Іш­кі па­рыз­да­ры
Іш­кі па­рыз­да­ры
2 жыл бұрын 833
Қайрат Жолдыбайұлы

1. Иф­ти­тах (бас­тау, ашу) тәк­бі­рі

Иф­ти­тах – бас­тау, жа­бық нәр­се­ні ашу, ену де­ген ма­ғы­на­ға саяды. Әрі «тах­рим тәк­бі­рі» деп те ата­ла­ды. Иф­ти­тах тәк­бі­рі – на­маз­ға бас­тар­да алы­на­тын тәк­бір. Яғ­ни, ті­ке тұ­рып, «Аллаһу әк­бар» сө­зін ай­тып, құ­лақ қа­ғу. Түрегеп тұ­ра ал­ма­ған кі­сі оты­рып тәк­бір айта ала­ды. Имам­ның жа­ма­ғат ес­туі үшін тәк­бір­ді жа­рия­лап айтуы – мұс­та­хап. Бұл жайлы аят: «Раб­бың­ды ұлық­та»158. Ха­дис: «На­маз­дың кіл­ті – та­за­лық, тах­ри­ма­сы – тәк­бір»159. Бас­қа бір ха­дис­те: «Дә­рет­ті то­лық алып, со­дан кейін құ­бы­ла­ға қа­рап, «Аллаһу әк­бар» де­мейін­ше, Аллаһ ол пен­де­нің на­ма­зын қа­был ет­пейді»160– де­лін­ген.

Тәк­бір ниет­тен кейін алы­нып, имам­ның тәк­бі­рі­нен кейін алы­нуы қа­жет-дүр.

2.  Қиям (түрегеп тұ­ру)

Қиям –тіп-тік түрегеп тұ­ру де­ген ма­ғы­на­ға ке­ле­ді. На­маз­да не­гіз­гі па­рыз­дар­дың бі­рі са­на­лып, әр рә­кат­та Құ­ран­нан бір сү­ре оқы­ла­тын­дай уа­қыт тұ­ру. Құ­ран­да Аллаһ: «Аллаһ­қа ба­ғы­нып,түрегеп тік тұ­рың­дар», – дейді161. Бі­рақ аяқ­та тұ­рып на­маз оқи ал­ма­са, оты­рып оқуына бо­ла­ды. Хазі­ре­ті Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «(На­маз­ды) түрегеп тік тұ­рып оқы. Егер оған кү­шің жет­пе­се, оты­рып оқы. Оған да кү­шің жет­пе­се, сүйе­ніп оқы» 162.

Иф­ти­тах тәк­бі­рін ала­тын­дай кү­ші жет­кен адам тік тұ­рып, тәк­бір алып, одан әрі оты­рып оқуына бо­ла­ды. Қыс­қа­сы, нау­қас адам тү­ре­геп тұ­ру­ға кү­ші жет­пе­се оты­рып, оты­ра ал­ма­са сүйе­ніп, бол­ма­са жа­тып иша­рат­пен на­маз оқи ала­ды.

Нә­піл на­маз­дар­ды тұ­рып оқу­ға кү­ші же­те тұ­ра оты­рып оқу­ға бо­ла­ды. Бі­рақ, тұ­рып оқу­ға кү­ші же­тіп жат­са, әри­не тұ­рып оқы­ға­ны аб­зал.

Бұл жер­де Хазі­ре­ті Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) оты­рып на­маз оқуы­нан мы­сал бе­ре ке­тейік: Әбу Һу­райра (р.а.) айта­ды: «Бір кү­ні Аллаһ Ел­ші­сі­нің жа­ны­на бар­дым. Бар­сам, на­ма­зын оты­рып оқып жа­тыр екен. На­маз­ды бі­тір­ген соң:

Пай­ғам­ба­рым! Сыр­қат­та­нып қал­ды­ңыз ба? – деп сұ­ра­дым.

Жоқ, аш­тық! Әбу Һу­райра, – де­ді.

Мен шы­дай ал­май, жы­лап жі­бер­дім. Ме­нің жы­ла­ға­ным­ды кө­ріп:

–          «Жы­ла­ма, Әбу Һу­райра! Бұл дү­ниеде аш­тық аза­бын тар­тқан, ар­ғы жақ­та Аллаһ­тың аза­бын тар­тпайды»,163 – деп жұ­бат­ты.

