Қа­жы­лық­та оқы­ла­тын сүн­нет дұ­ға­лар жә­не олар­дың оқы­ла­тын орын­да­ры
Қа­жы­лық­та оқы­ла­тын сүн­нет дұ­ға­лар жә­не олар­дың оқы­ла­тын орын­да­ры
2 жыл бұрын 628
Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы

Тәл­бия дұ­ға­сы

Тәл­бия – их­рам­ға кі­рер ал­дын­да айты­луы уә­жіп бол­ған жә­не их­рам­да бол­ған уа­қыт­та мо­лы­нан қайта­ла­нып айты­ла­тын сүн­нет дұ­ға. Тәл­бия дұ­ға­сы:

 {لَبَّيْكَ ألَّلهُمَّ لَبَّيْكَ, لَبَّيْكَ لا شَرِيكَ لَكَ لَبَّيْكَ. إنَّ الْحَمْدَ وَالنِّعْمَةَ لَكَ وَالْمُلْكَ لا شَرِيكَ لَكَ}

«Ләб­бай­кАллаһум­ма ләб­байк, ләб­байка лә шә­ри­ка лә­кә ләб­байк, ин­нал­хам­да уан­ни'мә­тә лә­кә уал­мул­ка лә шә­ри­ка ләк»[1]«Қа­зақ­ша ма­ғы­на­сы: «Аллаһым, мен се­нің әмі­рің­ді орын­дауға кел­дім, се­нің әмі­рі­ңе бой ұсын­дым (2 рет). Се­нің се­рі­гің жоқ, се­нің әмі­рің­ді орын­дау ме­нің бо­ры­шым. Кү­мән­сіз, бар­лық ма­дақ са­ған тән жә­не жал­пы ие­лік пен нығ­мет се­ні­кі. Се­нің еш се­рі­гің жоқ».

 

Тауап­тың бар­лық айна­лым­да­рын­да

Рук­нул-Йәмә­ни мен Рук­нул-Ха­жа­рул-Әсуәд­тің ара­сын­да оқы­ла­тын дұ­ға

 {رَبَّنَا آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً وَ فِي الآخِرَةِِ حَسَنَةً وَ قِنَا عَذَاب النَّارِ. وَ أدْخِلْنَاالْجَنَّةَ مَعَ الأبْرَارِ,

 يَا عَزِيزُ يَا غَفَّارُ, يَا رَبَّ الْعَالَمِينَ}

«Раб­бә­на әәти­на фид-ду­ниа ха­са­на­тан уа фил-әәхи­ра­ти ха­са­на, уа қи­на 'аза­бән-нар. Уа ад­хил­нал-жән­на­та ма'ал-әб­рар, Иа 'Азиз иа Ғаф­фар. Иа раб­бәл-'ала­мин». Ма­ғы­на­сы: «Раб­бы­мыз, біз­ге бұл дү­ниеде де, ақы­рет­те де тек жақ­сы­лы­ғың­ды бе­ріп, біз­ді от аза­бы­нан сақ­та! Біз­ді жақ­сы, игі құл­да­рың­мен бір­ге жән­нат­қа кір­гіз. Уа, ға­зиз, уа, аса ке­ші­рім­ді Ғаф­фар, уа, бү­кіл әлем­нің Раб­бы­сы».

 

Са­фа мен Мә­руада

Са­фа жә­не Мә­руада­ғы әр­бір айна­лым­да жүз­ді құ­бы­ла­ға бұ­рып, тәк­бір, таһ­лил айты­ла­ды.

Тәк­бір де­ге­ні­міз: {ألَّلهُ أكْبَرُ} «Аллаһу әк­бар» деп айту, ал, таһ­лил бол­са:

 {لا إلَهَ إلاَّ اللهُ وَحْدَهُ لا شَرِيكَ لَهُ , لَهُ الْمُلْكُ وَ لَهُ الْحَمْدُ وَ هُوَ عَلَي كًلِّ شَيْءٍ قَََََََََََََََدِيرُ}

«Лә илә­һә ил­лал­ло­һу уах­да­һу ла шә­ри­ка ләһ, лә­һул-мул­ку уә лә­һул-хам­ду уа һуа 'ала кул­ли шайин қа­дир» – деу. Ма­ғы­на­сы: «Аллаһ­тан бас­қа тә­ңір жоқ. Ол – жал­ғыз, се­рі­гі жоқ. Бар­лық ие­лік Оны­кі жә­не күл­лі ма­дақ оған тән. Оның бар­лық нәр­се­ге құ­ді­ре­ті же­те­ді».

 

Шай­тан тас­қа әр­бір тас­ты лақ­тыр­ған уа­қыт­та оқы­ла­тын дұ­ға

{بِسْمِ اللهِ ,أللهُ أكْبَرُ رَغْمًا لِلشَّيْطَانِ وَ حِزْبِهِ}

 «Бис­мил­ла­һи, Аллаһу әк­бар, рағ­ман лиш-шайта­ни уа хиз­биһ» – деп ай­тып, лақ­ты­ра­ды. Ма­ғы­на­сы: «Аллаһ ұлы, шай­тан жә­не оған ер­ген­дер қа­ла­ма­са да».

 

Тәш­риқ тәк­бі­рі

Ара­фа кү­ні таң на­ма­зы­ның па­ры­зы­нан кейін бас­та­лып, құр­бан айт­тың төр­тін­ші кү­ні на­маз­ды­гер уақы­ты­на дейін­гі бо­ла­тын әр­бір па­рыз на­маз­дың со­ңы­нан оқы­луы уә­жіп дұ­ға:

{ألله ُ أكْبَرُ, ألله ُ أكْبَرُ, لا إلَهَ إلاَّ اللهُ وَاللهُ أكْبَرُ, ألله ُ أكْبَرُ وَلِلَََّهِ الْحَمْدُ}

 «Аллаһу әк­бар, Аллаһу әк­бар, лә илә­һә ил­лал­ло­һу уАллаһу әк­бар, Аллаһу әк­бар уа лил­ла­һил-хамд». Ма­ғы­на­сы: «Аллаһ ұлық (2 рет), Аллаһ­тан бас­қа тә­ңір жоқ! Аллаһ ұлық (2 рет), Бар­лық ма­дақ­тар мен мақ­тау­лар тек Аллаһ­қа тән».

[1] Бухари, Хаж, 26, Муслим, Хаж,147, Тирмизи, Хаж,97.

0 пікір