Ора­за ғи­ба­да­ты
Ора­за ғи­ба­да­ты
2 жыл бұрын 712
Қайрат Жолдыбайұлы

Ора­за­ның сөз­дік ма­ғы­на­сы – бір нәр­се­ден алыс­тау. Ша­ри­ғат тер­ми­нін­де ора­за – ұс­тауға кү­ші жет­кен адам­ның ниет етіп, екін­ші ша­пақ­тан бас­тап, күн бат­қан­ға дейін ора­за­ны бұ­за­тын нәр­се­лер­ден сақ­тануы. Ора­за бел­гі­лі бір уа­қыт ішіп-жеу­ден, нәп­сі қа­лаула­ры­нан тыйылу. Мұ­ның па­ры­зы – ішіп-жеу мен құ­мар­лық се­зім­дер­ден сақ­та­ну.

Ора­за­ның уақы­ты: Таң­ның атуы­нан күн­нің ба­туына дейін­гі уа­қыт. Күн мен түн бол­ма­ған жер­лер­де сол ай­мақ­қа ең жа­қын жер­де­гі күн мен тү­ні бар ай­мақ­ты не­гіз­ге ала оты­рып ора­за ұс­тайды. Аллаһ Құ­ран­да бы­лай дейді: «Таң­нан, қа­ра жіп­тен ақ жіп (қа­раң­ғы­лық­тан сәуле) ажы­ра­тыл­ған­ға дейін ішің­дер, жең­дер, со­сын ора­за­ны кеш­ке дейін ұс­таң­дар»276. Мұ­ны­мен күн мен түн­нің ара­сын­да­ғы ше­ка­ра­ны айт­қан. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) «Бі­ләл түн уақы­тын­да азан оқи­ды, ибн Ум­ми Мәк­тум­ның аза­ны­на дейін ішіп-жең­дер»277. Яғ­ни, Бі­ләл сә­ре­сі үшін ибн Мәк­тум бол­са таң на­ма­зы үшін азан оқи­тын.

 

Ора­за­ның па­рыз болуы

Ра­ма­зан ора­за­сы – Ис­ламдағы бес па­ры­здың біреуі. Оған Құ­ран мен сүн­нет дә­лел. Құ­ран­да Аллаһ Та­ға­ла бы­лай дейді: «Ей, иман ет­кен­дер! Сен­дер­ге бұ­рын­ғы­лар­ға па­рыз етіл­ген­дей ора­за па­рыз етіл­ді»278. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Ис­лам бес нәр­се­ден тұ­ра­ды: Аллаһ­тан бас­қа құ­дай жоқ еке­ні­не, Мұ­хам­мед­тің Аллаһ­тың құ­лы жә­не Ел­ші­сі еке­ні­не куә­лік ету, на­маз оқу, зе­кет бе­ру, Ра­ма­зан ора­за­сын ұс­тау, ша­ма­сы кел­ген­дер­ге қа­жы­лық­қа ба­ру²279.

276 Бақара, 2/187.

277 Бухари, Азан, 11.

278 Бақара, 2/185.

279 Бухари, Иман, 34.

0 пікір