3. Қы­ра­ғат

Қы­ра­ғат – оқу де­ген сөз. Бұл жер­де «Құ­ран оқу» ма­ғы­на­сын біл­ді­ре­ді. На­маз­да оқы­ла­тын аят­тың ең қыс­қа­сы Әбу Ха­ни­фа бойын­ша үш аят не­ме­се осы үш аят­тың кө­ле­мін­дей бір яки екі аят. Қы­ра­ғат­тың па­рыз болуы. Аят: «Құ­ран­нан же­ңіл кел­ге­нін оқың­дар»164. Ха­дис: «Қы­ра­ғат­сыз на­маз жоқ»165. Екі мейлі төрт рә­кат на­маз бол­сын, оның тек екі рә­ка­тын­да қы­ра­ғат – па­рыз. Бі­рақ сол қы­ра­ғат­ты ал­ғаш­қы екі рә­ка­тын­да оқу – уә­жіп. Нә­піл мен үтір на­маз­да­ры­на кел­сек, олар­дың бар­лық рә­кат­та­рын­да қы­ра­ғат –па­рыз. «Фа­ти­ха» сү­ре­сін оқу уә­жіп. Сон­дық­тан «Фа­ти­ха» оқыл­ма­са, на­маз «тах­рим мәк­рүһ»* ре­тін­де дұ­рыс. На­маз­да «Фа­ти­ха­ны» оқу­ды ұмыт­қан жағ­дайда қа­те­лік (сә­һу) сәж­де­сін жа­сау ке­рек. На­маз­дың не­гіз­гі ті­рек­те­рін құ­ра­ған қиям, рү­күғ сәж­де се­кіл­ді па­рыз­дар­ға қа­ра­ған­да, қы­ра­ғат – на­маз­дың ар­тық па­ры­зы. Сон­дық­тан қиям, рү­күғ сәж­де жә­не соң­ғы оты­рыс мейлі жа­ма­ғат­пен, мейлі жал­ғыз оқы­ған­да тәрк етіл­мейді де, қы­ра­ғат имам­ға ұйы­ған адам­ға міндеттелмейді. Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Имам – оған ұю үшін та­ғайын­да­лып қойыл­ған. Имам тәк­бір айт­қан­да, сен­дер де ай­тың­дар, Құ­ран оқы­ған уа­қыт­та, үн­сіз болыңдар»,166– дейді.

Имам Әбу Юсуп пен Имам Мұ­хам­мед­тің көз­қа­ра­сы бойын­ша, қы­ра­ғат­тың тек араб­ша мә­ті­ні бо­лу ке­рек. Құ­ран­ды бас­қа бір тіл­ге ауда­рып оқу – дұ­рыс емес. Әбу Ха­ни­фа Құ­ран­ды бас­қа бір тіл­ге ауда­рып оқу­ға бо­ла­ды деп иш­ти­һад ет­се де, кейін­нен бұл көз­қа­ра­сы­нан қайт­қан.

Қы­ра­ғат­ты на­маз­да іш­тен оқы­са, қы­ра­ғат са­нал­майды. Сол се­беп­ті, оны адам­ның өзі ес­ти­тін­дей не­ме­се ті­лі әріп­тер­ді ақы­рын шы­ға­рып қи­мыл­дау ке­рек. Бі­рақ жа­нын­да­ғы­лар ес­ти­тін­дей оқып, олар­дың кө­ңі­лін бұз­бау қа­жет167.

 

Намаз, азан сияқты ғибадаттар тек қана араб тілінде орындалады.

Әр ұлт өз тілінде орындаса жеңіл болмас па еді?

 

На­маз­да мұ­сыл­ман­дар­дың Құ­ран Кә­рім­нен сү­ре­лер оқу­ға мін­дет­ті­лі­гі бә­рі­міз­ге бел­гі­лі. Мұ­сыл­ман­дар­дың өз тіл­де­рі­не, жер­гі­лік­ті же­рі­не қа­ра­мас­тан со­нау Мұ­хам­мед (с.а.у.) пай­ғам­бар за­ма­ны­нан бұл­жы­май, заң­дас­қан бұл қа­ғи­да ке­ле­шек­те де дәл осы­лай жал­ға­са бе­ре ме?

