Зе­кет кім­дер­ге жә­не қан­дай орын­дар­ға бе­рі­ле­ді?
Зе­кет кім­дер­ге жә­не қан­дай орын­дар­ға бе­рі­ле­ді?
9 жыл бұрын 60237
Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бір ха­ди­сін­де: «Ма­ған зе­кет бер» – де­ген адам­ға бы­лай жауап бер­ген:

«Ұлы Аллаһ зе­кет­тің бе­рі­ле­тін орын­да­ры жайын­да пай­ғам­ба­ры­ның да, бас­қа­ның да үкі­мі­не ра­зы бол­май, өзі бер­ді. Оны се­гіз топ­қа бөл­ді. Егер сол се­гіз топ­тың ішін­де бол­саң, са­ған есең­ді бе­ре­мін».[1]

Иә, зе­кет­тің бе­рі­ле­тін орын­да­рын Алла Та­ға­ла «Тәубе» сү­ре­сі­нің ал­пы­сын­шы ая­тын­да та­ғайын­дап біл­ді­ре­ді: «Шын мә­нін­де са­да­қа­лар (зе­кет­тер), ке­дей-кеп­шік­тер­ге, тү­гі жоқ міс­кін­дер­ге, зе­кет­ті жи­науға та­ғайын­дал­ған адам­дар­ға, кө­ңіл­де­рі жі­бі­ті­луі мақ­сат етіл­ген­дер­ге (жа­ңа мұ­сыл­ман­дар­ға), құл­дар­ды азат ету­ге, қа­рыз­ға бат­қан­дар­ға, Аллаһ жо­лы­на жә­не қи­нал­ған жо­лаушы­лар­ға бе­рі­луі Аллаһ та­ра­пы­нан па­рыз етіл­ді».[2]

Бұл аят­та ай­тыл­ған се­гіз топ­ты бы­лай тү­сін­ді­ру­ге бо­ла­ды:

 

1-2. Па­қыр­лар мен міс­кін­дер

Па­қыр деп – ни­сап мөл­ше­рі­не же­те­тін байлы­ғы жоқ адам­дар­ға, міс­кін деп – тү­гі жоқ адам­дар­ға айты­ла­ды.

 

3. Зе­кет жи­науға та­ғайын­дал­ған ар­найы адам­дар

Зе­кет­тер­дің жи­на­луы, сақ­талуы, есеп­те­ліп, лайық адам­дар­ға та­ра­ты­лып, тап­сы­ры­луы сияқ­ты жұ­мыс­тар үшін мем­ле­кет та­ра­пы­нан та­ғайын­дал­ған адам­дар. Бұ­лар­ға зе­кет­тен бел­гі­лі есе атал­мыш ең­бек­те­рі­нің қа­ры­мы­на ай­лық ре­тін­де бе­ріл­ген­дік­тен та­ғайын­дал­ған адам­дар­дың бай бо­лу­ла­ры зе­кет­тен мем­ле­кет­тің бел­гі­ле­ген мөл­ше­рін алу­ла­ры­на бө­гет емес.

 

4. Муәл­ла­фа­тул-қу­лууб

Мұ­сыл­ман бо­лу ба­қы­ты­на әлі ке­нел­ме­ген кей­бір адам­дар­дың жа­ман­шы­лы­ғы­нан сақ­та­ну үшін жә­не Ис­лам ді­нін жа­ңа­дан қа­был­да­ған има­ны әл­сіз адам­дар­дың, тіп­ті әлі Ис­лам­ды қа­был­да­ма­ған кей­бір адам­дар­дың кө­ңі­лін жі­бі­ту үшін Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) ке­дей бол­сын, ау­қат­ты бол­сын, олар­ға зе­кет­тен бел­гі­лі есе бе­ріп отыр­ған. Мі­не, осы атал­мыш үш топ Құ­ран­да айты­лып, зе­кет­тен бел­гі­лі бір есе та­ғайын­дал­ған «муал­лә­фа­тул-қу­лууб» то­бы­на жа­та­ды.

