Жұма күнінің қасиеттілігі
Жұма күнінің қасиеттілігі
5 жыл бұрын 6002

1. Шынында Алла Тағала әр Жұмада тозақ отынан алты жүз мың адамды азат етеді.

2. Жұма күні күнә істелінбесе, қалған күндері әртүрлі айыптардан ада болады.

3. Жұманың түні мен күндізінде қайтыс болғандарға Алла тағала бір шейіттің сауабын жазады, әрі оларды қабір азабынан сақтайды.

4. Жұма күні дәрет алған жақсы. Бірақ жуынған одан да жақсы.

5. Шынында Жұма күні дұға қабыл болатын бір сәт бар. Жасаған дұға-тілегі сол сәтке тура келген мұсылманның Алла сұрағанын береді.

6. Адамдар мына үш нәрсенің жақсылығын білгенде, оны жасау үшін түйелер сияқты жарысар еді. Ол үш нәрсе мыналар: Азан оқу, намазда бірінші сапта тұру және жұма намазына ерте бару.

7. Жұма күні періштелер қолдарында күміс парақшалар мен алтын қалам ұстап, мешіттердің есігінде отырып, алғашқы келгендерді кезегімен жазып отырады.

8. Кім жұма күні киімін тазалап, жуынып, мешітке ерте бастан барса және имамға жақын отырып (оқылған құранды не айтылған уағызды) тыңдаса, онысы екі жұма арасы және қосымша үш күндік күнәларына кәффәрат болады.

Имам Ғазали, «Ихия улумиддин».

Islam.kz 

0 пікір