Ең ал­ға­шын­да кез-кел­ген адам үшін ана ті­лін­де құл­шы­лы­ғын орын­дау – әрі же­ңіл, әрі орын­ды кө­рі­не­рі рас. Алайда, мә­се­ле­ні ег­жей-тег­жейлі қа­рас­ты­рар бол­сақ, кең кө­лем­ді тү­сі­нік­ке қол жет­кі­зе­рі­міз анық.

Ең ал­ды­мен ті­лек-дұ­ға мен на­маз­дың ара жі­гін ажы­ра­тып ал­ған жөн. На­маз­дан тыс жа­са­ла­тын ті­лек­тер мен дұ­ға­лар­да мұ­сыл­ман кі­сі­ге іш­кі ті­ле­гі мен мұң-мұқ­та­жын қай тіл­де ай­тып жет­кі­зем де­се де, бұ­ған тыйым са­лын­ба­ған.

Өйткені, бұл Жа­ра­ту­шы мен құл ара­сын­да­ғы же­ке мә­се­ле­ге қа­тыс­ты. Ал на­маз бол­са, ол жал­пы­ға, жа­ма­ғат­қа тән құл­шы­лық бол­ған­дық­тан, на­маз­ға қо­сы­ла­тын бас­қа да мұ­сыл­ман­дар­дың қа­жет ті­лек­те­рі­мен са­на­су ке­рек. Не­гі­зі­нен на­маз жа­ма­ғат­пен оқы­лу­ға тиіс. Бі­рақ жал­ғыз оқу­ға да рұқ­сат етіл­ген.

Егер Ис­лам ді­ні қан­дай да бір бел­гі­лі бір ай­мақ­тың яки бел­гі­лі бір ұлт­тың ді­ні бол­са, он­да еш­қан­дай кү­мән­сіз сол ай­мақ­та­ғы сол ұлт­тың ға­на ті­лі қол­да­ны­лар еді. Алайда, төр­ткүл дү­ниеге та­ра­ған, бір-бі­рін тү­сін­бей­тін қан­ша­ма ұлт өкіл­де­рі­не ор­тақ дін­нің өзін­дік ерек­ше­лік­те­рі мен қа­сиет­те­рі бол­мақ.

Айта­лық, қы­тайша біл­мей­тін қа­зақ Қы­тайға бар­са, кө­ше­ден шық­қан қы­тайша дауыс­тар ес­ті­се де оны тү­сі­не ал­май, со­ның ке­сі­рі­нен азан­ның оқыл­ға­ны­нан бейха­бар жұ­ма на­ма­зын қа­за­ға ұшы­ра­тып алуы мүм­кін. (Қы­тайда­ғы ме­шіт­тер мұ­на­ра­ла­ры­мен ерек­ше­лен­бейді). Сон­дай-ақ, Қа­зақ­станға кел­ген бас­қа ұлт­тар да мұ­сыл­ман­дар­дың өз ті­лін­де орын­дап жат­қан ғи­ба­дат­та­ры­нан еш­те­ңе ұқ­па­сы анық. Олай бол­са, мұн­дай жал­пы әлем­дік дін­нің өзін­дік ор­тақ жақ­та­ры, ортақ тұс­та­ры бо­лу заң­ды. Бұл тұс­та азан мен қы­ра­ғат­тың ор­ны ерек­ше еке­ні кім­ге де бол­са мә­лім.

Бұн­дай жайт­тар­ды күн­де­лік­ті өмір­де де кез­дес­ті­ру­ге бо­ла­ды. Айта­лық, Бі­рік­кен Ұлт­тар Ұйы­мын­да да әр­бір мү­ше мем­ле­кет өза­ра бел­гі­лен­ген ор­тақ тіл­де ға­на сөйле­се­ді. Он­дайда әр­бір мем­ле­кет­тің же­ке бас пайда­сы көз­дел­мейді.

