Ора­за­ның уақы­ты мен Ра­ма­зан айы­ның анық­та­лу жо­лы
Ора­за­ның уақы­ты мен Ра­ма­зан айы­ның анық­та­лу жо­лы
2 жыл бұрын 850
Қайрат Жолдыбайұлы

Ора­за­ның уақы­ты

Ора­за уақы­ты – екін­ші ша­пақ­тан бас­та­лып, күн­нің ба­туына дейін­гі уа­қыт. Кей­бір фа­қиһ­тер бойын­ша, сақ­тық үшін ал­ғаш­қы ша­пақ­та ішіп-жеуді тоқ­тат­қан жақ­сы. Кім­де-кім ша­пақ жайын­да кү­мән­дан­са, сә­ре­сі­ні тоқ­тат­қан аб­зал. Бі­рақ кім­де-кім тоқ­тат­пай ішіп-жеп, кейін­нен уақы­ты шы­ғып кет­ке­нін біл­се, ора­за­сын қа­за етуі ке­рек. Ра­ма­зан айы – ашық ас­пан­да жа­ңа ту­ған айды кө­ру­мен не­ме­се бұл­тты күн­де Шағ­бан айын отыз күн­ге тол­ты­ру ар­қы­лы бі­лі­не­ді. Құ­ран­да Аллаһ: «Кім­де-кім ора­за айын­да бол­са, ора­за ұс­та­сын» 292. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Жа­ңа ту­ған айды көр­ген кез­де ора­за ұс­таң­дар, екін­ші жа­ңа ту­ған айды көр­ген кез­де ора­за­ла­рың­ды тоқ­та­тың­дар. Егер ас­пан бұл­тты бол­са, Шағ­бан айын отыз­ға то­лық­ты­рың­дар», – де­ген293. Бас­қа бір ха­ди­сін­де «Ай жиыр­ма то­ғыз күн. Жа­ңа ту­ған айды көр­мейін­ше, ора­за ұс­та­маң­дар. Егер ас­пан бұл­тты бол­са, Шағ­бан айын отыз­ға то­лық­ты­рың­дар», – дейді.

Аузы бе­рік кі­сі күн­нің ба­тып-бат­па­ға­ны жайлы кү­мән­дан­са, ау­зын аш­па­ға­ны дұ­рыс. Ора­за ұс­та­ған адам анық уа­қыт­ты біл­ме­се, ша­ма­лау­мен сә­ре­ге тұ­рып, ша­ма­лау­мен ауыз аша ала­ды. Ша­пақ­тың ат­қа­нын бі­ле ал­ма­ған адам ер­те бас­тан қам жа­сап, ау­зын ер­те­рек бе­кі­тіп, ал күн­нің бат­қа­нын бі­ле ал­ма­ған кез­де, кеш­теу аш­қан аб­зал. Бұл – сақ­тық үшін жа­сал­ған ша­ра. Бі­рақ қа­зір­гі таң­да ар­найы жа­сал­ған күн­тіз­бе­лер бар.

 

Ра­ма­зан айы­ның анық­та­луы

Шағ­бан айы­ның жиыр­ма то­ғы­зын­шы кү­ні­нен бас­тап, жа­ңа ту­ған айды із­деу – уә­жіп. Ра­ма­зан ора­за­сы­ның аяқ­та­луы үшін де Шәууәл айын із­деу – уә­жіп. Егер Ра­ма­зан айы кө­рін­се, ер­те­ңі­не Ра­ма­зан ора­за­сы бас­та­ла­ды. Егер де ас­пан бұл­тты бол­са, Шағ­бан күн­де­рі отыз­ға тол­ты­ры­ла­ды. Одан кейін ба­рып, ора­за тұ­ты­ла­ды. Сол се­кіл­ді Ра­ма­зан айы­ның жиыр­ма то­ғы­зын­шы кү­нін­де де Шәууәл айы кө­рі­нуін қа­да­ға­лайды. Жа­ңа ай кө­рін­се, ер­те­ңі­не Ра­ма­зан айты бас­та­ла­ды. Ал егер кө­рін­бе­се, он­да Ра­ма­зан отыз күн­ге то­лық­ты­ры­ла­ды. Яғ­ни, ора­за ұс­та­ла­ды. Жа­ңа ай кө­рін­ген кез­де тәк­бір айты­луы ке­рек. Бұл – сүн­нет. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) жа­ңа айды көр­ген­де бы­лай деп дұ­ға ете­тін: «Аллаһым! Мы­на айды біз­ге бе­ре­кет, иман жә­не аман­дық пен ты­ныш­тық­қа ар­қау ет. Ей, жа­ңа ай. Се­нің де, ме­нің де Раб­бым – Аллаһ»294. Біз­дің да­ныш­пан ата-әже­ле­рі­міз­дің жа­ңа ай ту­ған­да – «Жа­ңа айда жа­рыл­қа, ес­кі айда есір­ке» – дей­тін дұ­ға­ла­ры осы Пай­ғам­бар дұ­ға­сы­ның ма­ғы­на­сы емес пе? Яғ­ни, Аллаһым! Жа­ңа айда жа­рыл­қап, ес­кі айда жа­са­ған қа­те­лік­те­рі­міз бен кү­нә­ла­ры­мыз­ды ке­шір. Да­на ата-әже­ле­рі­міз ешуа­қыт­та ай­дан бір нәр­се ті­ле­ген емес.

Ра­ма­зан айы не­ме­се ора­за айты ас­пан ашық бол­ған кез­де бір­не­ше адам­ның айды кө­руі­мен анық­та­ла­ды. Әбу Ха­ни­фа­ның кей сө­зі бойын­ша, екі әділ адам куә бо­луы жет­кі­лік­ті. Егер күн ашық бол­май бұлт, тұ­ман се­кіл­ді ке­дер­гі­лер кез­дес­се, тек қа­на бір әділ, па­ра­сат­ты, шын­шыл адам ға­на көр­се, оның куәсі жет­кі­лік­ті. Бұл адам әйел де, ер де бо­луы мүм­кін.

Кейбір ислам ғалымдары астрономия ғылымы арқылы жаңа айдың кіргенін анықтауға болады деп фәтуа берген.



292 Бақара, 2/185.

293 Бухари, Саум,5; Муслим, Сиям, 4.

294 Бухари, Саум,11.

0 пікір