Бес уа­қыт на­маз­дың оқылуы
Бес уа­қыт на­маз­дың оқылуы
9 жыл бұрын 266270
Қайрат Жолдыбайұлы

На­маз­ды же­ке оқу үл­гі­сі

Бам­дат на­ма­зы

Бам­дат на­ма­зы­ның ал­ды­мен екі рә­кат сүн­не­ті оқы­ла­ды. «Бү­гін­гі бам­дат на­ма­зы­ның екі рә­кат сүн­не­тін оқу­ға ниет етт­тім» деп ниет етіп, де­реу екі қо­лын екі құ­ла­ғы­на та­қап, «Аллаһу әк­бар» сө­зін ай­тып, тәк­бір ала­ды. Осы­дан кейін қол­да­рын бай­лап, «Суб­ха­на­ка Аллаһум­ма уә би-хам­ди­ка уә тә­бә­ра­кас-му­ка уа та'ала жәд­ду­ка уә ләә илә­һә ғайру­ка», «Ә'узу бил­ла­һи ми­наш-шайта­нир-ра­жим,Бис­мил­ла­һир-рах­ма­нир-ра­хим» дейді де, «Фа­ти­ха­ны» оқып, со­ңын­да іш­тен «әмин» дейді. Одан кейін Құ­ран­нан ұзақ бір аят яки үш қыс­қа аят не­ме­се сү­ре оқы­ла­ды. Бұ­дан кейін «Аллаһу әк­бар» дейді де, рү­күғ­ке ба­ра­ды. Бұл жер­де кем де­ген­де үш рет «Суб­ха­нАллаһил-азим» деп тәс­бих айта­ды. Со­сын «Сә­ми' Аллаһу ли­мән ха­ми­даһ» сө­зін ай­тып, қиям­ға ба­ра­ды. Қиям­ға ба­ры­сы­мен «Аллаһум­ма Раб­бә­нэ уә лә­кәл-хамд» деп айта­ды. Бұ­дан кейін «Аллаһу әк­бар» деп сәж­де­ге ба­ра­ды. Сәж­де­де үш рет «Суб­ха­на Раб­биял-а'ла» дейді де, «Аллаһу әк­бар» деп, сәж­де­ден тү­ре­ге­ліп, бір тәс­бих айты­ла­тын­дай уа­қыт оты­ра­ды да, қайта «Аллаһу әк­бар» деп екін­ші сәж­де­ге ба­ра­ды. Мұн­да да үш рет «Суб­ха­на Раб­биял-а'ла» деп тәс­бих ете­ді. Осы­лайша бір рә­кат аяқ­та­ла­ды.

Екін­ші сәж­де­ден кейін «Аллаһу әк­бар» деп, екін­ші рә­кат­қа бас­тау үшін қиям­ға тұрады. Түрегеп тұ­рып тек қа­на «Бис­мил­лаһ» пен «Фа­ти­ха» жә­не қо­сым­ша сү­ре оқы­ла­ды. Бұ­дан кейін бі­рін­ші рә­кат­та­ғы се­кіл­ді рү­күғ пен сәж­де жа­са­ла­ды. Екін­ші сәж­де­ден кейін оты­ра­ды. Бұл – екі рә­кат­тық на­маз­дың соң­ғы оты­ры­сы. Осы жер­де «әт-та­хият», «салауат», «раббанә әтина» дұ­ғалары оқы­ла­ды. Олар мы­на­лар: «Әт-та­хияту лил­ла­һи уас-салауату уа'таййба­ту, әс-сә­ла­му а'ләйка әйю­һән-нә­бию уә рах­мә­тул­ла­һи уә бә­рә­ка­ту­һу, әс-сә­ла­му а'ләйна уә а'ла ибә­дил­ла­һис-саали­хин, әш­һа­ду ән ләә илә­һә иллАллаһ уә әш­һә­ду ән­нә Му­хам­мә­дән аб­ду­һу уә ра­су­луһ»,

«Аллаһум­ма сал­ли а'ла Му­хам­мә­дин уә а'ла әли Му­хам­мәд. Кә­мәә сал­лайта а'ла Иб­ра­һи­мә уә а'ла әли Иб­ра­һим. Ин­нә­кә ха­ми­дун мә­жи­ид. Уә бәә­рик а'ла Му­хам­мә­дин уә а'ла әли Му­хам­мәд. Кә­мәә бәә­рәк­тә а'ла Иб­ра­һи­мә уә а'ла әли Иб­ра­һим. Ин­нә­кә ха­ми­дун мә­жид».

