Мы­на жағ­дайда­ғы­лар бұ­зыл­ған ора­за­сы­ның тек қа­на қа­за­сын өтейді
Мы­на жағ­дайда­ғы­лар бұ­зыл­ған ора­за­сы­ның тек қа­на қа­за­сын өтейді
9 жыл бұрын 2948
Қайрат Жолдыбайұлы
  1. Дә­рет алып жат­қан­да не­ме­се бас­қа се­беп­тер­мен та­мақ­қа су ке­ту.
  2. Ұйқы­да­ғы адам­ға су іш­кі­зу.
  3. Ауыр жұ­мыс­та жүр­ген кез­де ауы­рып қа­лу не­ме­се өзі­не бір зиян тиюі­нен қор­қып ора­за­сын бұзуы.
  4. Ұмы­тып бір нәр­се ішіп-же­ген кез­де «ора­зам бұ­зыл­ды» де­ген ой­мен ішіп-жеуді жал­ғас­ты­ру.
  5. Түн­де ниет ете ал­май күн­діз ниет ет­кен адам­ның бұ­ған кө­ңі­лі тол­май ішіп-жеуі.
  6. «Күн бат­ты» деп жа­ңы­лы­сып, ау­зын аш­са, бі­рақ күн­нің одан кейін бат­қа­нын біл­се, ора­за­сын бұз­ға­ны үшін, тек қа­на қа­за­сын өтейді. Сә­ре­сі­де та­мақ ішіп отыр­ған кез­де таң уақы­ты кір­се де­реу ау­зын­да­ғы­сын шы­ғар­са, ора­за бұ­зыл­майды.
  7. Түн­де ора­за­ға ниет­те­ніп, бі­рақ таң ер­тең жол­ға шы­ғып, жол­да ора­за­сын бұ­за­тын бол­са.
  8. Түн­де ора­за ұс­тауға ниет­тен­ген жо­лаушы­ның тұр­ғын бо­лу­ға ниет­тен­ген­нен кейін жеуі.

Бір адам Ра­ма­зан айы­нан тыс бі­ле тұ­ра ора­за­сын ішіп-жеу, зайыбы­на жа­қын­дау ар­қы­лы бұз­са, Ра­ма­зан айын­да бол­ма­ға­ны үшін тек қа­на қа­за­сын өтейді.

 

Әрі қа­за, әрі кәф­фа­рат қа­жет ет­тір­ген жағ­дай­лар

Бұ­лар екі­ге бө­лі­не­ді:

 1. Еш­қан­дай се­беп­сіз азық не­ме­се азық­тың ерек­ше­лі­гі бар бар­лық зат­тар­ды әдейі бі­ліп жеу. Мы­са­лы: әдейі жеу, ішу, те­ме­кі ше­гу. Бұ­лар­дың бар­лы­ғы та­мақ­қа кет­кен кез­де әрі қа­за, әрі кәф­фа­рат ке­рек. Бі­рақ азық­тар ауыз­да езі­ліп, жұ­тыл­май­тын бол­са, дә­мі де та­мақ­тан өт­пе­се, ора­за бұ­зыл­майды. Со­ны­мен қа­тар, бі­реуді ғай­бат­та­ға­ны үшін қан ал­дыр­ған­нан кейін не­ме­се сүйіс­кен­нен кейін ора­за бұ­зыл­ды деп ой­лап, әдейі жеу де кәф­фа­рат­ты қа­жет қы­ла­ды. Сол се­кіл­ді ау­зын­да­ғы жаң­быр там­шы­ла­рын әдейі жұ­ту кәф­фа­рат­ты қа­жет ет­ті­ре­ді. Тұз жеу де осын­дай. Бұл жайлы Ха­зі­ре­ті Әли­дің риуаят ет­кен мы­на ха­ди­сі дә­лел: «Ора­за кір­ген­нен ға­на бұ­зы­ла­ды, шық­қан­нан емес».

 2. Аузы бе­рік жан­ның зайыбы­мен жа­қын­дасуы. Мұ­ның дә­ле­лі Ра­ма­занның күндізінде әйелі­мен жа­қын­дас­қан бір адам Пай­ғам­ба­ры­мыз­ға (с.а.у.) біл­ді­ре­ді. Пай­ғам­ба­ры­мыз оған кәф­фа­рат үшін бір құл азат ету, оған ша­ма­сы жет­пе­се, екі ай қа­та­ры­нан үз­бей ора­за ұс­тау ке­рек­ті­гін яки оған да кү­ші жет­пе­се ал­пыс жоқ-жі­тік­ті тойды­ру қа­жет­ті­лі­гін айта­ды310. Екі ай ора­за ұс­тауға ша­ма­сы жет­кен адам жоқ-жі­тік­тер­ді тойды­ру мүм­кін­ді­гін кәф­фа­рат жо­лы­на пайда­ла­на ал­майды.

310 әш-Шәукани, IV, 214.

0 пікір