Мә­се­ле­нің та­ғы бір жа­ғы, қан­дай да бір ау­дар­ма­ның еш­қа­шан­дай түп­нұс­қа­ны то­лық қам­ти ал­май­тын­ды­ғын­да.[1] Құран аяттарының әрбір сөзінің бірнеше мағынасы бар. Аудармада тек біреуі ғана беріледі. Тіпті кейде аятта қолданылған әрбір әріптің де өзіндік бірнеше мағынасы болады. Аудармада осы әріптердің өзіндік мағынасы мүлдем ескерілмей қалуы мүмкін. Яки біреуі ғана ескеріледі. Құранда белгілі бір мағынаны білдіретін бірнеше синоним сөздердің ішінен сөздің дыбысталу жағынан да, мағынаны қамту жағынан да ең қолайлысы таңдалған. Сондықтан кейбір сөздің «сөздік мағынасынан» тыс дыбысталуының өзі баяндалайын деп тұрған жағдайды білдіріп жатады. Ал мұны аудармада беру мүлдем мүмкін емес.

Ең бастысы, Құран сөздерінің оқыған адамды жалықтырмауында. Мысалы, аударманы бірнеше рет оқыған адамның жалығары сөзсіз. Ал Құран сүрелерін оқығанда адам түсінбесе де ерекше рухани ләззат алады. Өйткені, Аллаһ Тағала Құран сөздеріне осындай ерекшелік берген. Міне, сондықтан «Фатиха» сүресін күнделікті әр намазымыздың барлық рәкаттарында оқысақ та жалықпаймыз. Бұған қоса, Құранның өзіне ғана тән әуені мен әуезі оқыған адамның ішкі дүниесіне ағыла құйылып ерекше әсер етуі тағы бар. 

Оқылған Құранның әрбір сөзіне, тіпті әрбір әрпіне сауап жазылатындығы көптеген хадистерде білдірілген. Ал кез-келген аударма Құранның дәл өзі болмағандықтан, оның әрбір әрпіне сауап жазылу ерекшелігі де жоғалады.

Та­ғы бір ба­са айта ке­те­тін жайт, ол – на­маз­да қол­да­ны­ла­тын сөз­дер­дің көп емес, аз екен­ді­гі. Ал­ды­мен азан мен қа­мат, ар­тын­ша «Аллаһу әк­бар», «Суб­ха­на­ раб­биял-'азим», «Суб­ха­на раб­биял-а'ләә» се­кіл­ді қыс­қа қайы­рым­дар­мен қо­са «Фа­ти­ха» сү­ре­сі мен бір-екі қо­сым­ша ша­ғын сү­ре­лер. Бар­лы­ғын қос­са бір бет­тен де ас­пайды. Бұ­лар­да­ғы сөз­дер­дің кө­бі ма­ғы­на­ла­ры оңай жат­та­ла­тын, мұ­сыл­ман­дар­дың кө­бі­не ор­тақ қол­да­ны­ла­тын сөз­дер. На­маз­ға жа­ңа жы­ғыл­ған жас ба­ла да бұ­лар­дың ма­ғы­на­ла­рын бір үйре­ніп ал­са өмі­рі ұмыт­па­сы анық.

Бұл дү­ние­лік бол­ма­шы тір­лік­тер үшін үл­кен-үл­кен сөз­дік­тер жат­тап, шет ті­лін үйре­не­тін­дер мәң­гі­лік үшін Аллаһ Та­ға­ла­ның сөз­де­рі­нен бір бет­ті жат­тауда: «Ғи­ба­дат-құл­шы­лық­та­ры­мыз­ға Аллаһ Та­ға­ла емес, ке­рі­сін­ше біз зә­ру­міз» де­ген шү­бә­сіз шын­дық­ты ес­те ұс­та­ған аб­зал.[2]

