Атау (нә­зір)
Атау (нә­зір)
9 жыл бұрын 11053
Қайрат Жолдыбайұлы

Атау, нә­зір – Аллаһ­қа ғи­ба­дат мақ­са­ты­мен өзі­не ті­ке­лей мін­дет жүк­тел­ме­се де мү­баһ (адал) бір іс­ті жа­сауға ше­шім қа­был­дап, осын­дай бір іс­ті өзі­не уә­жіп ету жә­не Аллаһ­қа сөз беруі. Аллаһ үшін ғи­ба­дат са­нал­ған кей­бір нәр­се­лер­ді атау – сауап алу­ға ар­қау нәр­се. Мы­са­лы, «Аллаһ үшін ер­тең ора­за ұс­тауды ата­дым»не­ме­се «Жоқ-жі­тік­ке осын­ша ақ­ша бе­рейін»деу іс­пет­ті. Не­ме­се «Осы қиын­шы­лық­тан аман-есен өт­сем, Аллаһ үшін құр­бан ша­ла­мын»де­ген­дей.

Не­гі­зін­де мұн­дай атау илә­һи дін­дер­де де кез­дес­кен ғи­ба­дат тү­рі. Құ­ран Кә­рім­де Ха­зі­ре­ті Мә­риям ту­ра­лы атауды баян­да­ған: «Сол кез­де Им­ран­ның әйелі: «Раб­бым, ішім­де­гі­ні азат етіп, Са­ған ар­на­дым, ме­нен қа­был ет!»327. Жә­не Мә­риям­ға Же­бі­рейіл: «Ра­қым­ды Аллаһ үшін ора­за ұс­та­дым. Сон­дық­тан бү­гін еш­кім­мен сөй­лес­пей­мін» деп айт»328, – дейді. Аллаһ мұ­сыл­ман­дар­ға «Айт­қан нә­зір­ле­рін орын­дап, Қағ­ба­ны тауап ет­сін»329, – дейді. Әл­бет­те, мұн­дай атау тек ша­ри­ғат шең­бе­рі­нен шық­пауы ке­рек. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Кім­де-кім Аллаһ­қа бойұсы­ну­ды біл­ді­ре­тін нәр­се­ні ата­са, орын­да­сын, егер де кім­де-кім Аллаһ­қа қар­сы ке­ле­тін нәр­се ата­са, Аллаһ­қа қар­сы кел­ме­сін»330.

 

Атау­дың шар­тта­ры

1.  Атал­ған нәр­се­нің па­рыз не­ме­се уә­жіп тү­рі­нен бо­луы шарт. Мы­са­лы; «Бір ап­та ора­за ұс­тайын», «Жүз рә­кат на­маз оқиын» не­ме­се «Бір құр­бан сояйын» деп ата­са, бұ­лар­ды орын­дау уә­жіп. Се­бе­бі, мұн­да па­рыз бен уә­жіп ғи­ба­дат түр­ле­рі бар. Ал «Нау­қас­тың кө­ңі­лін сұ­райын», т.б. сияқ­ты атау­лар іс­ке ас­пайды. Өйтке­ні, мұн­да па­рыз яки уә­жіп жоқ.

2.  Атаушы­ның ақы­лы тү­зу жә­не ба­ли­ғат жа­сы­на то­луы ке­рек.

3.  Атал­ған нәр­се па­рыз яки уә­жіп тү­рі­нен бол­са, мұн­дай па­рыз яки уә­жіп­тер бас­қа­ға тәуел­ді бол­май өз ал­ды­на же­ке ғи­ба­дат бо­луы ке­рек. Мы­са­лы, «Төрт рә­кат оқиын» деуі атауға жат­са да, «Жақ­сы­лап дә­рет алайын» не­ме­се «Тиләуәт сәж­де­сін жа­сайын» деу – атауға жат­пайды. Өйтке­ні, дә­рет пен тиләуәт сәж­де­сі же­ке өз ал­ды­на ғи­ба­дат емес. Ке­рі­сін­ше, не­гіз­гі ғи­ба­дат­қа ар­қау ға­на.

