Һә­ди дегеніміз не?
Һә­ди дегеніміз не?
9 жыл бұрын 3881
Қа­жы­лық­та жә­не ум­ра­да ша­лы­на­тын құр­бан­дар

Алла Та­ға­ла­ның ри­за­лы­ғы үшін не­ме­се қа­жы­лық ғи­ба­да­тын­да­ғы бір кем­ші­лік­ке байла­ныс­ты не­ме­се их­рам­ның тыйым­да­ры­ның біреуін бұ­зу сал­да­ры­нан жа­за (кәф­фа­рат) ре­тін­де Ха­рам аума­ғын­да ша­лы­ну шар­ты­мен алы­нып кел­ген не­ме­се ақ­ша­сы жі­бе­ріл­ген құр­бан­ға һә­ди де­лі­не­ді.

Алла Та­ға­ла Құ­ран Кә­рім­де: «Егер (ауру-сыр­қау, жол қауіп­сіз­ді­гі сияқ­ты бө­гет­тер­ден) аман­шы­лық­та бол­саң­дар, қа­жы­лық­қа дейін ум­ра­ны орын­да­ған кі­сі жағ­дайына қа­рай құр­бан шал­сын»,[1] – деп, һә­ди құр­ба­нын ша­лу­ды та­лап ете­ді.

Тә­мат­туғ не­ме­се қи­ран қа­жы­лы­ғын орын­да­ған­дар­дың ум­ра­мен бір­ге қа­жы­лық­ты да орын­да­ған­да­ры үшін шү­кір ре­тін­де құр­бан ша­лу­ла­ры – уә­жіп.

Иф­рад қа­жы­лы­ғы не­ме­се тек қа­на ум­ра ғи­ба­да­тын орын­да­ған­дар­ға кәф­фа­рат құр­ба­ны­нан тыс құр­бан ша­лу­ла­ры уә­жіп емес. Бі­рақ нә­піл құр­бан ша­лу­ла­ры­на бо­ла­ды.

 

Һә­ди құр­бан­да­ры екі­ге бө­лі­не­ді: уә­жіп жә­не нә­піл

а) Нә­піл құр­бан

Қа­жы­лық не­ме­се ум­ра ғи­ба­да­тын орын­даушы­лар­дың мойын­да­ры­на уә­жіп бол­ма­са да, сауап үшін ша­ла­тын құр­ба­ны­на «нә­піл құр­бан» де­лі­не­ді. Тек қа­на Иф­рад қа­жы­лы­ғын не­ме­се ум­ра ғи­ба­да­тын орын­даушы­лар­дың нә­піл құр­бан ша­лу­ла­ры – мұс­та­хап.

 

б) Уә­жіп құр­бан

  1. Тә­мат­туғ жә­не қи­ран һә­диі – Тә­мат­туғ жә­не қи­ран қа­жы­лы­ғын орын­да­ған­дар­дың бір жыл­да қа­жы­лық айла­рын­да ум­ра жә­не қа­жы­лық­ты бір­ге орын­да­ған­да­ры үшін шү­кір ре­тін­де ша­ла­тын уә­жіп құр­бан.
    1. 2.  Жа­за һә­диі – Қа­жы­лық жә­не ум­ра­ның уә­жіп­те­рі­нің біреуі­нің орын­дал­май қа­луы не­ме­се бел­гі­лен­ген уақы­тын­да орын­дал­мауы, их­рам жә­не Ха­рам аума­ғы­ның тыйым­да­рын бұ­зу сал­да­ры­нан кәф­фа­рат ре­тін­де ша­лы­на­тын уә­жіп құр­бан.
    2. 3.  Их­сар һә­диі – Қа­жы­лық не­ме­се ум­ра­ға ниет етіп, их­рам­ға кір­ген­нен кейін әр түр­лі бө­гет­тер­ге байла­ныс­ты Қағ­ба­ны тауап жә­не Ара­фат­та уақ­фа жа­сай ал­май­тын адам­дар­дың их­рам­нан шы­ғу үшін ша­ла­тын уә­жіп құр­бан.
    3. 4.  Нә­зір һә­диі – Ха­рам аума­ғын­да ша­лы­нуы үшін сөз бе­ріл­ген уә­жіп құр­бан.

