Қа­жы­лық ғи­ба­да­ты­ның үкі­мі
Қа­жы­лық ғи­ба­да­ты­ның үкі­мі
2 жыл бұрын 935
Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы

Қа­жылық ғи­ба­да­ты ша­ма­сы жет­кен әр­бір адам­ға өмі­рін­де бір рет па­рыз.

 

Қа­жы­лық­тың па­рыз­ды­ғы­ның дә­лел­де­рі

(Құ­ран, сүн­нет, иж­мағ)

 1.   Құ­ран

«Ол жер­ге ба­ру­ға ша­ма­сы жет­кен бар­лық адам­ға Аллаһ үшін Қағ­ба­ны зия­рат етіп, қа­жы­лық жа­сау па­рыз».[1] «Қа­жы­лық­ты жә­не ум­ра­ны Аллаһ үшін тә­мам­даң­дар».[2]

2.  Сүн­нет

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай де­ген:

«Ис­лам ді­ні бес не­гіз­ден тұ­ра­ды: Аллаһ­тан бас­қа тә­ңір жоқ екен­ді­гі­не жә­не Мұ­хам­мед­тің (с.а.у.) Аллаһ та­ра­пы­нан жі­бе­ріл­ген шы­найы ел­ші екен­ді­гі­не куә­лік кел­ті­ру, на­маз оқу, зе­кет бе­ру, Ра­ма­зан ора­за­сын ұс­тау, ша­ма­сы кел­се қа­жы­лық­қа ба­ру» [3]

«Кү­мән­сіз, Аллаһ Та­ға­ла сен­дер­ге қа­жы­лық­ты па­рыз қыл­ды, қа­жы­лық­ты орын­да­ңыз­дар».[4]

3.  Иж­мағ

Ис­лам ғұ­ла­ма­ла­ры ша­ма­сы жет­кен әр­кім­ге қа­жы­лық ғи­ба­да­ты­ның ғұ­мы­рын­да бір рет па­рыз екен­ді­гі­не бір пі­кір біл­дір­ген.

Қа­жы ғи­ба­да­ты­ның па­рыз бо­луы үшін қо­сыл­ған шар­ттар бел­гі­лі бір адам­да то­лық­са, оған де­реу қа­жы­лық жа­сау шарт па?

Қа­жы ғи­ба­да­ты­ның па­рыз бо­луы үшін қо­сыл­ған шар­ттар бел­гі­лі бір адам­да то­лық­са, ол кі­сі­ге ер­те­рек қа­жы­лық жа­сау па­рыз. Ша­ма­сы ке­ле тұ­ра қа­жы­лық­ты ке­шік­тір­ген кү­нә­кар бо­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Қа­жы­лық­ты орын­дауда асы­ғы­ңыз­дар! Өйтке­ні, сен­дер­дің еш­қайсы­ла­рың өлім­нің қай уа­қыт­та ке­ліп же­те­ті­нін біл­мей­сің­дер»,[5]– дейді.

 

Қа­жы­лық ғи­ба­да­ты­ның па­рыз­ды­ғы­ның шарт­та­ры

Бел­гі­лі бір адам­ға қа­жылық ғи­ба­да­ты­ның па­рыз бо­луы үшін тө­мен­де­гі шар­ттар орын­да­луы ке­рек.

1. Мұ­сыл­ман бо­лу. Мұ­сыл­ман емес­тер­ге қа­жылық па­рыз емес. Сон­дық­тан мұ­сыл­ман емес адам қа­жылық ғи­ба­да­тын орын­дап бол­ған­нан кейін Ис­лам ді­ні­не кір­се, ша­ма­сы жет­кен жағ­дайда қайта­дан ба­руы ке­рек.

2. Ақыл – есі дұ­рыс жә­не ба­ли­ғат жа­сы­на же­ту.

Ба­ли­ғат жа­сы­на жет­пе­ген ба­ла­лар мен ақыл-есі дұ­рыс емес­тер­ге қа­жылық па­рыз емес. Бұл екеуі қа­жылықты ат­қар­са, со­сын ба­ла ба­ли­ғат жа­сы­на жет­се, ақыл есі кем адам жа­зыл­са, қа­жылықты ша­ма­ла­ры жет­кен жағ­дайда қайта орын­даула­ры па­рыз. Жас ба­ла­ның ба­ли­ғат жа­сы­на дейін­гі жа­са­ған қа­жы­лы­ғы – нә­піл қа­жы­лық са­на­ла­ды.

3. Азат бо­лу. Қа­жылық ұзақ уа­қыт ат­қа­ры­лып, ұзақ са­пар­ды та­лап ете­тін­дік­тен тұт­қын­дар­ға, түр­ме­де­гі­лер­ге, құл­дар­ға қа­жы­лық ғи­ба­да­ты па­рыз емес. Өйтке­ні, тұт­қын­дар­да он­дай мүм­кін­ші­лік жоқ.

