Жа­ма­ғат на­маз­да сап­тың ре­ті
Жа­ма­ғат на­маз­да сап­тың ре­ті
2 жыл бұрын 507
Қайрат Жолдыбайұлы

Екі адам на­маз оқы­ған уа­қыт­та біреуі имам бо­лып, екін­ші­сі оң жа­ғы­на тұ­рып, аяғы­ның өк­ше­сі имам­ның аяғы­ның өк­ше­сі­нен кейін тұ­ру ке­рек. Бір адам­ның имам­ның ар­ты­на не­ме­се сол жа­ғы­на тұ­руы – мәк­рүһ. Имам­ға ұйы­ған адам әйел кі­сі бол­са, имам­ның ар­ты­на тұ­ра­ды. Жа­ма­ғат екеу яки одан да көп бол­са имам­ның ар­ты­на тұ­ра­ды. Жа­ма­ғат­тың біреуі ер кі­сі, екін­ші­сі әйел бол­са, ер кі­сі имам­ның оң жа­ғы­на, әйел арт жа­ғы­на тұ­ра­ды. Имам­нан бас­қа екі ер кі­сі жә­не бір әйел кі­сі бол­са, ер кі­сі­лер имам­ның ар­ты­на, әйел ер кі­сі­лер­дің ар­ты­на тұ­ра­ды. Екі адам жа­ма­ғат бо­лып на­маз оқып жат­қан уа­қыт­та, үшін­ші адам ке­ліп, имам­ның оң жа­ғын­да­ғы адам­ды артқа тар­тып, имам­ның ар­тын­да бір­ге на­маз оқу­ла­ры­на рұқ­сат.

0 пікір