4. Рү­күғ

Рү­күғ – иілу де­ген сөз. На­маз­дың не­гіз­гі ті­рек­те­рі­нен бол­ған рү­күғ қол­дар­ды ті­зе­ге қойып, тө­мен қа­рай иілу. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) жа­са­ған ең жақ­сы рү­күғ – ар­қа мен бас­тың түп-тү­зу иілуі. Бұл – на­ғыз рү­күғ. Егер рү­күғ қиям­ға жа­қын шық­са, дұ­рыс емес. Рү­күғ­тің па­рыз болуы: «Ей, иман ету­ші­лер! Рү­күғ етің­дер»168. Әбу Ху­майд ат­ты бір са­ха­ба: «Аллаһ Ел­ші­сі­нің рү­күғ ет­кен кез­де қол­да­рын ті­зе­ле­рі­нің үс­ті­не қойға­нын көр­дім. Ар­қа­сын да тү­зу ұс­та­ған еді», – деп, Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) рү­кү­ғін си­пат­та­ған169. Рү­күғ­те бір сәт тұ­ру, яғ­ни «Суб­ха­нАллаһи-а'зим» деп айта­тын­дай уа­қыт тұ­ру жә­не қайта қиям­ға ба­рып тү­зе­ліп, бір сәт тұ­рып, сәж­де­ге ба­ру – уә­жіп. Бұ­лай іс­теуге тағ­ди­лул-әр­кан де­лі­не­ді.

Имам­ға рү­күғ­те үл­гер­ген адам түрегеп тұ­рып тәк­бір алып, одан кейін рү­күғ­ке ба­ру ке­рек. Бұл тәк­бір­ді рү­күғ­ке жа­қын ал­са, на­ма­зы бұ­зы­ла­ды. Тәк­бір алып, имам­ға рү­күғ­те үл­гер­ген адам, сол рә­кат­ты имам­мен бір­ге оқы­ған са­на­ла­ды. Бі­рақ имам рү­күғ­те бол­ған уа­қыт­та тәк­бір алып, имам рү­күғ­тен тұр­ған уа­қыт­та, рү­күғ­ке бар­ған адам, ол рә­кат­қа үл­гер­ген бо­лып са­нал­майды. Ар­ты­нан сол үл­ге­ре ал­ма­ған рә­кат­ты имам сә­лем бер­ген­нен кейін тү­ре­ге­ліп жал­ғыз өзі оқи­ды. Имам­ға ұйы­ған адам имам­нан бұ­рын рү­күғ­ке ба­рып, жә­не имам­нан бұ­рын рү­күғ­тен ба­сын кө­тер­се, бұл рү­күғ жет­кі­лік­ті емес. Осы­лай имам­нан бұ­рын рү­күғ­ке бар­ған адам, имам рү­күғ­тен тұр­май тұ­рып, рү­күғ­ті қайта­дан жа­са­ма­са, на­ма­зы бұ­зы­ла­ды.

Имам­ның рү­кү­ғі­не үл­гер­ген адам екі тәк­бір алу­ға мұқ­таж емес. Қиям­да тұ­рып, «Аллаһу әк­бар» деп, на­маз­ға кі­ріп де­реу рү­күғ­ке сол тәк­бір­мен ба­ра­ды. Бұл – бір тәк­бір­мен әрі иф­ти­тах­ты әрі рү­күғ тәк­бі­рін жа­сау де­ген сөз170. Рү­күғ­те оқы­ла­тын тас­бих: سُبْحانَرَبِّيَالعَظِيم}{ «Суб­ха­на раб­биял-'азим» (Аса үл­кен Раб­бым күл­лі ке­міс­тік атаулы­дан пәк).

5. Сәж­де

Сәж­де сөз­дік­те – ба­ғы­ну, мойынсұ­ну, кі­ші­пейіл­дік­пен иілу, жү­зін жер­ге тигізу де­ген ма­ғы­на­лар­ға ке­ле­ді. Сәж­де – на­маз­дың па­ры­зы. Сәж­де­де маң­дай, жүз, екі аяқ пен екі қол, екі ті­зе жер­ге не­ме­се жер­мен жал­ғас­қан бір нәр­се­ге қойыла­ды. Сәж­де әр­бір рә­кат­та – екі рет жа­са­ла­ды. Құ­ран­да оның па­рыз бо­луы ту­ра­лы: «Ей, иман ет­кен­дер! Рү­күғ пен сәж­де жа­саң­дар»171 – де­лі­не­ді. На­ғыз сәж­де – же­ті мү­ше­мен жа­сал­ған сәж­де. Жүз, екі қол, екі ті­зе жә­не екі аяқ. Аллаһ Ел­ші­сі бы­лай дейді: «Мен же­ті сүйек­пен сәж­де ету­ге әмір етіл­дім. Бұ­лар: маң­дай (қо­лы­мен мұр­ны­на иша­рат жа­са­ды), екі қол, екі ті­зе жә­не екі аяқ»172.