4. Уа­қыт. Ара­фат тауын­да ар­найы бел­гі­лен­ген тұ­ру уақы­ты мен зия­рат тауабы уақы­ты­на өмі­рі жет­пе­ген адам үшін қа­жы­лық па­рыз емес.

5. Қа­жы­лық ғи­ба­да­тын орын­дауға ша­ма­сы­ның жетуі

а) Ден­саулы­ғы бо­луы

Ден­саулы­ғы на­шар, алып жү­ре­тін ада­мы жоқ со­қыр, ақ­сақ, сал сияқ­ты ауру­лар­ға ұшы­ра­ған­дар­ға жә­не кө­лік­ке өз­ді­гі­нен мі­не ал­май­тын қарт кі­сі­лер­ге қа­жылық па­рыз емес.

ә) Қа­жет­ті қа­ра­жа­ты болуы

Қа­жы­ға ба­рып-ке­лу қар­жы­сын, жол­да, қа­жы­лық­та жей­тін азы­ғы­на жә­не әйел ба­ла-ша­ға­сы­ның, жал­пы қарауына мін­дет­ті адам­дар­дың қа­жы­лық­тан қай­тып орал­ған­ға дейін­гі қа­ра­жа­тын кө­те­ре ала­тын адам­ға қа­жы­лық па­рыз.

б) Ба­ра­тын жол­дың се­нім­ді болуы

Қа­жы­лық­қа ба­ру­дың па­рыз бо­луы үшін жол се­нім­ді бо­луы ке­рек. Ба­ра­тын жол­да со­ғыс не­ме­се бас­қа да қа­тер­лі жағ­дай­лар туын­да­са, қа­жы­лық­қа ба­ру па­рыз емес.

 

Әйел­дер­ге байла­ныс­ты ар­найы шар­ттар

  1. Қа­жы­лық­қа ба­ра­тын әйел­мен бір­ге күйеуі не­ме­се мах­рам[6] туыс­та­ры­нан біреуі бо­луы ке­рек. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) ха­дис шә­ри­фін­де бұйыр­ған: «Әйел адам өзі­мен бір­ге мах­ра­мы бол­ма­са, үш күн­нен ар­тық са­пар ше­ге ал­майды».[7] Бұл Ха­на­фи мәз­һа­бын­да. Ша­фи­ғи мәз­һа­бын­да әйел адам­ның жа­нын­да се­нім­ді бір­не­ше та­қуа әйел­дер бол­са, мах­рам­сыз қа­жы­лық жа­сай ала­ды.
  2. Ғид­дет­ті бол­мауы [8]

Қа­жы­лық­қа ба­ра­тын әйел күйеуі­нен та­лақ не­ме­се күйеуі­нің қай­тыс бо­луына байла­ныс­ты ша­ри­ғат­тың бел­гі­ле­ген ғид­дет мер­зі­мін­де бол­мауы ке­рек. Өйтке­ні, Аллаһ Та­ға­ла мы­на аят­та ғид­дет мер­зі­мін­де­гі әйел­дер­дің үй­ден шы­ғу­ла­ры­на тыйым сал­ған: «Та­лақ қыл­ған әйел­де­рің­ді үй­ден шы­ғар­маң­дар, олар да шық­па­сын».[9]Қа­жы­лық­ты бас­қа уа­қыт­та өтеуге бо­ла­ды. Ал ғид­дет бел­гі­лі уа­қыт­қа ар­нал­ған.

Сал ауруына ду­шар бол­ған, ден­саулы­ғы на­шар қарт, мү­ге­дек адам, жол көр­се­те­тін кө­мек­ші­сі жоқ со­қыр адам­дар, жа­нын­да бір­ге ба­ра­тын мах­ра­мы жоқ әйел­дер, ше­тел­ге шы­ғу­дан мем­ле­кет та­ра­пы­нан тыйыл­ған, ба­ра­тын жо­лын­да қа­тер­ге ұшырауы мүм­кін адам­дар қа­жы­лық­қа өз­де­рі­нің ор­ны­на бас­қа бі­реуді көз­де­рі­нің ті­рі­сін­де жі­бе­руіне не­ме­се өзі дү­ние­ден қайт­қан­нан кейін өкіл ре­тін­де ба­рып-ке­лу­ле­рін та­лап ету­ле­рі­не бо­ла­ды.



[1] Әли Имран, 3/97.

[2] Бақара, 2/196.

[3] Тирмизи, Иман, 3; Бухари, Иман,1; Муслим, Иман,21.

[4] Муслим, Хаж,412.

[5] Әбу Дәәуд, Мәнасик,5. Ибн Мажә, Мәнасик,1.

[6]Исламда әйелдің үйленуі харам болған жақын туыстары.

[7] әш-Шәукәни

[8]Әйел адамның күйеуінен талақ болғаннан кейін немесе күйеуі қайтыс болғаннан кейін күтетін белгілі уақыт.

[9]Талақ, 1.

0 пікір