 «Раб­бә­нәә әәти­нә фид-дү­ниә ха­са­на­тән. Уә фил-әәхи­ра­ти ха­са­на­тән. Уә қи­нәә а'заа­бан-наар.» Осы­дан кейін ба­рып «әс-Сә­ла­му а'лай­кум уә рах­ма­тул­лаһ» деп, ал­ды­мен – оң­ға, со­нан соң – сол­ға сә­лем бе­ре­ді. Мі­не, осы­лайша екі рә­кат­тық на­маз аяқ­та­ла­ды. Не­гі­зі на­маз осы екі рә­кат­тық қоз­ға­лыс­тан тұ­ра­ды. Бұл на­маз­да­ғы бар­лық «тәк­бір», «тәс­бих», «қы­ра­ғат­ты» тү­гел­дей құ­пия оқи­ды. Ер мен әйел­дің на­маз­да­ғы айыр­ма­шы­лық­та­ры жайлы жо­ға­ры­да ай­тып өт­кен­біз.

Мі­не, екі рә­кат сүн­нет біт­кен­нен кейін бам­дат на­ма­зы­ның екі рә­кат па­ры­зы бас­та­ла­ды. Ал­ды­мен қа­мат айты­ла­ды да, па­рыз­ға ниет еті­ле­ді. Осы­дан кейін қол­да­рын кө­те­ріп, «Аллаһу әк­бар» деп, на­маз­ға бас­тайды. Бұл екі рә­кат тұп-ту­ра, жо­ға­ры­да өт­кен екі рә­кат сүн­нет се­кіл­ді оқы­ла­ды. Бі­рақ «Фа­ти­ха­дан» кейін Құ­ран­ды кө­бі­рек оқу – сүн­нет. Бұл сүн­нет­тің азы – қы­рық аят. Бі­рақ үш аят оқы­са да бо­ла­ды. Бам­дат на­ма­зын же­ке оқы­ған адам тәк­бір­лер­ді, «Фа­ти­ха» мен сү­ре­лер­ді яки аят­тар­ды, «Сә­ми' Аллаһу ли­мән ха­ми­даһ­ты» жа­рия оқи ала­ды.

 

Бе­сін на­ма­зы

Бе­сін на­ма­зы­ның ал­ғаш­қы төрт рә­кат сүн­не­ті­нің ал­дың­ғы екі рә­ка­ты дәл бам­дат на­ма­зы­ның екі рә­ка­ты се­кіл­ді оқы­ла­ды. Яғ­ни, сүн­нет­ке ниет етіп, қол байла­нып, екі рә­кат оқып оты­ра­ды. Бі­рақ бұл жер­де әт-та­хият­ты оқы­ған­нан кейін «Аллаһу әк­бар» деп ор­ны­нан тү­ре­ге­ліп, қиям­ға ба­ра­ды. Салауат пен дұ­ға оқыл­майды. Салауат пен дұ­ға әр­қа­шан на­маз­дың соң­ғы оты­ры­сын­да оқы­ла­ды. Қиям­ға бар­ған соң «суб­ха­на­ка» дұ­ға­сын оқы­май, бір­ден Бис­мил­лаһ пен «Фа­ти­ха», Құ­ран­нан сү­ре оқы­ла­ды. Одан кейін рү­күғ жә­не сәж­де­ге ба­ра­ды да, сәж­де жа­са­ған соң қайта қиям­ға тұ­ра­ды. Мұн­да да бис­мил­лаһ, «Фа­ти­ха», аз­дап Құ­ран оқы­лып, рү­күғ, сәж­де жа­сап оты­ра­ды. Бұл на­маз­дың со­ңы бол­ған­дық­тан, осы оты­рыс – «ақыр­ғы оты­рыс» деп са­на­ла­ды. Мі­не, осы кез­де «әт-та­хият», «салауат», дұ­ға оқы­лып, сә­лем бе­рі­ле­ді.

