Ғалымдар адамның балшықтан жасалғанын дәлелдеді
Ғалымдар адамның балшықтан жасалғанын дәлелдеді
6 ай бұрын 6155 islam-risalyat.ru islam-today.ru
Аударған Меруерт БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Сіз жер бетіндегі алғашқы адамның балшықтан жаратылғанын білдіңіз бе? Оның үстіне бұл дүниедегі барлық жаратылыс атаулы бір-бірімен өзара тығыз байланысты.  Өздеріңіз білесіздер, адам-​​Алла жаратқан жаратылыстың балшықтан жасалған бір бөлшегі.

   Бұл жердегі барлық тіршілік иелерінің балшықтан жасалғандығы ғалымдардың зерттеулерімен және мыңдаған жылдар бойы Құран, Киелі кітап әрі өзге де жазбалармен дәлелденген. Құдіреті күшті Алла Тағала Құранда осы жайында былай деген: "Расында адамды нағыз балшықтан жараттық" (Муминун: 12).

   Осы аят адамның балшықтан жаратылғанын растайды, өйткені Адам (ғ.с.) адамзаттың алғашқы адамы әрі  әкесі болғандықтан, кейбір жалған ғалымдардың тұжырымы сияқты маймылдан емес,  адамның балшықтан жаратылғандығын бекіте түседі. Сонымен қатар Алла Елшісінің (с.а.у.) Әбу Хурайрадан жеткізілген хадисінде: "Адамдардың бәрі-Адамның (ғ.с.) балалары,  ал Адам (ғ.с. ) балшықтан жаратылған",-делінген (Әбу Дауд, Тирмизи).

   Ғалымдардың пікірі бойынша, соңғы зерттеулерге негізделген теорияда  саз жердегі минералдардың тіркесімі(бірігуі) деп зерделейді. Сондықтан ол молекулалар мен химиялық заттардың әрекеттесуінің  қолайлы ортасы болып табылады. "Бұл үдеріс барысында химиялық заттар бір-бірімен әрекеттеседі және ақуыздар, ДНҚ және сайып келгенде, тірі жасушалар құрайды", - деп мәлімдеді  ғалымдар.

   Нью-Йорк штатындағы  Корнелл университеті наноғылым факультетінің  биоинженерлері "Саз-жердегі тіршіліктің қайнар көзі болған",-деген  ғылыми тұжырымға келген. Бұл теория көптеген мәдениеттерде мыңдаған жылдар бұрын пайда болған, алайда ғылыми дәлелдерге негізделмеген еді. Барлық илаһи кітаптарда Ұлы Жаратушы алғашқы адамды балшықтан жасап, оған өмір нәрін беріп, рухын үрлегені жайында баян етілген. Тіпті Кітапта адамның шаңнан(топырақтан) жаратылғандығын және өлгенде топыраққа айналатынын айтады.

   Ғалымдар грек тілінен «топырақ» деген сөзді «балшық» немесе «жер» деп аударуда. Теңіз суларында саз гидрогелді құрайды-ол дегеніміз- компоненттердің массасы, олардың біреуі төменгі молекулалы салмақ ерітіндісімен толтырылған негіздер ретінде әрекет етеді.

   Профессор Дэн Ло Корнелл былай дейді: "Геологиялық тарихтың басында сазды гидрогель биомолекуланың сақталуын және биохимиялық реакциялардың пайда болуына жағдай жасады".

   "Миллиардтаған жылдар бойы осы кеңістікте зақымдалған химиялық заттар күрделі реакцияға түсіп, ақуыздарды, ДНҚ-ны қалыптастыруға және ақыр аяғында бұл тірі жасушаның жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызды". Зерттеушілердің эксперименттеріне негізделген қорытындыларда синтетикалық гидрогелдер, ДНҚ, аминқышқылдарды, ферменттерді және жасанды ақуызды өндіруді қолданады.

   Ғалымдардың бұл зерттеулері мен олардың негізінде жасалған тұжырымдар Құранның ақиқатын тағы да дәлелдейді. Құран -бұрмаланбаған әрі ең сенімді ақпарат көзі болып табылады. Сондай-ақ,  Алланың ардақты Пайғамбары Мұхаммед(с.а.у.)-ның  күллі халықты хақ дінге шақыру үшін жіберілген Алланың шынайы Елшісі екендігін растайды. 

0 пікір