Сәж­де­де маң­дай жер­ге қойы­лып, мұ­рын қойыл­ма­са да, дұ­рыс деп есеп­те­ле­ді. Мұн­дай сәж­де се­беп­сіз бол­са, мәк­рүһ. Имам Ағ­зам бойын­ша, еш­қан­дай се­беп­сіз маң­дай жер­ге ти­мей тек қа­на мұ­рын ти­се де, ол сәж­де дұ­рыс деп са­на­ла­ды. Екі имам бойын­ша, маң­дай се­беп­сіз ти­ме­се, сәж­де дұ­рыс бол­майды. Егер маң­дай мен мұ­рын­да сәж­де­ге ке­дер­гі жа­сай­тын се­беп шық­са, сәж­де иша­рат, бел­гі­мен жа­са­ла­ды. Сәж­де­де екі қол мен ті­зе­ні толықтай жер­ге тигізу – сүн­нет. Бі­рақ екі аяқ­тың не­ме­се бір аяқ­тың сау­сақ­та­ры жер­ге тимесе, сәж­де дұ­рыс емес. Бұл – па­рыз. Бір аяқ­тың бір сауса­ғын ға­на жер­ге қою не­ме­се аяқ­тың үс­тін ға­на жер­ге тигізу жет­кі­лік­сіз. Сол се­кіл­ді сәж­де еті­ле­тін жер аяқ қойыл­ған жер­ден он екі сау­сақ­тай өл­шем­нен биік тұр­са (ша­ма­мен 23 см), сәж­де са­нал­майды. Бі­рақ одан тө­мен дұ­рыс. Бір ме­шіт­те адам­ның көп­ті­гі­нен не­ме­се бір се­беп­тер­мен адам­дар бір-бі­рі­нің ар­қа­сы­на сәж­де ете ала­ды. Ха­зі­ре­ті Омар­дың: «Тар жер­де адам­дар бір-бі­рі­нің ар­қа­сы­на сәж­де ет­сін»173 – де­ген сө­зі бар.

Бір адам­ның киімі­нің та­за жер­ге түс­кен ар­ты­ғы­ның үс­ті­не сәж­де ете ала­ды. Бі­рақ сәж­де­де қат­ты­лық се­зі­лу қа­жет. Сон­дық­тан мақ­та, қар, т.б. қат­ты­лы­ғы се­зіл­мей­тін жұм­сақ нәр­се­нің үс­ті­не сәж­де етіл­мейді. Сол сияқ­ты күн­нің ыс­ты­ғы мен суығы се­кіл­ді се­беп­тер­ге байла­ныс­ты та­за жер­ге қойыл­ған екі қол­дың үс­ті­не сәж­де жа­сауға бо­ла­ды. Мұн­дай жағ­дайда сәл­де не­ме­се киімі­нің ар­ты­ғы­на да сәж­де жа­сай ала­ды.

Рү­күғ пен сәж­де­де, рү­күғ пен сәж­де дұ­ға­ла­рын бір рет оқи­тын­дай уа­қыт тұ­ру жет­кі­лік­ті. Бұл жер­де үш рет тәс­бих оқи­тын­дай уа­қыт тұ­ру па­рыз емес. Бі­рақ рү­күғ пен сәж­де­де сүн­нет бойын­ша, ең аз де­ген­де үш рет тәс­бих оқу ке­рек. На­маз­ды же­ке оқы­ған адам, одан да көп тәс­бих оқуына бо­ла­ды. Сәж­де­де оқы­ла­тын тәс­бих:

}سُبْحان رَبِّيَ الاَعْلَى{ «Суб­ха­на раб­биял-а'лаа» (Аса ұлы Раб­бым күл­лі ке­міс­тік атаулы­дан пәк). Әр­бір рә­кат­та екі рет сәж­де жа­са­ла­ды. Бұ­лар­дың бі­рі орын­дал­ма­са, на­маз бұ­зы­ла­ды. Ұмы­тып, жа­ңы­лы­сып тәрк етіп, бі­рақ кейін­нен есі­не түс­се, сә­лем­нен кейін есі­не түс­се де, на­маз­ға қайшы әре­кет жа­сал­ма­са, де­реу сәж­де­ге ба­рып, соң­ғы оты­рыс қайта­ла­нып, қа­те­лік (сә­һу) сәж­де­сі жа­са­ла­ды174.

