Ора­за бұ­зыл­ған­да қа­за­сы ға­на өте­ле­тін жағ­дай­лар
Ора­за бұ­зыл­ған­да қа­за­сы ға­на өте­ле­тін жағ­дай­лар
9 жыл бұрын 4005
Қайрат Жолдыбайұлы

Ем­дік мақсатта де­не­ге бір нәрсе кір­се, ора­за бұ­зы­ла­ды. Қа­за­сын өтеу ке­рек.

Қа­те­ле­сіп, бір нәр­се ішіп-жеу ора­за­ны бұ­за­ды. Яғ­ни бір адам ора­за еке­нін бі­ле тұ­рып, қа­те­ле­сіп бір нәр­се ішіп-же­се, ора­за­сы бұ­зы­ла­ды. Мы­са­лы, дә­рет алып жат­қан кез­де байқау­сыз­да та­ма­ғы­на су ке­тіп қал­са, қар­ды аузы­на са­лып, ол да та­ма­ғы­нан өт­се, ора­за­сы бұ­зы­ла­ды. Қа­за­сы өте­ле­ді. Егер де ора­за еке­нін ұмы­тып іс­те­се, ора­за бұ­зыл­майды. Тіс­те­рі­нің ара­сы­нан шық­қан қан тү­кі­рік­пен бір­дей не­ме­се одан көп бо­лып та­мақ­тан өт­се ора­за бұ­зы­ла­ды. Аз бол­са, бұ­зыл­майды. Өйтке­ні, кө­ле­мі аз қан­нан сақ­та­ну қиын.

Ұмы­тып бір нәр­се ішіп-жеу не­ме­се ұмы­тып ер­лі-зайып­ты­лар­дың бір-бі­рі­не жа­қын­дауы­мен ора­за бұ­зыл­майды. Өзі­нің ора­за еке­нін біл­мей бір нәр­се же­ген адам­ның есі­не ора­за екен­ді­гін сал­мау – мәк­рүһ. Егер әл­сіз, кә­рі бі­реу бол­са, есі­не сал­мау аб­зал. Сол се­кіл­ді өз­ді­гі­нен іш­тен кел­ген ауыз тол­ма­ған құ­сық өз­ді­гі­нен қайта ке­рі қайтса, ора­за бұ­зыл­майды. Бі­рақ адам­ның өзі жұт­са, ора­за бұ­зы­ла­ды. Жә­не аузы бе­рік адам өз қалауы­мен ауыз тол­ты­рып құс­са, ора­за бұ­зы­ла­ды. Өйтке­ні, бұл дә­рет­ті бұ­зу­мен қа­тар, аз не­ме­се кө­бі іш­ке қайта ке­те­ді. Бұ­ның қа­за­сы ке­рек. Яғ­ни, мейлі аз, мейлі көп, әдейі іш­ке құ­сық жұ­тыл­ған кез­де ора­за бұ­зы­ла­ды.

Ауыз то­лы құ­сық қа­қы­рық бол­са, Әбу Ха­ни­фа мен Имам Мұ­хам­мед бойын­ша, ора­за­ға еш­қан­дай зиян ти­гіз­бейді. Жо­ға­ры­да­ғы мә­се­ле­ге мы­на ха­дис дә­лел: «Аузы бе­рік адам құс­қы­сы ке­ліп, өзі­не ие бо­ла ал­ма­са, оған қа­за­сын өтеу мін­дет­ті емес. Өз қалауы­мен құ­са­тын бол­са, ора­за­сын қа­за ет­сін»309.

Жеуге жа­ра­май­тын әрі ұзақ тұ­ру мүм­кін­ді­гі жоқ нәр­се­лер­дің та­мақ­тан өтуі ора­за­ны бұз­байды. Мы­са­лы, ауаға жайыл­ған тү­тін, шаң ора­за­ны бұз­байды. Көз бен құ­лақ­қа сұйық дә­рі та­мыз­са, ора­за бұ­зыл­майды. Ал, мұ­рын­ға та­мы­зыл­са, бұ­зы­ла­ды. Қа­за­сы өте­ле­ді.

309 Әбу Дәәуд, Саум, 33; Тирмизи, Саум, 24.

0 пікір