Бі­рақ Хаз­іре­ті Омар дәуі­рін­де бұл топ­қа бе­рі­ле­тін зе­кет есе­сі тоқ­та­тыл­ған. Тоқ­та­ты­луы­ның бас­ты се­бе­бі, Ис­лам ді­ні­нің дү­ниеге қа­нат жайып қуат­тан­ған­нан кейін бұ­лар­дың кө­ңі­лін Ис­лам­ға жі­бі­тіп, жа­ман­шы­лық­та­ры­нан сақ­та­ну­дың қа­жет­і болмай қа­луын­да еді. Бі­рақ кей­бір ға­лым­дар­дың фә­туасы­на сүйен­сек, қа­жет бол­ған жағ­дайда, қайта­дан бұл топ­қа бе­ру­ге бо­ла­ды.

 

5. Құл­дар

Қо­жайыны­нан азат бо­лу үшін бел­гі­лі ақ­ша­ға ке­ліс­кен құл­дар­ға зе­кет бе­рі­ле­ді. Мі­не, бұл Ис­лам ді­ні­нің құл­дар­ды азат ету жо­лын­да жұм­са­ған ең­бек­те­рі­нің бір кө­рі­ні­сі.

 

6. Қа­рыз­ға бат­қан­дар

Қа­ры­зы­нан тыс ни­сап мөл­ше­рін­де­гі мал­ға ие бол­ма­ған не­ме­се бас­қа­сын­да ала­тын қа­ры­зы бо­лып, қайта­рып алуы мүм­кін бол­ма­ған­дар «қа­рыз­ды адам­дар­дың» то­бы­на жа­та­ды. Па­қыр­ға зе­кет бер­ген­нен гө­рі қа­ры­зы­нан қиын­шы­лық кө­ріп жат­қан адам­дар­ға зе­кет бе­ру – аб­зал. Өйтке­ні, қа­ры­зы­нан құ­ты­лу – қа­рыз­ы бар үшін бас­ты мін­дет.

 

7. Аллаһ жо­лын­да

Бұл топ­қа Аллаһ ри­за­лы­ғы үшін ілім із­деуші­лер, Аллаһ Та­ға­ла­ның ді­нін қор­ғау жә­не жас­та­ры­мыз­ды иман­ды­лық, адал­дық, адам­гер­ші­лік, әділ­дік сияқ­ты жақ­сы қасиеттерге тәр­биелеу үшін, жал­пы қо­ға­м пайдасына ше­ші­ле­тін қайыр­лы іс­тер үшін бар күш­те­рін са­лып ең­бек ету­ші­лер кі­ре­ді.

 

8. Қар­жы­ла­ры бі­тіп, жол­да қал­ған­дар

Бұ­лар­ға не­гіз­гі тұ­рғылықты жер­ле­рін­де ақ­ша­ла­ры барлар жатады, яғ­ни, бай бол­са да оларға зе­кет бе­рі­ле­ді (қа­жы­лар, ілім із­де­ну­ші­лер, т.б. сияқ­ты).

 

Бір адам­ның зе­ке­ті осы се­гіз топ­тың бар­лы­ғы­на бе­рі­луі шарт па?

Ха­на­фи мәз­һа­бындағы ға­лым­да­рдың көпшілік пі­кі­рі­не сүйен­сек, зе­кет есе­сін се­гіз топ­тың бар­лы­ғы­на бір­ден бе­ру шарт емес. Яғ­ни, осы се­гіз топ­тың біреуіне ға­на бе­ріл­се де, зе­кет ғи­ба­да­ты орын­да­ла­ды.

 

Зе­кет­тің бә­рін бір адам­ға тү­гел­дей бе­ру­ге бо­ла ма?