Сәж­де аса ма­ңыз­ды. Аллаһ Ел­ші­сі бы­лай дейді: «Құл­дың Раб­бы­сы­на ең жа­қын ке­зі – сәж­де­ге бас қой­ған сә­ті. Сәж­де­де көп дұ­ға етің­дер»175.

6. Ақыр­ғы оты­рыс

На­маз­дың со­ңын­да «тә­шәһ­һүд» ша­ма­сын­дай оты­ру – на­маз­дың ті­рек­те­рі­нің бі­рі, яғ­ни па­рыз. Тә­шәһ­һүд ша­ма­сы де­ген – «әт-та­хият» дұ­ға­сын оқи­тын­дай уа­қыт. Қан­ша рә­кат на­маз бол­сын ең со­ңын­да­ғы рә­кат­тан кейін­гі оты­рыс – ақыр­ғы оты­рыс деп ата­ла­ды. Аллаһ Ел­ші­сі­нен біз­ге жет­кен «әт-та­хият» дұ­ға­сы:

{أَتَّحِيَّاتُ لِلَّهِ و الصَّلَوَاتُ و الطَّيِّبَاتُ ألسَّلاَمُ عَلَيْكَ أَيُّهَا النَّبِيُّ وَ رَحْمَةُ اللهِ وَ بَرَكَاتُهُ ألسَّلاَمُ عَلَيْنا وَ عَلَى عِبَادِ اللهِ الصَالِحِينَ أشْهَدُ اَنْ لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ وَ أَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَ رَسُولُهُ}

«Әт-та­хияту лил­ла­һи уас-салауату уа-таййба­ту, әс-сә­лә­әму 'аләйка әйю­һән-нә­бию уә рах­мә­тул­ла­һи уә бә­рә­ка­туһ, әс-сә­лә­әму 'аләйна уә 'ала 'ибә­дил­ла­һис-саали­хи­ин, әш­һа­ду әл-ләә илә­һә ил-лАллаһ уә әш­һә­ду ән­нә Му­хам­мә­дән 'абду­һу уә ра­суу­луһ».

Ма­ғы­на­сы: «Бар­лық дұ­ға­лар, ма­дақ­тар, тән­дік, дү­ние­лік ғи­ба­дат­тар Аллаһ­қа лайық. Ей, Пай­ғам­бар! Са­ған сә­лем. Әрі са­ған Аллаһ­тың ра­қы­мы мен бе­ре­ке­ті жау­сын! (Ей, Раб­бы­мыз!) Сә­лем біз­ге жә­не Аллаһ­тың са­ли­ха­лы құл­да­ры­на бол­сын. Мен Аллаһ­тан өз­ге еш­қан­дай құ­дай жоқ еке­ні­не жә­не Ха­зі­ре­ті Мұ­хам­мед­тің Аллаһ­тың құ­лы мен пай­ғам­ба­ры еке­ні­не куә­лік ете­мін»176.

Ақыр­ғы оты­рыс­та тә­шәһ­һүд ша­ма­сын­дай оты­ру­дың па­рыз­ды­ғы мы­на ха­дис­ке сүйене­ді: «Аллаһ Ел­ші­сі ибн       Мас­ғуд­қа тә­шәһ­һүд­ті үй­рет­кен кез­де бы­лай де­ді: осы­ны айт­қан не­ме­се жа­са­ған кез­де на­ма­зың аяқ­та­ла­ды»177. Яғ­ни, тә­шәһ­һүд­ті оқы­ған не­ме­се оқи­тын­дай мез­гіл отыр­ған уа­қыт­та на­ма­зың аяқ­та­ла­ды. Бұл жер­де Аллаһ Ел­ші­сі на­маз­дың аяқ­та­луын бір қи­мыл­мен байла­ныс­тыр­ған. Ол – оты­ру ісі. Мі­не, Аллаһ Ел­ші­сі әт-та­хият­ты отыр­ған кез­де ға­на оқы­ған. Сон­дық­тан на­маз­дың аяқ­та­луы оты­ру­ға байла­ныс­ты.

