Бе­сін на­ма­зы
Бе­сін на­ма­зы
9 жыл бұрын 6477
Қайрат Жолдыбайұлы

Бе­сін уақы­ты – күн­нің көк­тің ең жо­ға­ры тұ­сы­нан ба­тыс­қа қа­рай ауа бас­та­ған­да бас­та­лып, бар­лық нәр­се­нің кө­лең­ке­сі­нің өзі­нен бір есе ұза­руына дейін жал­ға­са­ды. Бе­сін­нің осы уақы­ты – ал­ғаш­қы асыр (на­маз­ды­гер) деп ата­ла­ды. Бұл – Әбу Юсуп, Имам Мұ­хам­мед, Ша­фи­ғи, Ма­лик жә­не Хан­бәл­дің көз­қа­рас­та­ры. Әбу Ха­ни­фа бойын­ша, бе­сін­нің уақы­ты бар­лық нәр­се­нің кө­лең­ке­сі, екі есе ұзар­ған­ға дейін жал­ға­са­ды. Осы кез­де бе­сін на­ма­зы шы­ғып, асыр (на­маз­ды­гер) уақы­ты кі­ре­ді. Бұ­ны – екін­ші асыр деп атайды.

Фа­қиһ­тер­дің көп­ші­лі­гі­нің дә­ле­лі мы­на ха­дис: Же­бі­рейіл (а.с.) Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­бар­ға на­маз­дың уақы­тын үй­рет­кен кез­де, екін­ші кү­ні бар­лық де­не­нің кө­лең­ке­сі бір есе бол­ған­ға дейін на­ма­зын оқы­ған125. Әбу Ха­ни­фа­ның дә­ле­лі бол­са, Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­бар­дың мы­на ха­ди­сі: «Бе­сін на­ма­зын сал­қын түс­кен сәт­те оқың­дар. Өйтке­ні, бе­сін уақы­тын­да­ғы ыс­тық­тың дә­ре­же­сі, жа­һан­нам­ның ыс­ты­ғын ес­ке тү­сі­ре­ді»126. Араб тү­бе­гін­де қат­ты ыс­тық бол­ған уа­қыт – бар­лық нәр­се­нің кө­лең­ке­сі бір есе бол­ған кез­де. Сол се­беп­ті, бе­сін­ді жаз­дың сал­қын уақы­тын­да оқу – мұс­та­хап.

Бе­сін на­ма­зы уақы­ты­ның бас­тауына байла­ныс­ты бар­лық мүш­тә­һит­тер­дің сүйен­ген дә­ле­лі мы­на аят: «Күн ба­тыс­қа ау­ған­нан, түн қа­раң­ғы­лы­ғы­на дейін на­маз оқы»127. Бе­сін на­ма­зы­ның соң­ғы уақы­ты жайлы екі түр­лі көз­қа­рас­тан құ­ты­лу үшін бе­сін на­ма­зын ал­ғаш­қы асыр­дан бұ­рын оқу, ал асыр (на­маз­ды­гер) на­ма­зын – екін­ші асыр бол­ған­ша оқы­ма­ған аб­зал.

125 Әбу Дәәуд, Салат, 2; Тирмизи, Мауақит, 1;

126 Бухари, Мауақит, 9-10. Муслим, Масажид, 180-181.

127 Исра, 17/78.

0 пікір