Жын ұрған адамға қандай аяттарды оқыса болады?
Жын ұрған адамға қандай аяттарды оқыса болады?
3 жыл бұрын 9565
А. Қасым

Сахаба Убай ибн Кәъб былай деп әңгімелейді:

«Пайғамбарымызбен бірге едім (ғалейһиссәләм). Бір бәдәуи араб келіп:

- Уа, НәбийАлла! Менің бір бауырым бар. Ол ауырып жүр, - деп айтты.

- Қандай ауру? – деп сұрады Алла елшісі

- Жын тиген (немесе жындылық), - деді әлгі бәдәуи.

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

- Оны маған алып кел, - деді де, (алып келгеннен кейін) Пайғамбарымыз (с.а.у.) оны өзінің алдына жатқызды. Одан соң Алла елшісі оған мына Құран аяттарын оқыды:

  1. Фатиха сүресін.
  2. Бақара сүресінің алғашқы төрт аятын.
  3. (Бақара сүресінің) мына екі аятын: « وَإِلَهُكُمْ إِلَهٌ وَاحِدٌ» (Бақара-163) және «Аятуль курсиді» (Бақара-255).
  4. Бақара сүресінің ақырғы үш аятын (Бақара-284, 285, 286 аяттар).
  5. Әли Имран сүресінен бір аят: «شَهِدَ اللَّهُ أَنَّهُ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ...» (Әли Имран-18 аят).
  6. Ағраф сүресінен бір аят: «إِنَّ رَبَّكُمُ اللَّهُ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ...» (Әли Имран-54).
  7. «Мүминун» сүресінен бір аят: «فَتَعَالَى اللَّهُ الْمَلِكُ الْحَقُّ...» (Мүминун-116).
  8. Жын сүресінен бір аят: «وَأَنَّهُ تَعَالَى جَدُّ رَبِّنَا...» (Жын-3).
  9. Соффат сүресінің алғашқы он аяты.
  10. Хашр сүресінің ақырғы үш аяты. (Хашр-22, 23, 24).
  11. Құл һуалланы (Ықылас сүресі).
  12. Фалақ пен Нас сүрелерін.

(Осыларды оқығаннан кейін) Әлгі адам еш ауырмаған адам сияқты орнынан тұрды» - деп сөзін аяқтайды ардақты сахаба (радияллаһу анһ)[1].

Сондай-ақ, Мәкхульден (р.а.) жеткен "мүрсәл" хадистердің бірінде былай делінген:

"Алла елшісі (ғалейһиссәләм) Меккеге кірген кезінде Оны (с.а.у.) жындар қарсы алды. Олар оған қарай от ұшқынын лақтыра бастады (شَرَرٌ). Сонда Жебірейіл періште (ғ.с.) Пайғамбарға:

- Уа, Мұхаммед! Алладан пана тіле (немесе дұғалар оқы), - деді. Пайғамбарымыз мына сөздерді айтып дұға оқып, (ол дұға) олардың бетін қайтарды. Ол былай деп оқыған еді:

«Әъузу бикәлимәәтилләәһит тәәммәәти мин шәрри мә холәқ. Әлләтии лә южәуизуһуннә биррун уә лә фәәжирун мин шәрри мә янзилу минәс сәмәә-и уә мәә яъружу фиһәә. Уә мин шәрри мәә бәссә филь-Ардый уә мә яхружу минһә. Уә мин шәрриль ләйли уән нәһәәри. Уә мин шәрри күлли тоориқин, Илләә ториқон ятруқу бихойрин, Йә Рахмәну!»[2].

 islam.kz 


[1] Әл-Хәкими: «әл-Мүстәдрак». №8319 хадис.
[2] Алауддин әл-Һинди: «Кәнзуль Ъуммәл» – Ъаузәтуль Жинн. 2/264 бет.

0 пікір