 

Тағ­дил әр­кан

Тағ­дил әр­кан – рү­күн­дер­ді дұ­рыс­тап, ор­ны­мен жасау. Бұл – на­маз­да, рү­күғ­те тұр­ған уа­қыт­та, сәж­де­де, екі сәж­де ара­сын­да­ғы оты­рыс­қа мән бе­ріп, сол жер­лер­де аз­дап кі­ді­ру. Бұл кі­ді­ру – кем де­ген­де бір рет «Суб­ха­нал­лла­һи азим» дей­тін­дей мез­гіл. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) на­ма­зын апыл-ғұ­пыл оқы­ған бі­реуге бы­лай дейді: «На­маз­ға тұр­ған уақы­тың­да тәк­бір айт. Со­дан кейін Құ­ран аят­та­ры­ның же­ңіл кел­ген бір бө­лі­гін оқы. Со­дан кейін кө­ңіл то­ла­тын­дай рү­күғ жа­са, со­дан кейін кө­ңіл то­ла­тын­дай етіп сәж­де ет. Дәл осы­лай на­ма­зың біт­кен­ше жа­са»178.

Тағ­дил әр­кан – Имам Юсуп пен Ша­фи­ғи, Ма­ли­ки жә­не Хан­бә­ли мәз­һаб­та­ры бойын­ша, на­маз­дың бір па­ры­зы. Бі­рақ Имам Ағ­зам мен Имам Мұ­хам­мед­тің көз­қа­ра­сы бойын­ша – уә­жіп. Сон­дық­тан Имам Ағ­зам мен Мұ­хам­мед­тің көз­қа­ра­сы­на қа­рай, на­маз­да тағ­дил әр­кан жа­са­ма­ған адам қа­те­лік (сә­һу) сәж­де­сін іс­теуі қа­жет. Аллаһ Ел­ші­сі бір ха­дис­те бы­лай дейді: «На­маз­да­рың­да ұр­лық жа­са­ған кі­сі – ұры­ның ұры­сы». Осы кез­де са­ха­ба­лар: «Ей, Аллаһ­тың Ел­ші­сі! Адам на­маз­да қа­лай ұр­лық жа­сайды?», – де­ді. Сон­да ол: «Рү­күғ пен сәж­де­ле­рін то­лық жа­са­мау мен рү­күғ пен сәж­де­лер­де бе­лін жақ­сы­лап ту­ра­ла­мау ар­қы­лы»,179де­ді.



158 Мүдәссір, 74/3.

159 Тирмизи, Мауақит, 62.

160 Әбу Дәәуд, Салат, 144.

161 Бақара, 2/138.

162 Бухари, Таксир, 19.

163 Кәнзу,л-Уммал, 7/199.

164 Мүзәмміл, 73/20.

165 Муслим, Салат, 42.

* Харамға жақын мәкрүһ.

166 Бухари, Таксир, 19; Әбу Дәәуд, Салат, 68, 175.

167 ДИА, 144.

[1] Мустафа Зарқа, Фәтәәуа, 106-бет. «Дарул-қалам» баспасы, Димашқ. 2001 ж.

[2] М.Ха­ми­дул­лаһ. Құ­ран Кә­рім та­ри­хы.

168 Хаж, 22/77.

169 Бухари, Азан, 120.145.

170 Дөндерен, 245.

171 Хаж, 22/77.

172 Бухари, Азан, 133-134; Муслим, Салат, 226-227.

173 Ханбәл, I, 32.

174 Білмен, 125.

175 Муслим, Салат, 215.

176 Бухари, Азан, 148, Муслим, Салат, 56-60.

177 Әбу Дәәуд, Салат, 178.

178 Бухари, Азан, 95.

179 Ханбәл.

0 пікір