Азанда ұйқыдан оянғаннан кейін мына төрт нәрсеге шүкір ету керек
Азанда ұйқыдан оянғаннан кейін мына төрт нәрсеге шүкір ету керек
16 күн бұрын 6418

Деректерде Ибраһим ибн Әдһәм (м 718-781 ж) атты ғалымның былай дегендігі келтіріледі:

  :قال ابراهيم بن ادهم رحمه الله
من اصبح لزمه شكر اربعة اشياء : اولها : ان يشكر فيقول الحمدلله الذي نور قلبي بنور الهدى وجعلني من المؤمنين ولم يجعلني ضالا ، والثاني : ان يقول الحمدلله الذي جعلني من امة محمد صل الله عليه وسلم ، والثالث : ان يقول الحمدلله الذي لم يجعل رزقي بيد غيره ، والرابع : ان يقول الحمدلله الذي ستر علي عيوبي

Әркім азанда ұйқыдан оянғаннан кейін мына төрт нәрсеге шүкір етуі ләзім:

  1. «Жүрегімді хидаят нұрымен нұрландырып, адасушылардан емес, иман етуші мұсылмандардан еткен Алла Тағалаға мақтаулар болсын» деп айтып, шүкір ету.
  2. «Мені Мұхаммед пайғамбардың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) үмбетінен еткені үшін Аллаға мақтаулар болсын» деп айтып шүкір ету.
  3. Менің ризық-несібемді басқа біреудің қолымен емес, өз қолыммен таптырған Аллаға мадақ болсын деп айтып шүкір ету.
  4. Менің айып-кемшіліктерімді жасырғаны үшін Аллаға мадақ болсын деп айтып шүкір ету[1].

[1] Әбу Ләйс әс-Самарқанди: Тәнбиһуль ғофилин. 427 б.

islam.kz
0 пікір