Шаш алу не­ме­се қыс­қар­ту (қа­жы­лық­тың төр­тін­ші уәжі­бі)
Шаш алу не­ме­се қыс­қар­ту (қа­жы­лық­тың төр­тін­ші уәжі­бі)
9 жыл бұрын 13431
Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы

Шаш­ты ұс­та­ра­мен тү­гел­дей алу не­ме­се қайшы­мен қыс­қар­ту – қа­жы­лық жә­не ум­ра уә­жіп­те­рі­нің біреуі. Аллаһ Та­ға­ла Құ­ран Кә­рім­де «Одан кейін (шаш­та­рың­ды, тыр­нақ­та­рың­ды алып) кір­ле­рің­ді ке­ті­рің­дер...»,[1] – дейді. Әнас (Аллаһ одан ра­зы бол­сын) бы­лай деп риуаят жа­са­ды: «Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) жәм­ра­ға ке­ліп, шай­тан­ға тас лақ­тыр­ған соң, Ми­на­да­ғы ор­ны­на ба­рып құр­бан шал­ды. Одан кейін ұс­та­ра­шы­ға «ша­шым­ды ал» – деп, ал­ды­мен оң жа­ғы­на, со­сын сол жа­ғы­на иша­рат ет­ті. Со­сын оны адам­дар­ға бе­ре бас­та­ды».[2]Шаш­ты тү­гел­дей ұс­та­ра­мен ал­ғы­зу – қайшы­мен қыс­қар­ту­дан аб­зал. Әйел­дер­дің шаш­та­рын та­қыр­лап ал­ғы­зу­ла­ры мәк­рүһ. Шаш­та­ры­ның ұшы­нан кіш­ке­не қыс­қарт­са жет­кі­лік­ті.

Имам Әбу Ха­ни­фа жә­не Имам Мұ­хам­мед бойын­ша, қа­жы­лық жә­не ум­ра үшін шаш­ты Ха­рам аума­ғын­да[3] ал­ғы­зу не­ме­се қыс­қар­ту – уә­жіп. Ха­рам аума­ғы­нан бас­қа жер­де ал­ғы­зып не­ме­се қыс­қартқан жағ­дайда жа­за ре­тін­де құр­бан ша­лы­на­ды.

 

Шаш ал­ғы­зу­дың, қыс­қар­ту­дың мөл­ше­рі қан­ша?

Шаш­тың төрт­те бі­рін та­қыр­ла­тып ал­ғы­зып не­ме­се төрт­те бі­рі­нің ұшы­нан қыс­қартқан жағ­дайда, бұл мін­дет ат­қа­рыл­ған бо­лып, их­рам­нан шы­ға­ды.

Шаш­ты ал­ғы­зу мен қыс­қар­ту­дың бас­қа қа­жы­лық амал­да­ры ара­сын­да­ғы орын­да­лу ре­ті

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) соң­ғы қа­жы­лы­ғын­да құр­бан айты­ның ал­ғаш­қы кү­ні Муз­дә­ли­фә­дан Ми­на­ға ке­ліп, Ақа­ба жәм­ра­сы­на (Үл­кен шай­тан тас­қа) тас лақ­тыр­ған соң, құр­ба­нын шал­ды, со­сын ша­шын ал­ғыз­ды жә­не зия­рат тауа­бын жа­са­ды. Мі­не, сон­дық­тан Имам Әбу Ха­ни­фа бойын­ша тә­мат­туғ не­ме­се қи­ран қа­жы­лы­ғын ниет ет­кен­дер­дің айт­тың ал­ғаш­қы кү­ні Үл­кен шай­тан­ға тас лақ­тыр­ған соң құр­бан ша­лып, со­сын шаш ал­ғы­зып не­ме­се қыс­қар­ту­ла­ры уә­жіп. Яғ­ни тә­мат­туғ жә­не қи­ран қа­жы­лы­ғын­да Үл­кен шай­тан­ға тас лақ­ты­ру, құр­бан ша­лу жә­не шаш ал­ды­ру, яки қыс­қар­ту амал­да­рын рет-ре­ті­мен орын­дау – уә­жіп. Ал, иф­рад қа­жы­лы­ғын­да Үл­кен шай­тан­ға тас лақ­тыр­ған­нан кейін шаш­та­рын ал­ғы­зу­ла­ры не­ме­се қыс­қар­ту­ла­ры – уә­жіп. Бұ­лар­ды рет-ре­ті­мен орын­да­ма­са, жа­за өте­ле­ді. Зия­рат тауа­бын осы мін­дет­тер­ді орын­да­ған­нан кейін іс­теу – сүн­нет. Шай­тан­ға тас лақ­ты­ру, құр­бан ша­лу жә­не шаш ал­ғы­зу­дан бұ­рын не­ме­се бұ­лар­дың ара­ла­рын­да зия­рат тауа­бын іс­теу сүн­нет­ке сай орын­дал­ма­ға­ны үшін мәк­рүһ, бі­рақ жа­за өтеу ке­рек емес.

Имам Юсуп пен Имам Мұ­хам­мед бойын­ша, қа­жы­лық­та шай­тан­ға тас лақ­ты­ру, құр­бан ша­лу жә­не шаш алу мін­дет­те­рін рет-ре­ті­мен орын­дау уә­жіп емес, сүн­нет. Рет-ре­ті­мен орын­дал­ма­са да жа­за өтел­мейді.

 

Шаш ал­ғы­зу яки қыс­қар­ту­дан кейін қан­дай өз­ге­ріс­тер бо­ла­ды?

Шаш­ты ал­ғы­зу не­ме­се қыс­қар­ту ар­қы­лы их­рам­нан шы­ға­ды. Их­рам­ды уа­қыт­та ха­рам етіл­ген әтір­ле­ну, шаш, са­қал бояу сияқ­ты бар­лық нәр­се­лер қайта­дан ха­лал бо­ла­ды. Бі­рақ әйелі­мен жа­қын­да­су – шаш­ты ал­ғы­зып не­ме­се қыс­қар­тып, зия­рат тауа­бын жа­са­ған­нан кейін ға­на ха­лал.



[1] Хаж 22/29.

[2] Муслим, Хаж, 323(1305).

[3] Харам аумағы: Өсімдіктерін жұлуға және аңдарына, жалпы жан-жануарларына зиян тигізуге тыйым салынған Мекке және оның айналасындағы қасиетті, мүбәрак жерлер.

0 пікір