Бам­дат (таң) на­ма­зы
Бам­дат (таң) на­ма­зы
9 жыл бұрын 28590

Екін­ші таң­ның атуы­нан күн­нің шы­ғуына дейін­гі мез­гіл – бам­дат на­ма­зы­ның уақы­ты. Екін­ші таң – таң­ға қа­рай шы­ғыс көк­жиегі­нің бо­за­руы. Бұл уа­қыт­пен бам­дат уақы­ты кі­ріп, құп­тан на­ма­зы­ның уақы­ты шы­ға­ды. Осы сәт­тен бас­тап ора­за ұс­тай­тын­дар үшін ғи­ба­дат уақы­ты бас­та­ла­ды. Сол се­беп­ті бұ­ны «шы­найы ша­пақ» деп атайды. Бұ­ның ал­дын­да бі­рін­ші таң бар. Бұл – шы­ғыс көк­жиегі­нің ор­та­сын­да жо­ға­ры­ға ті­ке­лей кө­те­ріл­ген, екі жа­ғы қа­раң­ғы бейне бір со­зыл­ған сым­дай жайыл­ған жа­рық. Бұл жа­рық аз уа­қыт ішін­де жо­ға­лып, ор­нын қа­раң­ғы­лық ба­са­ды. Осы­дан кейін екін­ші таң ата­ды. Осы бі­рін­ші таң­ға, таң уақы­ты­ның кір­ге­нін көр­сет­пе­ген­дік­тен әрі жал­ған жа­рық бол­ға­ны үшін «жал­ған таң» деп ата­ла­ды. Бұл таң – түн­нің жал­ға­сы. Бұл уа­қыт­та құп­тан уақы­ты шық­пайды да, таң на­ма­зы кір­мейді де. Ора­за ұс­тай­тын­дар осы уа­қыт­та ішіп-жеуле­рі­не бо­ла­ды. Бұ­ған мы­на ха­дис дә­лел:

Аллаһ­тың Ел­ші­сі (с.а.у.) бы­лай дейді: « Таң (ша­пақ) екеу. Бі­рін­ші­сі – бам­дат на­ма­зын оқу­ға бол­май­тын, бі­рақ ішіп-жеуге бо­ла­тын жал­ған ша­пақ. Екін­ші­сі – ішіп-жеуді ха­рам, таң на­ма­зын оқу­ды адал ет­кен таң ша­па­ғы». «Таң на­ма­зы­ның уақы­ты – екін­ші таң­ның атуы­нан күн­нің шы­ғуына дейін­гі мез­гіл»124. Күн шық­қан­нан бас­тап, түс­кі уа­қыт­қа дейін­гі мез­гіл­де – еш­қан­дай па­рыз на­маз мін­дет­тел­ме­ген ара­лық уа­қыт.

Бам­дат на­ма­зын айна­ла кө­рі­ніп жа­рық бол­ған кез­де оқу – мұс­та­хап.

124 Бухари, Мауақит, 27; Әбу Дәәуд, Салат, 2;

0 пікір