Маса жайлы мәлімет
Маса жайлы мәлімет
10 жыл бұрын 35477 islam.kz mygazeta.com
Нұрқанат Байзақ

Алла Тағаланың жаратқан әлеміне адамзат баласы әлі күнге дейін таңдай қағуда. Әрбір жаратылысынан керемет үйлесімділік пен шеберлікті көргенде таң қалмауға шара жоқ. Барлық тіршілік иесі өз міндетін қалтқысыз атқаруда. Барлығы да Алла Тағаланың белгілеп қойған заңымен жүреді. Сондай жаратылыстардың ішіндегі маса деген жәндіктің тіршілігіне көз тастап көрейікші.

Маса – Алла тағаланың керемет дәлдікпен жаратқан майда жәндігі. Ол жанды мақұлықтардың қанымен қоректенеді.

Маса - ұзынмұрттылар (нематоцера), қосқанаттылар отрядының бір тармағы. Мұртшалары ұзын, көп бунақты (7 – 65-ке дейін) болып келеді. Бас капсуласы жақсы жетілген. Ересек түрі ұшып шығар алдында қуыршақ қабығын арқа жағынан бойлай сөгіп шығады. Олардың негізгі тұқымдастары: ұзын сирақты масалар, беріш масалар, қансорғыш шіркейлер, ызылдауық масалар болып табылады.

Ұзын сирақты масалардың 1500-ге жуық түрі бар. Ұзындығы 12 - 30 мм болады. Аяқтары жіңішке әрі ұзын. Олар қара шірікпен, өсімдіктердің тамырымен, балдырлармен қоректенеді. Беріш масалардың 4000-ға жуық түрі бар. Ұзындығы 1- 5 мм. Ересек түрлері көп өмір сүрмейді, қоректенбейді де. Дернәсілдері құрт тәрізді,  аяқтары болмайды, топырақта орман төсеніші мен шіріген сүректе тіршілік етеді. Саңырауқұлақ мицелийін сору арқылы қоректенеді. Дернәсілдердің келтірген зардабынан (шығарған ферменттерінің әсерінен) өсімдіктің жапырақ, сабақ ұлпалары, қалыптан тыс ұлғайып өсіп, үстінде бұзғынша (галла) деп аталатын көптеген ісіктер пайда болады.

Гессен шыбыны, тары құмыты, қарақат құмыты масалардың негізгі өкілдеріне жатады.

Масалардың Қазақстан “Қызыл кітабына” 5 түрі тіркелген. Қансорғыш масалардың 2500-ге жуық түрі бар. Ұзындығы 8 мм-ге дейін жетеді. Денесі және қанаттары қабыршақпен қапталған. Ауызы соруға бейімделген. Аталықтары өсімдік шырынымен, аналықтары адамның және сүтқоректілердің қанымен қоректенеді. Дернәсілдері ақпайтын суларда жақсы дамиды. Төрт рет түлейді. Адамға безгек плазмодиясының барлық түрін жұқтырады. Москиттер немесе үнсіз масалар туысының 130-дан аса түрі бар. ұзындығы 1,3-3,5 мм болады. Денесі түкпен қапталған. Ересек түрлері сүтқоректілер індерінде, адамның мекен-жайын, ал дернәсілдері органикалық қалдықтарға бай жерлерде тіршілік етеді. Сондай-ақ олар лейшманиоз ауруын таратушылар болып табылады.

Біздің көбіне көзін жоюға тырысатын масамыздың Қасиетті Құранда баян етілгенін біреу білсе, біреу білмейді. Қасиетті Құранда мынадай аят бар:

«Расында Алла масаны (шіркейді), одан да зорғыны мысал келтіруден ұялмайды. Мүміндер оның Раббыларынан түсірілген ақиқат екендігін біледі. Ал енді қарсы болғандар: «Алланың бұл нәрселерді мысалға келтірудегі мақсаты не?» - дейді. Алла ол мысал арқылы (оған иланбаса) көптегенді адастырып, әрі онымен (оған иланса) көптегенді оңғарады. Ал адастырғанда тек бұзықтарды ғана адастырады». («Бақара» сүресі, 26-аят)

Қазіргі ғылым саласы масаға байланысты келесідей ерекшеліктерді атайды:

- масаның бас жағында 100 көз, аузында 48 тіс, ішкі бөлігінде 3 жүрегі болады. Тұмсығында әрқайсысы әртүрлі қызмет атқаратын 6 кескіші, сонымен қатар екі жағында 3 қанаттан орналасады.  

- қараңғыда адамның терісін анықтап, оған сия түсті түс беретін арнайы мүшесі болады;

- қанның кез-келген түрін сорып ала бермейді, сондықтан да қанды жіктеп, оның құрамын анықтайтын тағы бір мүшесі бар;

- соруға ыңғайлы әрі оңай болу үшін қанды сұйылтатын тағы бір қызмет атқарады;

- адамның терлегеннен кейінгі иісін 60 км арақашықтықта сезеді;

- қан соратын мүшесін адамның терісіне кіргізгенде адам сезбейді. Тек қан тұмсығы арқылы өтіп жатқанда ғана адам сезуі мүмкін.

Міне біз біле бермейтін, көзге түсіп көріне бермейтін маса секілді майда жәндіктің осындай кереметтері бар екендігіне көзіміз жетті. Қазіргі ғылым саласы енді дәлелдеп жатқан масаның кереметтері 14 ғасыр бұрын Қасиетті Құранда баян етіліп кеткен. Онысын Құрандағы масаны өзгелерге мысал етіп көрсетуге ұялмаймыз (тұрарлық) деген мағынадағы аяттан байқаймыз. Біз білетін масаның пайдасынан зияны көп. Бірақ біз біле бермейтін пайдалы тұстары көп болуы мүмкін. Әйтпесе Қасиетті Құранда ерекше айтылмаса керек-ті. Анығын Алла Тағала біледі.

4 пікір