Сафа, Мәруа төбелері және зәмзәм суы
Сафа, Мәруа төбелері және зәмзәм суы
9 жыл бұрын 5314
Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы

Иб­ра­һим (а.с.) Аллаһ Та­ға­ла­ның бұйры­ғы­мен зайыбы Ажар ана­мыз­бен ем­шек­те­гі ба­ла­сы Ис­майылды қа­зір­гі Зәм­зәм құ­ды­ғы­ның ор­на­лас­қан же­рі­не әке­ліп тас­тап кет­ті. Ол уа­қыт­та қа­зір­гі Мек­ке қа­ла­сы­ның ор­на­лас­қан же­рін­де ішер су­дың жоқ­ты­ғы­нан ті­рі жан ме­кен­де­мей­тін-ді. Иб­ра­һим (а.с.) зайыбы мен ұлы Ис­майылға қо­рек ре­тін­де аз­ған­тай құр­ма мен су тас­тап, Аллаһ Та­ға­ла­ға де­ген тәуеке­лін бе­рік ұс­тап, ол жер­ден ұзақ­тай түс­ті. Қо­рек пен су­ға тап­шы мы­на шөл­де Ажар ана­мыз бен ба­ла­сы Ис­майылға өмір сү­ру күн­нен-күн­ге қиын­дай түс­ті. Бі­рақ өз­де­рін сол жер­ге қал­ды­рып ке­ту­ді жа­рат­қан иеле­рі Аллаһ Та­ға­ла­ның өзі бұйыр­ған бол­са, Ажар ана­мыз­дың бос­тан-бос қам жеп, уайым­дауы орын­сыз еді. Өйтке­ні, әл­сіз құрт, құ­мырс­қа сияқ­ты жән­дік­тер­ге ри­зық бер­ген Аллаһ олар­ды жа­пан да­ла­ға тас­тап, ұмыт қал­ды­руы мүл­дем мүм­кін емес. Мі­не, сон­дық­тан Ажар ана­мыз: «Аллаһ Та­ға­ла біз­ді қор­ғайды, мы­на су­сыз шөл да­ла­ға біз­ді жал­ғыз­дан жал­ғыз, жәр­дем­сіз тас­та­майды» – деп, Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы­на де­ген се­ні­мін бе­рік ұс­тап, пай­ғам­бар­ша тәуе­кел ет­ті. Уа­қыт жыл­жы­ған сайын Иб­ра­һим­нің (а.с.) тас­тап кет­кен аз­ған­тай суы таусы­лып, жас сә­би Ис­майыл су сұ­рап жы­лай бас­та­ды. Ана бай­ғұс сә­биі­нің шы­рыл­дауына ша­ра та­ба ал­май шарқ ұрып, зыр жү­гі­ру­де. Ана­сы бас­қа не іс­те­сін, емі­зейін де­се, омы­рауын­да сүт жоқ, су бе­рейін де­се, та­мы­зық­тай су да тап­шы. Ба­ла­сы Ис­майыл­дың шы­рыл­дауына шы­дап тұ­ра ал­ма­ған ана өтіп ба­ра жат­қан ті­рі жан­ды кез­дес­ті­ріп қа­лар­мын де­ген үміт­пен Са­фа тө­бе­сі­не шық­ты. Бі­рақ еш­қан­дай ті­рі жан­ның қа­ра­сы кө­рін­бе­ген­нен кейін Са­фа мен Мә­руа тө­бе­шік­те­рі­нің ара­сын­да ал­қын­са да, «үміт­сіз шай­тан» де­ген­дей ер­сі­лі-қар­сы­лы жү­гі­ре бас­та­ды. Мә­руа тө­бе­ші­гі­не же­тін­ші рет шық­қан ке­зін­де құ­ла­ғы­на беймә­лім бір дауыс ес­ті­ліп, қалт тоқ­тайды. Ажар ана­мыз: «Ей, дауыс иесі! Біз­ге дау­сың­ды ес­тір­ттің, егер біз­ге кө­мек­те­се ала­тын­дай кү­шің бол­са, кө­мек­тес», – де­ді. Ажар ана­мыз­дың осы мі­нә­жа­ты бі­ті­сі­мен Зәм­зәм бұ­ла­ғы­ның жа­нын­да пе­ріш­те Же­бі­рейіл (а.с.) кө­рін­ді. Же­бі­рейіл (а.с.) жер­ді қа­зып жа­тыр екен. Әне-мі­не де­ген­ше су кө­рі­ніп, аға бас­та­ды. Бұл құ­бы­лыс­қа қат­ты қуа­нып кет­кен Ажар ана­мыз су ақ­па­сын де­ген ма­ғы­на­да «зәм-зәм» дейді. Су­дың ал­дын бе­кі­тіп, кі­ші­гі­рім хауыз жа­са­ды. Ыды­сы­на су ал­ған сайын, ор­ны­на су қай­нап шы­ға бер­ді. Ыдыс­ты су­ға тол­тыр­ған­нан кейін мү­бә­рак су­дан қа­нып ішіп, ұлы Ис­майылды емі­зе бас­та­ды. Же­бі­рейіл (а.с.) Ажар ана­мыз­ға бы­лай де­ді: «Жоқ бо­лып құ­рып ке­те­міз деп қо­рық­паң­дар. Мі­не, мы­на жер Бәй­тул­лаһ­тың (Қағ­ба­ның) ор­ны. Оны мы­на сә­би мен әке­сі са­ла­ды. Аллаһ Та­ға­ла бұл үйді са­ла­тын­дар­ды зиян­ға ұшы­рат­пайды».

Мі­не, Зәм­зәм суы­ның шы­ғу та­ри­хы осы­лай. Қа­зір­гі кез­де­гі қа­жы­лар­дың Са­фа мен Мә­руа тө­бе­ле­рі­нің ара­сын­да жү­гі­ру­ле­рі­нің хик­ме­ті – Ажар ана­мыз бен ұлы Ис­майыл­дың ба­сы­нан өт­кен осы бір ғиб­рат­ты оқи­ға­ны се­зі­ну жә­не жан­дан­ды­ру.

Зәм­зәм суы – мү­бә­рак жә­не киелі су. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) зәм­зәм суы­ның қа­сиет­те­рі жайын­да:

 {مَاءُ زَمْزَمَ لِمَا شُرِِبَ لَهُ} «Зәм­зәм суын қан­дай мақ­сат­пен іше­тін бол­са, сол мақ­сат­қа пайда­лы»[1] – де­ген. Яғ­ни ауруыма ши­па бол­сын деп іш­се ауруына ши­па, азық бол­сын деп іш­се, азық бо­ла­ды. Ажар ана­мыз бен ұлы Ис­майыл ұзақ уа­қыт бас­қа азық же­мес­тен зәм­зәм суы­мен қо­рек­тен­ген.



[1] Кутубу-ситта, 923/6910.

0 пікір