Ал бе­сін на­ма­зы­ның па­ры­зы бы­лайша оқы­ла­ды: Сүн­нет оқы­лып біт­кен­нен кейін қа­мат ай­тып, бе­сін на­ма­зы­ның па­ры­зын өтеуге ниет ете­ді. Со­дан кейін екі қо­лын кө­те­ріп, тәк­бір ай­тып, қол бай­лайды да, дәл таң на­ма­зы­ның екі рә­кат па­ры­зы се­кіл­ді оқы­ла­ды. Бі­рақ түс­кі на­маз төрт рә­кат бол­ған­дық­тан, екін­ші рә­кат­тан кейін оты­рып, «әт-та­хият­ты» оқи­ды да, «Аллаһу әк­бар» деп ор­ны­нан тү­ре­ге­ліп, үшін­ші рә­кат­қа бас­тайды, Бұл жер­де тек қа­на Бис­мил­лаһ пен «Фа­ти­ха» оқы­ла­ды. Яғ­ни, қо­сым­ша сү­ре, аят оқыл­майды. Со­дан кейін рү­күғ пен сәж­де­ге ба­ра­ды да, қайта «Аллаһу әк­бар» деп, төр­тін­ші рә­кат­қа бас­тайды. Мұн­да да тек қа­на Бис­мил­лаһ пен «Фа­ти­ха» оқы­лып, рү­күғ, сәж­де­ге ба­ра­ды да, ақыр­ғы оты­рыс­қа оты­ра­ды. Бұл соң­ғы оты­рыс бол­ған­дық­тан, «әт-та­хият­тан» кейін, «салауат» пен дұ­ға оқып, сә­лем бе­ре­ді. Осы­лайша бе­сін на­ма­зы­ның төрт рә­кат­тық па­ры­зы аяқ­та­ла­ды. Бұ­дан кейін бе­сін на­маз­дың екі рә­кат сүн­не­ті оқы­ла­ды. Бұл сүн­нет­ке ниет ет­кен­нен кейін дәл бам­дат на­ма­зы­ның екі рә­кат сүн­не­ті се­кіл­ді орын­да­ла­ды. Же­ке адам бұл на­маз­ды құ­пия оқи­ды.

 

На­маз­ды­гер на­ма­зы

На­маз­ды­гер на­ма­зы­ның па­рыз­дан бұ­рын оқы­ла­тын төрт рә­кат сүн­не­ті – мүәк­кад бол­ма­ған сүн­нет. Мұ­ның әр­бір екі рә­ка­ты өз ал­ды­на же­ке на­маз се­кіл­ді. Сон­дық­тан бұл на­маз­ға бас­тар­да адам на­маз­ды­гер на­ма­зы­ның төрт рә­ка­ты­на ниет ете­ді де, ал­ғаш­қы екі рә­кат­тан кейін оты­рып, әт-та­хият пен са­лауат­ты оқи­ды. Яғ­ни, бұл жер­де дұ­ға оқыл­майды. Мі­не, осы­дан кейін «Аллаһу әк­бар» деп, қайта үшін­ші рә­кат­қа бас­тайды. Бұл үшін­ші рә­кат­ты бас­тар­да на­маз­ды жа­ңа­дан бас­та­ған­дай етіп, ал­ды­мен «суб­ха­на­ка», «әуз'у мен бис­мил­лаһ», одан кейін «Фа­ти­ха» жә­не қо­сым­ша сү­ре оқып, рү­күғ пен сәж­де­ге ба­ра­ды. Бұ­дан кейін тәк­бір ай­тып, төр­тін­ші рә­кат­ты бас­тайды. Рү­күғ пен сәж­де­ден кейін оты­рып, «әт-тахия», «салауат», дұ­ға оқып, екі жақ­қа сә­лем бе­ре­ді.

На­маз­ды­гер на­ма­зы­ның төрт рә­кат па­ры­зы дәл бе­сін на­ма­зы­ның төрт рә­кат па­ры­зы се­кіл­ді оқы­ла­ды. Айыр­ма­шы­лы­ғы – на­маз­ды­гер на­ма­зы­на ниет ету. Бұл на­маз құ­пия оқы­ла­ды.

