На­маз мәк­рүһ­те­рі
На­маз мәк­рүһ­те­рі
2 жыл бұрын 863
Қайрат Жолдыбайұлы

На­маз­да­ғы мәк­рүһ­тер – тах­рим мәк­рүһ (ха­рам­ға жа­қын) жә­не тән­зиһ мәк­рүһ (ха­рам­нан қа­шық) бо­лып екі­ге бө­лі­не­ді. На­маз­да бір уә­жіп­ті тәрк ету – тах­рим мәк­рүһ, на­маз­да бір сүн­нет­ті тәрк ету – тән­зиһ мәк­рүһ199.

На­маз­да­ғы мәк­рүһ­тер:

1.На­маз­дың уә­жіп­те­рі­нің бі­рін әдейі тәрк ету. Мы­са­лы «Фа­ти­ха­ны» оқымау. Не­ме­се әдейі құ­пия оқы­ла­тын на­маз­ды жа­рия оқу яки жа­рия оқы­ла­тын на­маз­ды құ­пия оқу се­кіл­ді. Тах­рим мәк­рүһ бол­ған мұн­дай на­маз дұ­рыс де­сек те, қайта оқы­луы уә­жіп. Өйтке­ні, ке­міс­тік ұмы­тыл­май, әдейі тас­та­лы­нып отыр. Ұмы­ты­лып тәрк етіл­се, қа­те­лік (сә­һу) сәж­де­сі ар­қы­лы тү­зе­ті­ле­ді.

2.Екін­ші рә­кат­ты бі­рін­ші рә­кат­қа қа­ра­ған­да ұзақ оқу – мәк­рүһ.

3.На­маз­дың сүн­нет­те­рі­нің бі­рін әдейі тәрк ету – мәк­рүһ. Мы­са­лы, рү­күғ­те­гі тәс­бих­ті оқымау.

4.На­маз оқы­ған кез­де еш­қан­дай се­беп­сіз бір нәр­се­ге сүйену (қа­быр­ға­ға, ті­рек, т.б.).

5.На­маз­да се­беп­сіз бір-екі қа­дам жү­ру. Бі­рақ, жы­лан не­ме­се шаян­ды өл­ті­ру се­кіл­ді бел­гі­лі бір се­беп­тер­мен жүр­се – мәк­рүһ емес. Бі­рақ бұл жү­ру көп іс-қи­мыл­ды ту­дыр­са на­маз бұ­зы­ла­ды. Бұн­дайда зиян­кес­ті жою үшін на­маз­ды бұ­зу­ға бо­ла­ды.

6.Қы­ра­ғат­та сү­ре­лер­дің ке­зек­пен оқыл­мауы – мәк­рүһ. Мы­са­лы, бі­рін­ші рә­кат­та «Нас» сү­ре­сін оқып, одан кейін «Ықы­лас» сү­ре­сін оқу тә­різ­ді.

7.Бір рә­кат­та бір сү­ре­нің екі рет оқы­луы не­ме­се па­рыз­да екі рә­кат­та да «Фа­ти­ха­дан» кейін дәл бір­дей сү­ре­ні қайта­лап оқу – мәк­рүһ. Бі­рақ бұл нә­піл на­маз­дар­да мәк­рүһ емес.

8.На­маз оқы­ған кі­сі қо­лы­мен киім, де­не, са­қа­лы­мен ойнауы жә­не алақанымен аузын басуы, т.б. Ха­дис­те бар: «Аллаһ сен­дер үшін үш нәр­се­ні мәк­рүһ са­на­ды: На­маз­да бос нәр­се­лер­мен айна­лы­су, ора­за­да жа­ман сөз айту, ма­за­рат­та кү­лу»200. Бі­рақ жүз­де­гі тер­ді сүр­ту не­ме­се сәж­де ете­тін жер­де­гі ұсақ тас­тар­ды бір рет тү­зе­ту­ді дұ­рыс са­на­ған201.

9.На­маз­да қиям (түрегеп тұ­ру), қы­ра­ғат, рү­күғ жә­не сәж­де кез­де­рін­де қол­дар­ды сүн­нет бол­ған мү­ше­лер­ге се­беп­сіз қоймауы – мәк­рүһ. Мы­са­лы, қиям­да екі қо­лын екі жақ­қа тас­тауы се­кіл­ді.