4.  Атал­ған нәр­се сол кез­де не­ме­се ке­ле­шек­те ата­ма­са да жа­са­ла­тын па­рыз яки уә­жіп бол­мауы ке­рек. Мы­са­лы, «Бү­гін бе­сін на­ма­зын оқиын» яки Ра­ма­зан айын­да «Ер­тең ора­за тұ­тайын» деуі атауға жат­пайды.

5.  Атал­ған нәр­се Аллаһ пен Оның Ел­ші­сі­не қар­сы ке­ле­тін нәр­се бол­мауы ке­рек. «Мы­на ісім оң­ға бас­са, өзім­ді Аллаһ жо­лын­да құр­бан етейін» де­ген атау­лар жа­рам­сыз.

6.  Атал­ған нәр­се­нің іс­ке асуы – ша­ра­сыз бол­мауы ке­рек. «Ке­ше ора­за ұс­тайын» де­ген сияқты оны істеу мүмкін емес, түсінуге де тиянақсыз болмағаны дұрыс.

7.  Атал­ған ма­лы не­ме­се мүл­кі бөг­де­ні­кі яки өз иелі­гін­де­гі мүл­кі­нен көп бол­мауы ке­рек. Се­бе­бі, адам жа­сай ала­тын нәр­се­сін атау ке­рек.

 

Атау түр­ле­рі

Атау екі­ге бө­лі­не­ді:

Бі­рін­ші – шар­тты атау.

Кей­бір нәр­се­лер­дің іс­ке асуына байла­ныс­ты атау­лар. Мы­са­лы, «Осы дер­ттен бір құ­тыл­сам, ора­за ұс­тайын»деуі – шар­тты атау. Ата­ған адам науқа­сы­нанайық­қан жағ­дайда атауды іс­ке асы­ру – уә­жіп.

Шар­тты атау­лар іс жү­зе­ге ас­пай тұ­рып орын­дал­са, жа­рам­сыз са­на­ла­ды. Мы­са­лы, нау­қас­тан айық­пай тұ­рып, ора­за ұс­тау.

Ха­на­фи мәз­һа­бын­да атау­дың орын­да­луы үшін нақ­ты бел­гі­лен­ген кү­ні емес, бас­қа кү­ні ора­за ұс­тауға бо­ла­ты­ны сияқ­ты нә­зір­ді атал­ған адам­ға яки атал­ған жер­ге емес, бас­қа адам­ға, бас­қа жер­ге де бе­ре ала­ды. Яғ­ни, бел­гі­ле­ген кү­ні емес, бас­қа кү­ні ора­за ұс­тауына, сол адам­ға емес, бас­қа адам­ға бе­руіне, т.б. бо­ла­ды.

Екін­ші – шар­тсыз атау­лар. Екі­ге бө­лі­не­ді:

1. Бел­гі­лен­ген атау. Еш­қан­дай шар­тқа қа­тыс­сыз бел­гі­лі бір уа­қыт­та іс­ке аса­тын атау­лар: «Осы ап­та­ның жұ­ма тү­ні жүз рә­кат на­маз оқиын» деп ата­ға­нын­дай. Орын­дай ал­ма­са, қа­за­сын өтейді.

2. Бел­гі­лен­бе­ген атау. Қан­дай да бір шар­тқа не­ме­се за­ман­ға қа­тыс­сыз жал­пы атау­лар. «Бір ап­та ора­за ұс­тайын» деуі осы­ған жа­та­ды.

Ал «Бі­рақ пә­лен­ше­нің ке­луі үшін құр­бан ша­ла­мын» деу – дұ­рыс емес, үл­кен кү­нә. Аллаһ­қа се­рік қо­су.

Бір адам Аллаһ үшін құр­бан ата­са, оны өзі­нің от­ба­сы, ата-ана­сы же­мейді. Жей қал­ған күн­де құ­нын са­да­қа етіп та­ра­ту ке­рек.



327 Әли Имран, 3/35.

328 Мәриям, 19/26.

329 Хаж, 22/29.

330 Бухари, Әймән, 28.

0 пікір