Қағ­ба­ның са­лы­нуы
Қағ­ба­ның са­лы­нуы
2 жыл бұрын 1213
Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы

Қағ­ба – жер бе­тін­де тұр­ғы­зыл­ған тұң­ғыш құл­шы­лық ор­ны. Адам ата­ның жер бе­ті­не түс­кен­нен кейін­гі ең ал­ғаш­қы ісі пе­ріш­те­лер­дің кө­ме­гі­мен осы Қағ­ба­ны тұр­ғы­зу бол­ған. Сан дәуір­лер арт­та қа­лып, уа­қыт ақ­қан өзен­дей жыл­жы­ған сайын бұ­зы­лып, кө­нер­ген жер­ле­рі та­лай рет жөн­де­ліп отыр­ған. Қағ­ба жер бе­тін Нұх то­пан суы бас­қан­ға дейін ғи­ба­дат­ха­на мін­де­тін ат­қа­рып кел­ген еді. Алайда, жер бе­тін бас­қан то­пан су­дан кейін, өкі­ніш­ке қа­рай, бұл қа­сиет­ті құл­шы­лық ор­ны­ның ең бол­ма­са қи­ра­ған ізі де бі­лін­бей, адам­зат­қа беймә­лім күйде қа­ла бер­ді.

Бі­рақ, жер ша­ры­ның кін­ді­гі іс­пет­ті бол­ған жер бе­тін­де­гі ал­ғаш­қы ғи­ба­дат ор­нын Аллаһ Та­ға­ла кейін­гі мұ­сыл­ман құл­да­ры­на беймә­лім қал­дыр­ма­ды. Бұл қа­сиет­ті құл­шы­лық ор­нын мұ­сыл­ман­дар­ға құ­бы­ла етіп, қайта өң­деу ісін Ибраһим пай­ғам­бар мен ба­ла­сы Ис­майылға та­быс­та­ды.

Иб­ра­һим (а.с.) мен ұлы Ис­майыл­дың қа­зір­гі таң­да­ғы қа­сиет­ті Қағ­ба­ны қайта тұр­ғы­зу­ла­ры бы­лай еді.

Ис­майыл (а.с.) зәм­зәм суы­ның ма­ңайын­да өсіп тұр­ған ағаш­тың ас­тын кө­лең­ке­леп, оқ жо­нып отыр­ған-ды. Бір ме­зет со­на­дай­дан өзі­не қа­рай ке­ле жат­қан әке­сі Иб­ра­һим­ді (а.с.) байқа­ған ол де­реу атып тұ­рып, ал­ды­нан қуана жү­гі­ріп шық­ты. Көп­тен кө­ріс­пей, са­ғы­ныс­қан әке мен ба­ла­ның құ­шақ­та­ры айқа­са кет­ті. Ба­ла­сы­ның ша­шы­нан си­пап, маң­дайы­нан иіс­кеп, мау­қын бас­қан әке мен әке мейірі­мі­не шөл­де­ген ба­ла ара­сын­да ар­тын­ша тө­мен­де­гі­дей әң­гі­ме ізін тап­ты.

– Ба­лам, Аллаһ Та­ға­ла ма­ған үл­кен мін­дет жүк­теп отыр.

– Әке, ол қан­дай мін­дет? Аллаһ Та­ға­ла жүк­те­ген мін­дет­ті те­зі­рек ат­қар­ға­ны­ңыз жөн бо­лар.

– Бі­рақ, оған се­нің кө­ме­гің ке­рек, ба­лам.

– Әке, мен қа­шан да өзі­ңіз­ге қол­ға­быс ету­ге әзір­мін. Он­дай абы­ройлы іс­тен ма­ған да үлес ти­ге­ні Аллаһ­тың ма­ған оң қа­ра­ға­ны шы­ғар,де­ді Ис­майыл іш­те­гі қуаны­шын жа­сы­ра ал­май.

Әке де ба­ла­сы­нан осы жауап­ты күт­кен­дей: Ен­де­ше, дәл мы­на тұс­тан Аллаһ­тың әмі­рін орын­дап, құл­шы­лық ор­нын са­лайық, – де­ді қа­зір­гі таң­да­ғы күл­лі әлем­де­гі мұ­сыл­ман­дар­дың ғи­ба­дат ор­ны са­на­ла­тын қа­сиет­ті Қағ­ба­ның ор­нын көр­се­тіп.

Осы­лайша, Аллаһ Та­ға­ла­ның өз­де­рі­не бел­гі­леп көр­сет­кен же­рі­нен Қағ­ба­ның қайта са­лы­нуын бас­тап та кет­ті. Ис­майыл тас та­сып, әке­сі Иб­ра­һим (а.с.) қа­сиет­ті үй­дің қа­быр­ға­сын қа­лай бас­та­ды. Жұ­мыс оң­ға ба­сып, құ­ры­лыс биік­те­ген сайын Иб­ра­һим (а.с) үшін тас қа­лау қиын­ға соқ­ты. Екеуі өза­ра ойла­сып, Ис­майыл әке­сі­нің аяғы­ның ас­ты­на тек­пе­шек, са­ты тә­різ­дес ұзын­ша, биік тас әке­ліп қойды.

