Адамның негізгі міндеті
Адамның негізгі міндеті
2 жыл бұрын 817
Қайрат Жолдыбайұлы

Өмір өзен­дей ақ­қан бойы өтіп жа­тыр. Үй­рен­шік­ті күн арай­лап атып, алау­лап ба­ту­да. Адам­дар­дың кө­бі пә­ни дүниенің қа­мын жеп, өз­де­рі­нің мы­на дү­ниеге қай­дан, не үшін кел­ген­де­рін, қай­да ба­ра­тын­да­рын ұмыт­қан. Бә­рі сағым қу­ған­дай бір ар­ман­нан екін­ші бір ар­ман­ның, бір белес­тен екін­ші бе­лес­тің ізі­не тү­су­де. Бі­рі­не ен­ді жет­тім де­ген­де, екін­ші­сі анау жақ­тан мен мұн­да­лап тұ­ра­ды. Бірақ адам бә­рі­бір той­май­ды, бә­рі­бір қа­на­ғат­тан­бай­ды. Ен­ді асыл ар­ма­ны­ма, аң­са­ған мақ­сат­мұ­ра­ты­ма жет­тім де­ген­де, өлім оны қуып же­те­ді. Сөй­тіп, адам мы­на пә­ни­дің ал­дам­шы қы­зы­лы­на қы­зы­ғып, қай­ран бір ғұ­мыр­ды жоқ ете­ді. Бұл күн­де адам­дар өмір­де­гі өзі­не жүк­тел­ген мін­де­тін орындау үшін та­мақ іш­пей­ді, ке­рі­сін­ше, та­мақ ішу үшін өмір сү­ре­ді. Яғ­ни, өмір­де­гі мақ­са­ты – қа­рын той­ды­ру. Ой­лан­ған­ға екеуі екі бө­лек. Та­мақ­ты мақ­сат ете­тін­дей ға­лам­да­ғы ең са­на­лы жа­ра­ты­лыс – адам­ның осын­дай ма­ғы­на­сыз жа­ра­тыл­ға­ны ма? Сон­да адам­ның құр­са­ғын той­ды­руы үшін мек­теп­те он бір жыл, уни­вер­си­тет­те бес-ал­ты жыл оқып, сол бір қар­ны­ның қа­мы үшін өті­рік ай­тып, өсек ай­тып, бас­қа­ны қыз­ған­ға­ны ма? Сол үшін қан тө­гіп, жау­лас­қа­ны ма? Сон­да адам бар ғұмы­рын құр­сақ­тың қа­мы үшін ар­най­тын­дай осын­ша­ма тө­мен дең­гейге түс­ке­ні ғой... Жо-жооқ, әлем­де­гі ең са­на­лы, ең ке­мел жа­ра­ты­лыс­тың әс­те бұн­дай тө­мен бо­луы мүм­кін емес. Мал екеш мал­дың өзін алып қа­ра­сақ, әрқай­сы­сы­ның бел­гі­лі бір мақ­сат үшін жа­ра­тыл­ған кө­ре­міз. Қо­ра­да­ғы мө­ңі­ре­ген сиыр­дың да өзін­дік мін­де­ті бар. Та­ңер­тең өріс­ке ба­рып, кеш ауа же­лі­нін сыз­да­та ап­пақ сүт әке­ле­ді. Кім үшін? Адам үшін. Ара да таң­ның аты­сы, кеш­тің ба­ты­сы­мен мың­да­ған гүл­дер­ге қо­нып жү­ріп, кеш­ке улы де­не­сі­нен ши­па­сы мол бал тар­ту ете­ді. Де­мек, бұл өмір­де­гі әр­бір жа­ра­ты­лыс иесі­нің өзін­дік мін­де­ті бар. Олар са­на­лы бол­ма­ған күн­нің өзін­де сол мін­де­тін мүл­тік­сіз орындау­да. Ал ең көр­кем жа­ра­ты­лыс иесі адам­ның мін­де­ті не? Ол сиыр, ара сияқ­ты де­не­сі­нен басқа­ға пай­да­лы бір нәр­се шы­ға­ра ма?

Иә, ең көр­кем жа­ра­ты­лыс иесі адам­ның да өз са­на­сы мен абы­рой-дә­ре­же­сі­не қа­рай өзін­дік үл­кен мін­де­ті болуы тиіс. Егер адам­ның да өзін­дік ор­ны мен мін­де­ті бол­ма­са, он­да оның кім бол­ға­ны? Жай ға­на ас­ха­на мен дә­рет­ха­на­ның ор­та­сын­да жү­ріп, ас қо­ры­тып-шы­ға­ру­дан ас­пай­тын жан­ды ап­па­рат бол­ға­ны ма?! Жо-жооқ, әс­те олай емес! Ең ке­мел жа­ра­ты­лыс иесі адам­ның өзі­не тән жо­ға­ры мін­де­ті бар. Ол мін­дет бә­рі­нен де жо­ға­ры, аса абы­рой­лы мін­дет.

Ол – өзін жоқ­тан бар ет­кен құ­ді­ре­ті шек­сіз Жарату­шы­ны та­ну. Ол − күл­лі жа­ра­ты­лыс атау­лы­ның бойы­нан Аллаһ Та­ға­ла­ның тіл жет­пес ше­бер­лі­гі мен ұлы­лы­ғын кө­ріп, Оның құ­ды­рет-кү­ші­нің ал­дын­да таң­ға­ла бас иіп, құл­шы­лық жа­сау.

Ол − өзі­не те­гін бе­ріл­ген сан­сыз жақ­сы­лық, нығмет­тер үшін Ұлы жа­ра­ту­шы Иеге ал­ғыс-рақметін біл­ді­ріп, Оның ал­дын­да мәң­гі­лік қа­рыз­дар екенін сезіну.

Бұ­ған қо­са, та­би­ға­тын­да­ғы қыз­ға­ну, са­быр­сыз­дық, жал­қау­лық, қа­на­ғат­сыз­дық сияқ­ты жа­ман қы­лық­тар­дан ары­лып, бой­ын­да­ғы асыл қа­сиет­тер­ді шың­дап, сан алуан се­зім­де­рін ке­мел­ден­ді­ріп, әр түр­лі қа­бі­лет­те­рін же­тіл­ді­ру ар­қы­лы «кә­міл адам» тұ­ғы­ры­на кө­те­рі­лу. Сөй­тіп, «кә­міл адам» күйін­де о бас­та­ғы асыл ме­ке­ні – Жән­нат­қа ора­лу. Хақ Та­ға­ла­ның ри­за­шы­лы­ғы­на бө­ле­ніп, он­да­ғы мәң­гі­лік ба­қыт­қа, бұ­рын-соң­ды көз кө­ріп, құ­лақ ес­ті­ме­ген, ақыл ой­лап елес­те­те ал­ма­ған Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы­ның өл­шеусіз ға­жай­ып сый-сияпа­ты­на қауышу һәм бұ­ның бә­рі­нен де қым­ба­ты − Жұ­мақ­та Аллаһ Та­ға­ла­ның аса көр­кем ди­да­рын та­ма­ша­лап шек­сіз ләз­зат­қа ке­не­лу.

0 пікір