 

Һә­ди құр­ба­ны­ның ша­лы­на­тын ор­ны мен уақы­ты

Нә­піл бол­сын, уә­жіп бол­сын бар­лық һә­ди құр­бан­да­ры Ха­рам аума­ғын­да ша­лы­на­ды. Құр­бан айт­тың үшін­ші кү­ні­нің ақ­ша­мы­на дейін ша­лы­на­тын құр­бан­дар­дың – Ми­на­да, бас­қа күн­дер­де ша­лы­на­тын құр­бан­дар­дың – Мек­ке­де ша­лы­нуы аб­зал.

Имам Әбу Ха­ни­фа бойын­ша, тә­мат­туғ жә­не қи­ран құр­бан­да­ры­ның құр­бан айт­тың үшін­ші кү­ні ақ­шам­ға дейін ша­лы­нуы – уә­жіп, ал Имам Әбу Юсуп жә­не Имам Мұ­хам­мед бойын­ша, сүн­нет. Имам Әбу Ха­ни­фа­ның көз­қа­ра­сы­на сүйен­сек, үзір се­беп­те­рі­нен тыс осы күн­дер­де ша­лын­бай қал­ған тә­мат­туғ жә­не қи­ран құр­бан­да­ры­ның ор­ны­на кейін бас­қа уа­қыт­та екі құр­бан ша­лы­на­ды. Біреуі қа­за ре­тін­де, ал, екін­ші­сі жа­за ре­тін­де.

Тә­мат­туғ, қи­ран жә­не нә­піл құр­бан­да­ры­ның еті­нен бар­лық адам­дар­дың жеуле­рі­не бо­ла­ды. Ал жа­за жә­не их­сар, нә­зір құр­бан­да­ры­ның еті­нен тек қа­на ке­дей­лер жейді. Иеле­рі­не жә­не өзі­нің қол ас­тын­да­ғы қа­рауға мін­дет­ті адам­да­ры­на, жал­пы бай­лар­ға жеуге бол­майды.

 

Құр­бан ша­лу­ға жағ­дайы кел­мей­тін­дер не іс­тейді?

Тә­мат­туғ не­ме­се қи­ран қа­жы­лы­ғын орын­да­ған­дар мойын­да­ры­на уә­жіп бол­ған шү­кір құр­ба­нын ша­лу­ға мүм­кін­ші­лік­те­рі бол­ма­ған жағ­дайда 10 күн ора­за ұс­тайды. Он күн­нің үш кү­ні қа­жы­лық уақы­тын­да, же­ті кү­ні қа­жы­лық айла­ры­нан кейін. Қа­жы­лық айла­рын­да ұс­та­ла­тын үш күн ора­за их­рам­ға кір­ген­нен кейін құр­бан айт­тың ал­ғаш­қы кү­ні­не дейін ұс­та­луы тиіс. Тә­мат­туғ қа­жы­лы­ғын­да бұл үш күн­ді ум­ра их­ра­мы­нан кейін, қа­жы­лық их­ра­мы­на кір­мес бұ­рын ұс­тауға бо­ла­ды.

Үш күн ора­за ұс­та­ған­нан кейін, их­рам­нан (шаш ал­ды­рып яки қыс­қар­тып) шық­пай тұ­рып, құр­бан ша­лу күн­де­рін­де уә­жіп құр­бан­ды ша­лу­ға мүм­кін­ші­лік туып жат­са, мін­дет­ті түр­де құр­бан ша­ла­ды. Егер құр­бан ша­лу күн­де­рі­нен кейін құр­бан ша­лу­ға мүм­кін­ші­лік туып жат­са, құр­бан ша­лу шарт емес.

Құр­бан­ның ор­ны­на ұс­та­ла­тын қа­жы­лық­та­ғы үш күн­ді, қа­жы­лық­тан кейін ұс­та­ла­тын же­ті күн ора­за­ны ара­ла­ры­на күн сал­май бі­рі­нен кейін бі­рін ұс­тау – аб­зал. Бі­рақ ара­ла­ры­на күн са­лып, үзіп-үзіп ұс­тауға да бо­ла­ды. Қа­жы­лық айла­ры­нан кейін ұс­та­ла­тын же­ті күн­ді Мек­ке­де ұс­тауға бо­ла­ды. Бі­рақ отан­да­ры­на кайт­қан­нан кейін ұс­тау – аб­зал.

[1] Бақара, 2/196.

0 пікір