Ха­на­фи жә­не Ша­фи­ғи мәз­һа­бын­да бір адам зе­ке­тін то­лық не­ме­се бір­не­ша адам зе­кет­те­рін жи­нап бір па­қыр­ға яки міс­кін­ге бе­ру­ле­рі­не бо­ла­ды. Бі­рақ бір адам­ға ни­сап мөл­ше­рін­де не­ме­се ни­сап мөл­ше­рі­нен ар­тық бе­ру – мәк­рүһ.

Егер зе­кет есе­сі бір­не­ше адам­ға бө­лі­ніп бе­ріл­ген жағ­дайда әрқайсысына өте аз үлес тисе, бе­ріл­ген адам­дар­дың еш­қайсы­сы­на татымайтындай болса біреуіне ға­на бер­ген жөн.

 

Күйеуі – әйелі­не, әйелі – күйеуіне мал­да­ры­ның зекет­те­рін бе­ре ала ма?

Әйел­дің нә­па­қа­сын қам­та­ма­сыз ету – күйеуі­нің мін­де­ті. Күйеуі па­қыр әйелі­не ма­лы­ның зе­ке­тін бе­ре алмайды. Имам Әбу Ха­ни­фа ха­зі­рет­тің пі­кі­рі­не сүйен­сек, бай әйел ма­лы­ның зе­ке­тін мұқ­таж күйеуіне бе­ре алмайды. Ал, Имам Әбу Юсуп жә­не Имам Мұ­хам­мед­тің пі­кі­рі­не сүйен­сек, бе­руіне бо­ла­ды.

Қайын ата жә­не қайын ана – күйеу ба­ла­ла­ры­на, күйеу ба­ла­ла­ры – қайын ата­ла­ры мен қайын енелеріне мал­да­ры­ның зе­кет­те­рін бе­ру­ле­рі­не бо­ла­ды.

 

Әке­сі­нің мұқ­таж ту­ған-туыс, бауыр­ла­ры­на, наға­шы­ла­ры­на жә­не өзі­нің бауыр­ла­ры­на малдары­ның зе­ке­тін бе­ру­ге бо­ла ма?

Өзі­нің зе­ке­тін атал­мыш адам­дар ке­дей бо­лып жат­са, бе­ру­ге бо­ла­ды. Тіп­ті мұқ­таж атал­мыш туыс­тар­ға зе­кет бе­ру­дің аб­зал еке­нін Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бір ха­ди­сін­де: «Ке­дей­лер­ге бе­ріл­ген са­да­қа – бір са­да­қа, ал, туыс­тар­ға бе­ріл­ген са­да­қа – екі са­да­қа. Біреуі – са­да­қа. Екін­ші­сі – туыс­тар­ға жа­сал­ған жақ­сы­лық»,[3] – деп біл­ді­ре­ді.

 

Байға зе­кет ма­лы­нан жеуге рұқ­сат па?

Байға зе­кет алу­ға бол­майды, бі­рақ ке­дейге бе­ріл­ген зе­кет ма­лы­нан жеуіне бо­ла­ды. Мы­сал­ға, ке­дей адам­ға зе­кет бе­рі­ліп, ке­дей де бе­ріл­ген зе­кет­ті бай көр­ші­сі­не же­гіз­се, не­ме­се сыйла­са, сыйды алуына бо­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бұл ту­ра­сын­да бы­лай де­ді: « Бес кі­сі­ден бас­қа, бай кі­сі­ге – са­да­қа адал емес. Олар мы­на­лар:

1 – Алла жо­лын­да со­ғыс­қа шық­қан

2 – Са­да­қа­ны (зе­кет­ті) жи­науға та­ғайын­дал­ған

3 – Қа­рыз­дан­ған

4 – Са­да­қа ма­лын өзі­нің ақ­ша­сы­мен са­тып ал­ған

5 – Ке­дей көр­ші­сі өзі­не бе­ріл­ген са­да­қа­дан бай көр­ші­сі­не сыйла­са».



[1] Әбу Дәәуд, Зекет, 24.

[2] Тәубе, 60.

[3] Тирмизи, Зекет,26; Насаи, Зекет,82; Ибн Мажә, Зекет, 28.

0 пікір