.у.) екендігін байқаймыз. Ол обаның жай көзге көрінбейтін зиянды күші барын, білінбей тарайтынын және аурудың етек алуын тоқтатуда карантин қажет екенін атап айтқан. Бұған қоса, мұндай микробтардың адам ағзасына сырттан жұғатынын ишара етіп ескерткен.

 

Жұқпалы ауруға шалдыққан адамнан қашық болу

ХІХ ғылымның ілгерілеуінің арқасында ауадағы ұсақ тозаң мен микроорганизмдерді микроскоппен көре алатындай мүмкіндікке қол жеткіздік. Соның нәтижесінде науқас пен басқа адамдардың арасын белгілі дәржеде ұзақ ұстау керектігі медициналық ереже болып қалыптасты. Медицина тарихында науқас адамдарға тым жақындамау мәселесінде алғаш рет Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Алапеске шалдыққан адамнан жыртқыш хайуаннан қашқандай қашыңдар (яғни қорғаныңдар). Алапес адам бір жерге баратын болса, сендер басқа жаққа кетіңдер. Алапеске шалдыққан науқасқа көп қарай бермеңдер. Олармен сөйлескен кезде де араларыңда бір немесе екі найза бойы қашықтықты ұстаңдар» деген хадис шәріп арқылы ескерту жасайды. Бүгінгі күні медицина мамандары бұл қашықтықтың 70-80 сантиметрден кем болмауына кеңес береді.

 

Карантин

 

Адамзат тарихында өмірге қауіп төндірген, жаппай қазаға әкеп соқтырған оба, безгек және басқа да кеселді дерттерден миллиондаған адам көз жұмған. Өткен ғасырлардағы жалпақ жұртты жайлаған індет қасіреттері үрей туғызғаны ақиқат. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұған қатысты сөздеріне назар аударарлық: «Бір жерде оба ауруы шыққанын естісеңдер, ол жерге бармаңдар. Егер бір жерде оба дерті шығып, сендер сол жерде болсаңдар, аурудан қашу үшін басқа жерге шықпаңдар. Обадан қашқан адам соғыстан қашқан адамдай күнәға батады. Ал сабыр етіп, оба шыққан жерден кетпей ажал тапқан адамға шейіт сауабы жазылады». Пайғамбарымыз бұл хадисінде обадан қашқан адамды соғыстан қашқан кісіге теңеп, аурудан сақтанбаудың салдары қандай болатынын ескерткен.

Алла елшісі (с.а.у.) науқас адамдардың кеселін сау адамдарға жұқтырмау үшін карантин жариялауға кеңес бергені секілді, ауру малдарды да сау малдың қасына қосуға тыйым салған. Бір хадис шарифте: «Ауруға шалдыққан малды иелері сау малдың жанына қосып жүрмесін», - деп бұйырады.

Індет – арты өлімге апаратын қауіпті дерт. Оба, безгек, қызылша, шешек, спид және басқа да кейіннен мәлім болатын жұқпалы аурулардың бәрі індет деп аталады. Жұқпалы аурулардың қайсысына болмасын Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Науқасқа жақындаудың қаупі зор», - деп ескертеді. 

0 пікір