  1. На­маз­да бит, шы­бын, т.б. өл­ті­ру, қуалау – мәк­рүһ. Бі­рақ құ­мыр­сқа се­кіл­ді жән­дік­тер ша­ғып ма­за­сын ке­тір­се, алып тас­тауға бо­ла­ды.
  2. Ер­лер­дің сәж­де ет­кен кез­де бі­лік­те­рін тү­гел­дей жер­ге ти­гі­зуі – мәк­рүһ.
  3. На­маз­да ке­рі­лу не­ме­се есі­неу – мәк­рүһ. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Есі­неу – шай­тан­нан. Кім­де-кім есі­не­гі­сі кел­се, ша­ма­сы кел­ген­ше же­ңу­ге ты­рыс­сын202 деген.
  4. На­маз­да се­беп­сіз өз қалауы­мен түш­кі­ру – мәк­рүһ.
  5. Же­ті жер­де на­маз оқу – мәк­рүһ. Бұ­лар­ды Аллаһ Ел­ші­сі: «Күл-қо­қыс­та, мал сойыл­ған жер­лер­де, ма­за­рат­та, жол ше­тін­де, мон­ша­да, түйе қо­ра­да жә­не Қағ­ба­ның үс­тін­де»203– деп, са­ра­лап атап айт­қан.
  6. На­маз­да тіс­те­рі­нің ара­сын­да­ғы но­қат­тан кіш­ке­не бір нәр­се­ні жұ­ту – мәк­рүһ. Одан үл­кен бол­са, на­маз бұ­зы­ла­ды.
  7. Дас­тар­қан жайы­лып, та­мақ әзір тұр­ған­да на­маз­ға тұ­ру – мәк­рүһ. Бі­рақ на­маз уақы­ты­ның шы­ғуы жа­қын­да­са, ол бөлек.
  8. На­маз­да көз­де­рін жұ­му не­ме­се көз­де­рін көк­ке ті­гу, жан-жа­ғы­на қа­рау не­ме­се ба­сын бұ­рып қа­рау – мәк­рүһ. Не­гі­зін­де на­маз­да адам­ның кө­зін тар­та­тын нәр­се­лер бол­са, мұн­дай жағ­дайда на­маз­ды кө­ңіл қойып оқу үшін кө­зін жұ­му­ға бо­ла­ды. Ал кө­зін көк­ке ті­гу мә­се­ле­сі­не кел­сек, Аллаһ Ел­ші­сі бы­лай дейді: «Бұл әре­ке­тін тоқ­тат­сын не­ме­се Аллаһ олар­дың көз­де­рін көр ете­ді»204.
  9. Сау­сақ­та­рын бір-бі­рі­мен ай­қас­ты­ру, шы­тыр­ла­ту – мәк­рүһ. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Ме­шіт­те­гі кі­сі сау­сақ­та­рын бір-бі­рі­мен ай­қас­тыр­ма­сын. Өйтке­ні, мұн­дай іс-әре­кет шай­тан­нан. Ме­шіт­те­гі кі­сі – сыр­тқа шық­қан­ға дейін на­маз­да».205 Әбу Һу­райра: «Аллаһ Ел­ші­сі на­маз­дар­да сау­сақ­тар­ды шы­тыр­ла­ту­ға тыйым сал­ды» – де­ген.
  10. На­маз­да сә­лем бер­мей жа­тып тер­ді не­ме­се жү­зі­не жұқ­қан шаң-то­заң­ды сүр­ту – мәк­рүһ. Бі­рақ көз­ге кі­ре­тін­дей бол­са, он­дай тер­ді сүр­ту­дің оқа­сы жоқ.
  11. Имам­нан бұ­рын рү­күғ не­ме­се сәж­де­ге ба­ру, одан бұ­рын рү­күғ не­ме­се сәж­де­ден ба­сын кө­те­ру – мәк­рүһ. Бі­рақ имам­ға ұйы­ған адам имам­нан бұ­рын рү­күғ не­ме­се сәж­де­ге ба­рып, имам рү­күғ­ке яки сәж­де­ге бар­май жа­тып, ба­сын кө­тер­се, на­ма­зы бұ­зы­ла­ды. Бұн­дай жағ­дайда, имам рү­күғ­тан яки сәж­де­ден тұр­май тұ­рып, имам­мен бір­ге рү­күғ­ті яки сәж­де­ні қайта­дан жасауы ке­рек.