Иб­ра­һим­нің (а.с.) аяғы­ның ізі түс­кен бұл тас қа­зір­гі кез­де «Ма­қа­му Иб­ра­һим» деп ата­лып, қа­жы­лық­та сол тұс­та ар­найы на­маз оқы­лып, ерек­ше зия­рат еті­лу­де.

Мұ­сыл­ман­дар үшін жер бе­тін­де Қағ­ба­дан да қа­сиет­ті екін­ші бір орын жоқ. Өйтке­ні, бұл киелі ғи­ба­дат үйі Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­дың әмір етіп, Же­бі­рейіл­дің (а.с.) жо­ба­сын көр­се­туі ар­қы­лы са­лын­ған.

Қағ­ба­ның төрт қа­быр­ға­сы қа­ла­нып, ке­зек бү­гін­гі «Ха­жа­рул-Әсуәд» деп ата­ла­тын қа­сиет­ті қа­ра тас тұр­ған бұ­рыш­қа жет­кен­де, Иб­ра­һим (а.с.) ұлы Ис­майылға тауап­тың бас­та­ла­тын ор­нын біл­ді­ре­тін бел­гі ре­тін­де бір тас әке­луін тап­сыр­ды. Ис­майыл әке­сі­нің тап­сыр­ма­сын орын­дау үшін тас із­деп тауға кет­кен­де, Же­бі­рейіл пе­ріш­те Иб­ра­һим­ге (а.с.) жұ­мақ­тан тас алып ке­ліп, Қағ­ба­ның бұ­ры­шы­на сол тас­ты қою ке­рек­ті­гін жет­кі­зе­ді. Риуаят­тар бойын­ша, бұл қа­сиет­ті тас әуел­де қар­дай әп­пақ көр­ген­дер­ді таң қал­ды­рар жұ­мақ­тан әке­лін­ген екен. Бі­рақ кейін­нен уа­қыт өте ке­ле адам­дар­дың кү­нә­кар қол­да­ры тие-тие қа­ра тас­қа айна­лып­ты.

Қа­сиет­ті қа­ра тас­ты Қағ­ба­ның бұ­ры­шы­на ор­на­лас­ты­ру­мен Қағ­ба­ның құ­ры­лы­сы то­лық аяқ­та­лып, Иб­ра­һим (а.с.) мен ұлы Ис­майыл Раб­бы­ла­ры­на қол жайып бы­лайша дұ­ға жа­сап, ті­лек ті­ле­ді:

«Раб­бы­мыз! Біз­ден (бұл іс­те­ген ісі­міз­ді) қа­был ал! Сен (ті­ле­гі­міз­ді) ес­ту­ші жә­не бі­лу­ші­сің. Ей, Раб­бы­мыз, екеу­міз­ді де өзі­ңе ға­на бойұсы­ну­шы қыл, ұр­пақ­та­ры­мыз­дан да өзі­ңе ға­на бойұсы­ну­шы үм­мет жа­сай гөр, әрі біз­ге қа­жы­лық амал­да­ры­мыз­ды көр­се­тіп, тәубе­міз­ді қа­был ал! Әл­бет­те, Сен тәубе­міз­ді қа­был алу­шы жә­не мейі­рім ету­ші­сің. Ей, Раб­бы­мыз ұр­па­ғы­мыз­дың іші­нен олар­ға аят­та­рың­ды оқи­тын, Кі­та­бың­ды жә­не та­ғы­лым­да­рың­ды үйре­те­тін, олар­ды (шір­ктен) та­за­лай­тын ел­ші жі­бе­ре гөр. Кү­мән­сіз, сен шек­сіз құ­ді­рет иесі Ға­зиз­сің, әр іс­ті орын­ды іс­тей­тін, еш нәр­се­ні бос­қа іс­те­мей­тін Ха­ким­сің».[1]

Қағ­ба – мұ­сыл­ман­шы­лық­та­ғы тау­хид[2] се­ні­мі­нің рә­мі­зі мен ны­ша­ны. Қағ­ба – күл­лі мұ­сыл­ман ба­ла­сы­ның қия­мет­ке дейін на­маз­да­рын­да жә­не жал­пы бар­лық қайыр­лы іс­те­рін­де жүз­де­рін бұ­ра­тын жә­не ум­ра-қа­жы­лық­та бас­қо­сар бір­ден бір киелі орын­да­ры. Осы бір киелі де қа­сиет­ті ме­кен­де мұ­сыл­ман­дар­дың мү­бә­рак ауыз­да­ры­нан шық­қан «Ләб­бәйка Аллаһум­ма Ләб­бәйк!» тәл­биясы тау-тас­ты жаң­ғыр­тып, же­ті қа­бат көк­ке тол­қы­ған күйі сам­ғап, кө­те­рі­ліп жа­та­ды. Қасиет­ті Қағ­ба­ның ат­мос­фе­ра­сы мүл­дем ерек­ше. Оны көр­ген көз­ге ыстық жас үйіріліп, оны сез­ген жү­рек бас­қа бір ерек­ше се­зім­ге бу­лы­ғып, ар-ож­дан адам­дық­тың биігі­не қа­рай сер­пі­ліп, бір ме­зет бол­сын мы­на пә­ни дү­ниені ұмы­та­ды.

[1] Бақара сүресі, 2/139

[2] Аллаһты даралау.

0 пікір