Қош­та­су (уа­дағ) тауабы (қа­жы­лық­тың бе­сін­ші уәжі­бі)
Қош­та­су (уа­дағ) тауабы (қа­жы­лық­тың бе­сін­ші уәжі­бі)
2 жыл бұрын 414
Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы

Қош­та­су (уа­дағ) тауабы – қа­жы­лық­тың соң­ғы ама­лы. Алыс­тан кел­ген қа­жы­лар­дың отан­да­ры­на қайт­пас бұ­рын их­рам­нан шық­қан соң қош­та­су тауа­бын жа­саула­ры – уә­жіп.

 

Қош­та­су тауабы­ның уә­жіп­ті­гі­нің шарт­та­ры

1.  Қа­жы­лық­тың бас­қа мін­дет­те­рін ат­қар­ған болуы

2.  Қа­жы­ның Әфа­қи (сыр­ттан ке­лу­ші) болуы. Ми­қат ше­ка­ра­ла­ры­ның ішін­де Ха­рам аума­ғын­да тұ­ра­тын­дар­ға уә­жіп емес.

3.  Әйел­дер­дің хайыз жә­не ни­фас бол­маула­ры. Хайыз жә­не ни­фас күйін­де Мек­ке­ден қайт­қан­дар үшін қош­та­су тауабы мін­дет­тен тү­се­ді. Мек­ке­ден шық­пас бұ­рын хайыз жә­не ни­фас­тан та­за­лан­са, қош­та­су тауа­бын жа­сау мін­дет­ті­лік­тен түс­пейді. Ум­ра ғи­ба­да­тын орын­даушы­лар­ға қош­та­су тауа­бын жа­сау уә­жіп емес.

 

Қош­та­су тауа­бын дұ­рыс орын­дау­дың шар­ты мен уақы­ты

Зия­рат тауабы­ның жа­сал­ған болуы. Зия­рат тауа­бын орын­да­май тұ­рып жа­сал­ған қош­та­су тауабы дұ­рыс бол­майды. Бұл тауап­ты ми­қат­тан шық­қан­ға дейін­гі кез-кел­ген уа­қыт­та іс­тей ала­ды. Мек­ке­ден шы­ғар кез­де қош­та­су тауа­бын жа­сау – аб­зал. Бі­рақ одан да бұ­рын жа­сауға бо­ла­ды. Егер бұ­рын жа­са­лып қойса, Мек­ке­ден шы­ғар кез­де қайта жа­сау шарт емес. Қош­та­су тауа­бын жа­са­ған соң Қағ­ба­ға ба­рып, на­маз оқып, нә­піл тауап жа­сауға бо­ла­ды. Бұн­дайда ең соң­ғы жа­са­ған нә­піл тауабы – қош­та­су тауабы ре­тін­де есеп­те­лі­не­ді.

0 пікір