Ол Құранда бұрыннан бар: Сәбидің жынысы
Ол Құранда бұрыннан бар: Сәбидің жынысы
8 жыл бұрын 13741

Адамдар көпке дейін сәбидің жынысы аналық клеткалар тарапынан айқындалады деп есептеп келген. Алайда, VII ғасырда түскен Құран Кәрімде бұл мәселе туралы басқаша мағлұмат беріліп, сәбидің жынысы құрсаққа құйылған аталық спермотозоидтан жаратылғаны айтылады:

«Алла Тағала ер мен әйел жұбын тамызылған бір тамшы шәуеттен жаратты» («Нәжім» сүресі, 45-46).

Құранда баяндалған бұл деректің растығы генетика мен микробиология ғылымдарының дамуы нәтижесінде дәлелденіп отыр. Жыныс еркектен келетін аталық клетка тарапынан айқындалады, ал әйел ағзасы бұл жерде ешқандай рөл ойнамайды.

Жыныс – адам ағзасындағы хромосомаларға байланысты. Ағзадағы барлығы 46 хромосоманың екеуі – жыныс хромосомалары деп аталады. Бұл екі хромосома еркектерде ХУ, әйелдерде ХХ ретінде белгіленеді. У хромосомасы еркектік, ал, Х хромосомасы әйелдік гендерді тасиды.

Адам баласының түзілуі жұптала жүретін осы хромосомалардың еркек пен әйелдің бір-бір жұптарының бірігуі арқылы жүзеге асады. Әйелдегі бұл жұптың екеуі де Х болса, еркектерде біреуі Х, екіншісі У болады. Демек, жаңа жаратылған сәбидің еркек немесе әйел болуы – ана ағзасындағы Х хромосомасының аталық клеткадағы У немесе Х хромосомасымен бірігуіне байланысты болмақ.

0 пікір