 

Ақ­шам на­ма­зы

Ақ­шам (на­маз­шам) на­ма­зы­ның үш рә­кат па­ры­зы бе­сін мен на­маз­ды­гер на­ма­зы­ның ал­ғаш­қы үш рә­кат на­ма­зы се­кіл­ді оқы­ла­ды. Ал­ды­мен ақ­шам на­ма­зы­ның па­ры­зы­на ниет ете­ді де, қол кө­те­ріп, тәк­бір ай­тып, қол бай­лайды. Со­дан кейін жо­ға­ры­да ай­тыл­ған­дай екі рә­кат оқы­лып, бол­ған соң оты­рып, «әт-та­хият» оқи­ды. Бұл – бі­рін­ші оты­рыс. Мі­не, осы­дан кейін тәк­бір ай­тып, үшін­ші рә­кат­қа бас­тайды. Бұл жер­де Бис­мил­лаһ пен «Фа­ти­ха» оқы­ла­ды да, сү­ре, аят оқыл­май, рү­күғ пен сәж­де­ге ба­рып, ақыр­ғы оты­рыс­қа оты­ра­ды. Бұл жер­де «әт-та­хият», «салауат» жә­не дұ­ға оқып ба­рып, екі жақ­қа сә­лем бе­ре­ді. Ақ­шам на­ма­зын­да уа­қыт қыс­қа бол­ған­дық­тан қыс­қа сү­ре­лер оқы­ла­ды.

Ақ­шам на­ма­зы­ның екі рә­кат сүн­не­ті – айна-қа­те­сіз бам­дат на­ма­зы­ның екі рә­кат сүн­не­тін­дей оқы­ла­ды. Же­ке адам ақ­шам на­ма­зы па­ры­зы­ның екі рә­ка­тын бам­дат на­ма­зы­ның па­ры­зы се­кіл­ді жа­рия оқи ала­ды. Бі­рақ соң­ғы рә­кат­та Бис­мил­лаһ пен «Фа­ти­ха­ны» құ­пия оқи­ды.

 

Құп­тан на­ма­зы

Құп­тан на­ма­зы­ның ал­ды­мен төрт рә­кат сү­нет­ті оқы­ла­ды. Бұл – на­маз­ды­гер на­ма­зы­ның төрт рә­кат сүн­не­тін­дей мүәк­кад бол­ма­ған сүн­нет. Айна-қа­те­сіз на­маз­ды­гер­дің төрт рә­кат сүн­не­ті се­кіл­ді оқы­ла­ды. Осы­дан кейін­гі оқы­ла­тын төрт рә­кат құп­тан па­ры­зы да дәл бе­сін жә­не на­маз­ды­гер па­рыз на­маз­да­ры се­кіл­ді оқы­ла­ды. Айыр­ма­шы­лы­ғы құп­тан на­ма­зы­на ниет еті­ле­ді. Осы­дан кейін оқы­ла­тын екі рә­кат сүн­нет бам­дат на­ма­зы­ның екі рә­кат сүн­не­ті се­кіл­ді оқы­ла­ды. Бұл жер­де тек ниет өз­ге­ре­ді. Же­ке оқы­ған адам құп­тан­ның ал­ғаш­қы екі рә­ка­тын жа­рия оқи ала­ды.

 

Үтір на­ма­зы

Үш рә­кат­тан тұ­ра­тын үтір на­ма­зы­ның оқы­лу тәр­ті­бі тө­мен­де­гі­дей: Ал­ды­мен үтір на­ма­зы­на ниет ете­ді. Со­дан кейін қо­лын кө­те­ріп, тәк­бір ай­тып, қол бай­лап бас­тайды да, екі рә­кат­тан кейін оты­рып, «әт-та­хият» оқи­ды. Осы­дан кейін тәк­бір ай­тып, ор­ны­нан тұ­рып, үшін­ші рә­кат­қа Бис­мил­лаһ пен «Фа­ти­ха» оқи­ды да, «әмин» де­ген соң, осы­ған жал­ғас­ты­рып аят не­ме­се сү­ре оқи­ды. Осы­дан кейін түрегеп тұ­рып, қол­да­рын құ­ла­ғы­ның тұ­сы­на дейін кө­те­ріп, «Аллаһу әк­бар» деп, тәк­бір айта­ды да, қайта қол бай­лап, түрегеп тұр­ған бойы «құ­ныт» дұ­ға­сын оқи­ды. Со­дан кейін тәк­бір ай­тып, рү­күғ пен сәж­де­ге ба­рып, ақыр­ғы оты­рыс жа­сайды. Әдет­те­гі­дей «әт-та­хият», «салауат» жә­не «раб­ба­на әти­на» дұ­ға­сын оқып, екі жақ­қа сә­лем бе­ре­ді. Мұ­ның дә­ле­лі: Ха­зі­ре­ті Айша бы­лай дейді: «Аллаһ Ел­ші­сі (с.а.у.) үш рә­кат үтір­ді оқи­тын. Үш рә­кат­тан кейін сә­лем бе­ре­тін». Бас­қа бір ха­дис­те Аллаһ Ел­ші­сі бы­лай дейді: «Ей, Құ­ран иеле­рі! Үтір­ді оқың­дар. Өйтке­ні, Аллаһ жал­ғыз. Тақ сан­ды жақ­сы кө­ре­ді»221.

