Ара­фат­та тұ­ру (қа­жы­лық­тың екін­ші па­ры­зы)
Ара­фат­та тұ­ру (қа­жы­лық­тың екін­ші па­ры­зы)
2 жыл бұрын 962
Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы

Ара­фа кү­ні түс ау­ған­нан кейін құр­бан айт­тың бі­рін­ші кү­ні таң на­маз­дың уақы­ты­на дейін, Ара­фат тауын­да бір ме­зет бол­са да тұ­ру – қа­жы­лық­тың не­гіз­гі па­ры­зы­ның біреуі. Сон­дық­тан кім­де-кім Ара­фат­та бір ме­зет бол­са да тұр­ма­са, қа­жы­лық ғи­ба­да­тын орын­да­ма­ған бо­ла­ды. Ке­ле­сі жы­лы қайта­дан орын­дау ке­рек. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) «Қа­жы­лық де­ге­ні­міз ара­фат, кім­де-кім ара­фат­қа үл­гер­се, қа­жы­лық­қа үл­гер­ген бо­ла­ды», – деп, Ара­фат­та тұ­ру­сыз қа­жы­лық ғи­ба­да­ты­ның қа­был етіл­мейті­нін ес­кер­ткен.     Ара­фат тауы­ның «Ура­нә» сайы­нан бас­қа бар­лық же­рін­де тұ­ру­ға бо­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Ара­фат­тың бар­лық же­рі уақ­фа ор­ны», – дейді. Ара­фат­тың «Жә­бә­лул-рах­мә» де­ген же­рін­де тұ­ру аб­за­лы­рақ. Ара­фат тауын­да ара­фа кү­ні күн бат­қан­ға дейін бо­лу уә­жіп. Өйтке­ні, Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) осы­лай іс­те­ген. Сон­дық­тан ара­фа кү­ні күн бат­пай қайт­қан адам­дар жа­за ре­тін­де құр­бан ша­ла­ды.

Ара­фат­та тұ­ру­дың дұ­рыс бо­луы үшін ниет жә­не дә­рет­ті бо­лу, тіп­ті ояу бо­лу шарт емес. Дә­рет­сіз, жү­ніп, хайыз, ни­фас күйін­де­гі адам­дар да Ара­фат­та тұ­ра ала­ды. Айша ана­мыз Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың бұйры­ғы бойын­ша, хайыз күйін­де Ара­фат­та уақ­фа (тұ­ру) жа­са­ған.

 

Ара­фа кү­ні жә­не Ара­фат­та тұ­ру­дың сүн­нет­те­рі

  • Ара­фа кү­ні күн шық­қан­нан кейін Ара­фат жақ­қа қа­рай бет алу
  • На­ми­ра ме­ші­тін­де түс­кі на­маз­дан бұ­рын Имам­ның екі хұт­ба оқуы
  • Аузы бе­рік бол­мау (ора­за тұт­пау)
  • Күн тал түс­тен ау­ған­нан кейін мүм­кін­дік бол­са, ғұ­сыл құйыну
  • Ара­фат­та тұ­ру­ға бар ықы­лас­пен дайын бо­лу
  • Бе­сін жә­не на­маз­ды­гер на­маз­да­рын бе­сін уақы­тын­да бір­ге қо­сып оқу. На­маз­дың осы­лай бе­сін уақы­тын­да бі­рік­ті­рі­ліп оқы­луын «жам­ғу – тақ­дим» деп атайды.
  • Бұл на­маз­дар­дан кейін де­реу уақ­фа жасау
  • Уақ­фа жа­са­ған уа­қыт­та дә­рет­ті бо­лу
  • Уақ­фа­ны «Жә­бә­лул-рах­мә» де­ген тө­бе­нің қа­ра тас­та­рын­да жасау
  • Уақ­фа жа­са­ған уа­қыт­та құ­бы­ла жақ­қа бет бұ­рып, тү­ре­геп тұ­ру
  • Ара­фат­та бар ықы­лас­пен өзі үшін, әке-ше­ше­сі жә­не жал­пы мұ­сыл­ман бауыр­ла­ры үшін дұ­ға жасау, ті­лек тілеу. Өйтке­ні, Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Дұ­ға­лар­дың ең қайыр­лы­сы – Ара­фа кү­ні жа­сал­ған дұ­ға»,[1] – деп бұйыр­ған.
  • Кү­ні бойы тәл­бия, тәк­бір, зі­кір, тәс­бих, салауат ай­тып, кү­нә­ла­ры­на ке­ші­рім тілеу
  • Ара­фат­та­ғы жол­дар­да уақ­фа жа­са­мау
  • Күн бат­қан­нан кейін Ара­фат­тан баяу жү­ріс­пен тү­су

 

Бе­сін на­ма­зы мен на­маз­ды­гер на­ма­зы бір уа­қыт­та қо­сы­лып, қа­лай оқы­ла­ды?

Ара­фа кү­ні бе­сін аза­ны оқыл­ған­нан кейін бе­сін на­ма­зы­ның ал­ғаш­қы төрт рә­кат сүн­не­ті оқы­ла­ды, со­сын қа­мат тү­сі­рі­ліп, бе­сін на­ма­зы­ның па­ры­зы оқы­ла­ды. Со­сын қайта­дан қа­мат тү­сі­рі­ліп, на­маз­ды­гер на­ма­зы­ның па­ры­зы оқы­ла­ды. Уақ­фа бол­ған­дық­тан, бе­сін на­ма­зы­ның соң­ғы сүн­не­тін оқу – мәк­рүһ. Әр екі на­маз­дың па­рыз­да­ры­нан кейін таш­риқ тәк­бі­рі айты­ла­ды. Осы­лайша бе­сін мен на­маз­ды­гер на­маз­да­ры бір азан, екі қа­мат­пен бе­сін уақы­тын­да қо­сы­лып оқы­ла­ды.



[1] Жамиғу-сағир, 3/471.

0 пікір