Жо­лаушы­лық
Жо­лаушы­лық
2 жыл бұрын 630
Қайрат Жолдыбайұлы

Бір адам тұ­ра­тын же­рі­нен алыс жер­ге жол­ға шық­қан­нан бас­тап, жо­лаушы са­на­ла­ды. Жо­лаушы­ның па­рыз на­маз­да­ры қыс­қа­ра­ды. Ға­лым­дар­дың есе­бі бойын­ша, жаяу жүр­ген адам үш күн­дік жол жүр­се, яғ­ни, ша­ма­мен 85-90 ша­қы­рым­нан ас­там жер­ге жо­лаушы­лап шық­са, жо­лаушы са­на­ла­ды. Қа­зір­гі за­ман­да­ғы кө­лік­тер де бұл үкім­ді өз­гер­тпейді. Бұл ша­қы­рым жа­һан­да­ну әле­мі­не сай кел­се де, кел­ме­се де ға­лым­дар­дың бер­ген фә­туасы осы­лай. Әлем­де көп­те­ген ауыл­дар бар. Әр­кім­нің ша­ма­сы бір емес. Дін­де же­ңіл­дік бар. Құ­ран­да Аллаһ Та­ға­ла бы­лай дейді: «Жер жү­зін­де са­пар­да бол­ған уа­қыт­та­рың­да, кә­пір­лер­дің өз­де­рі­ңе бір қас­тан­дық іс­теуі­нен қо­рық­сан­дар, на­маз­да­рың­ды қыс­қар­ту­ла­рың­да кү­нә жоқ»264.

Бұ­дан бас­қа қа­жы­лық, ум­ра жә­не ға­зауат­қа шық­қан ке­зін­де Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) төрт рә­кат на­ма­зын – екі рә­кат етіп қыс­қар­тып оқы­ға­ны жайлы көп­те­ген ха­дис­тер бар. Яғ­ни, төрт рә­кат па­рыз на­маз­дар екі рә­кат еті­ліп, оқы­ла­ды. Ақ­шам мен таң на­ма­зы қыс­қар­тыл­майды.

 

Жо­лаушы­лық үкі­мі қай жер­ден бас­та­ла­ды?

Тұр­ған ме­ке­ні­нің (қа­ла, ауыл) соң­ғы үйле­рі­нен өт­кен уа­қыт­тан бас­тап жо­лаушы са­на­ла­ды. Қа­ла­мен бі­ті­се ор­на­лас­қан ауыл­дар да қа­ла­ са­на­лып, олар­дан өт­кен кез­де ға­на жо­лаушы­лық үкі­мі жү­ре­ді. Яғ­ни, на­маз­да­рын қыс­қар­тып оқи ала­ды. Қа­ла біт­кен­нен кейін кез­де­се­тін бі­рең-са­ран үй­лер есеп­ке алын­байды.

Жо­лаушы өз же­рі­нен бөг­де жер­ге ба­рып, сол жер­де он бес күн, яки одан да көп мер­зім қа­лу­ға ниет ет­се, тұр­ғын са­на­лып, жо­лаушы­лық үкі­мі­нен шы­ға­ды. Егер де он бес күн­нен аз қа­лу­ға ниет ет­се, на­маз­да­рын қыс­қар­тып оқи­ды. Жо­лаушы үйіне қай­тып кел­ген­ге дейін жо­лаушы са­на­ла­ды. Не­гіз­гі тұр­ған же­рі­нен кө­шіп, бас­қа жер­ге то­лық ор­на­лас­қан­нан кейін, көш­кен же­рі­не он бес күн­нен аз мер­зім үшін қайта кел­се, на­ма­зын қыс­қар­тып оқи­ды. Жо­лаушы­лық үкі­мі­нің тоқ­тауы үшін 15 күн тұ­ру­ды ниет ет­кен жер – бір жер бо­луы ке­рек. Егер бө­лек-бө­лек жер­лер­де жал­пы 15 күн қа­лу­ды ниет ет­се, жо­лаушы­лық үкі­мі­нен шық­пайды. Мы­са­лы, 10 күн Аты­рауда, 5, яки 14 күн Қа­ра­ған­ды­да бо­лу­ды ниет ет­се, жо­лаушы­лы­ғы біт­пе­ген­дік­тен на­маз­да­рын қыс­қар­тып оқи бе­ре­ді. 15 күн қа­лу ниеті бір­ден ниет еті­лу ке­рек. Егер 7 күн қа­ла­мын деп ниет етіп, же­ті күн өт­кен­нен кейін кей­бір се­беп­тер­ге байла­ныс­ты та­ғы да 10 күн қа­лу­ды ниет ет­се, қал­ған күн­де­рі­нің жал­пы са­ны 17 күн бо­ла тұ­ра жо­лаушы­лық үкі­мі тоқ­та­майды. Өйтке­ні, уа­қыт­тар бө­лек-бө­лек ниет еті­ліп, бел­гі­ле­ніп отыр. Жо­лаушы­лық уақы­ты біт­пе­се де бір жер­де 15 күн тұ­ру­ды ниет ету ар­қы­лы жо­лаушы­лық үкі­мі тоқ­тайды. На­маз­да­рын қыс­қарт­пас­тан то­лық оқи­ды.

Жо­лаушы 85-90 ша­қы­рым жол жүр­ген­нен кейін, жар­ты жол­дан үйіне қайту­ды ниет ет­се, үйіне кел­ген­ге дейін жо­лаушы са­на­ла­ды. Яғ­ни, тек қа­на үйге қайту ниеті жо­лаушы­лық­тан шы­ғар­майды.

На­маз жа­ма­ғат­пен оқыл­ған­да тұр­ғын – жо­лаушы­ға, жо­лаушы – тұр­ғын­ға ұюына бо­ла­ды. Бі­рақ тұр­ғын адам жо­лаушы­ға ұйы­ған­да, екі рә­кат­тан кейін жо­лаушы имам­ның сә­лем бе­руін кү­те­ді. Жо­лаушы имам екі жақ­қа сә­лем бер­ген кез­де, тұр­ғын сә­лем бер­мей, ор­ны­нан тұ­рып қал­ған екі рә­ка­тын то­лық­ты­рып оқи­ды. Ал егер жо­лаушы тұр­ғын­ға ұйы­ған жағ­дайда, на­ма­зын төрт рә­кат етіп, то­лық оқи­ды. Имам­ға ба­ғы­ну шарт. Жо­лаушы­лық кез­де қа­за бол­ған на­маз­дар­дың қа­за­сын кейін жай уа­қыт­та оқы­ған жағ­дайда да екі рә­кат қы­лып қыс­қар­тып оқи­ды. Сол сияқ­ты жай уа­қыт­та қа­за бол­ған на­маз­дар­дың қа­за­сын жо­лаушы бол­ған уа­қыт­та оқы­са, қыс­қарт­пай то­лық оқи­ды.


264 Ниса, 4/101.

1 пікір
  • Түсінбедім, жолаушы уйінен 80-90 шақырым жерден алыстаса жолаушы болып саналады ма, әлде тұрған қаласынан шығасалысымен жолаушы болады ма? Мысалы мен тұрған жерден 45км аралықтағы қалада жүрсем жолаушы болып саналамын ба?Рахмет
    6 ай бұрын