Үтір на­ма­зы Ра­ма­зан­да ға­на жа­ма­ғат­пен оқы­ла­ды. «Құ­ныт» дұ­ға­сын біл­мей­тін адам «Рәб­бә­нә әәти­нә...» дұ­ға­сын оқи ала­ды.

Құ­ныт дұ­ға­сы. Бұл – Ха­зі­ре­ті Омар мен ұлы Аб­дул­лаһ­тан (р.а.) біз­ге жет­кен:

{أللهُمَّ اِنَّا نَسْتَعِينُكَ وَ نَسْتَغْفِرُكَ وَ نَسْتَهْديكَ وَ نُؤْمِنُ بِكَ وَ نَتُوبُ اِلَيْكَ وَ نَتَوَكَّلُ عَلَيْكَ وَ نُثْنِى عَلَيْكَ الْخَيْرَ كُلَّهُ نَشْكُرُكَ وَ لاَ نَكْفُرُكَ وَ نَخْلَعُ وَ نَتْرُكُ مَنْ يَفْجُرُكَ. أللهُمَّ ايَّاكَ نَعْبُدُ وَ لَكَ نُصَلِّى وَ نَسْجُدُ وَ اليْكَ نَسْعَى وَ نَحْفِدُ نَرْجُو رَحْمَتِكَ وَ نَخْشَى عَذابَكَ اِنَّ عَذابكَ بِالْكُفَّارِ مُلْحِقٌ}

 «Аллаһум­ма инәә нас­та'иину­кә уә нас­тағ­фи­ру­кә уә нәс­таһ­ди­ка уә ну'ми­ну би­кә уә нә­туубу иләйкә уә нә­тәуәк­кә­лу а'лайкә уә нус­ни а'лай­кәл-хайрә күл­лә­һу нәш­ку­ру­кә уә ләә нәк­фу­ру­кә уә нах­ла'у уә нәт­ру­ку мән иәф­жу­рук.

Аллаһум­ма ииәәкә на'бу­ду уә лә­кә ну­сал­ли уә нәс­жу­ду уә иләйкә нас'а уә нах­фи­ду нар­жу рах­мә­тә­кә уә нах­шә а'заабә­кә ин­нә азаабә­кә бил куф­фа­ри мул­хиқ».

Ма­ғы­на­сы: «Аллаһым, біз кү­мән­сіз се­нен жәр­дем жә­не ке­ші­рім ті­леп, се­нен ту­ра жол, һи­даят сұ­рай­мыз. Са­ған иман етіп, кү­нә­ла­ры­мыз үшін са­ған тәубе етіп, са­ған сүйене­міз. Се­ні бар­лық жақ­сы­лық­тар­мен ма­дақ­тап, зі­кір ете­міз. Біз­ге бер­ген ырыс-бе­ре­ке­ңе шү­кір ете­міз. Се­ні те­ріс­ке шы­ғар­май­мыз. Са­ған қар­сы кел­ген­дер­ді те­ріс­ке шы­ға­рып, олар­мен мүл­дем байла­ны­сы­мыз­ды үзе­міз. Аллаһым! Біз тек са­ған ға­на құл­шы­лық етіп, сен үшін на­маз оқып, са­ған сәж­де ете­міз. Са­ған лайық құл бо­лып, се­нің ри­за­лы­ғың­ды алу үшін жі­гер­ле­ніп, қай­рат­та­нып ал­ға ұм­ты­ла­мыз. Се­нің ра­қым­ды­лы­ғың­нан үміт­те­ніп, аза­бың­нан қор­қа­мыз. Кү­мән­сіз, се­нің аза­бың кә­пір­лер­ді қам­ти­ды».



221 Бухари, Дәауат, 69

1 пікір
  • Ассалямуалейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Алла разы болсын сиздерге! сурайын дегеним, кай намазды жария кай намазды купия окиды соны атап отип кетсениздер!
    7 жыл бұрын