  12. Қиям, рү­күғ жә­не сәж­де ара­сын­да тәк­бір мен тәс­бих­тар­ды өз ретінен кейін­ге қал­ды­ру – мәк­рүһ. Мы­са­лы қиям­нан рү­күғ­ке бар­ған­нан соң «Аллаһу әк­бар» деу се­кіл­ді.
  13. Жан­ған от­қа қа­рай на­маз оқу – мәк­рүһ. Өйтке­ні, мұн­да от­қа та­бы­ну­шы­лар­ға ұқ­сау бар. Жан­ған ошақ пен пеш, газ да осы­ған жа­та­ды. Шы­рақ, лам­па, элек­тр пе­ші бұ­ған жат­пайды.
  14. Ара­сын­да еш­қан­дай пер­де­сіз бір адам­ның жү­зі­не ті­ке­лей қа­рап на­маз оқу – мәк­рүһ. Бі­рақ адам­ның ар­қа­сы­на қа­рап на­маз оқу­ға бо­ла­ды.
  15. Уа­қыт бо­ла тұр­са да үл­кен не­ме­се кі­ші дә­рет­ке қы­сы­лып тұ­рып на­маз оқу – мәк­рүһ. Бұл тұр­ғы­да: Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.): «Та­мақ әзір тұр­ған­да жә­не кі­ші, үл­кен дә­ре­ті қыс­қан адам­ның оқы­ған на­ма­зы то­лық емес»206 – де­ген сө­зі бар.
  16. Аз мөл­шер­де лас­тық­тың де­не не­ме­се на­маз оқы­ла­тын жер­де бо­луы – мәк­рүһ.
  17. Бір аяқ­пен тұ­ру не­ме­се бір ая­ғын бір аяғы­на сүйеу – мәк­рүһ.
  18. На­маз­да  киім­ді се­беп­сіз ки­мей, иығы­на жауып оқу – мәк­рүһ.
  19. Та­за киімі бо­ла тұр­са да, кір киім­мен оқу – мәк­рүһ.
  20. Ер­лер­дің күн ыс­тық­та үс­ті­не киім ки­мей оқуы – мәк­рүһ.
  21. Ер­лер­дің еш­қан­дай се­беп­сіз жі­бек киім­мен на­маз оқу­ – мәк­рүһ.
  22. Киім­нің шаңдануынан не­ме­се ті­зе­сі шығып, қы­ры­ның бұ­зы­луы­нан сақ­та­ну үшін, рү­күғ не­мес сәж­де­ге бар­ған кез­де киім­ді жай­лап жо­ға­ры кө­те­ру – мәк­рүһ.
  23. Адам не­ме­се жан-жа­нуар­дың су­ре­ті бар киім­мен на­маз оқу не­ме­се мұн­дай ма­та­ға сәж­де ету – мәк­рүһ. Бі­рақ, мұн­дай киім­нің үс­тін бас­қа киім­мен жауып оқы­са, еш­те­ңе ет­пейді.

На­маз оқы­ған адам­ның тө­бе­сін­де, ал­дын­да, оңы мен со­лын­да жан­ды нәр­се­лер­дің су­ре­ті тұ­руы – мәк­рүһ. Бі­рақ мү­ше­ле­рі жай қа­ра­ған­да кө­рін­бей­тін кіш­ке­не бір су­рет­тің оқа­сы жоқ. Төл­құ­жат, куә­лік, ақ­ша сияқ­ты нәр­се­лер­де­гі су­рет­тер қал­та се­кіл­ді жа­бық жер­де бол­са, еш­те­ңе ет­пейді.



199 Кәсани, I, 215-220; әз-Зуһайл, а.а.е., I, 770.

200 Бухари, Зәкәт, 53.

201 Ибн Абидин, I, 600.

202 Бухари, Бәд'л-Халқ, 11. Әдәб, 127

203 әш-Шәукани, II 138

204 Бухари, Азан. 93.

205 әш-Шәукани, II, 328

206 Муслим, Мәсажид, 67.

0 пікір