Кіріспе
Кіріспе
2 жыл бұрын 2798
Қайрат Жолдыбайұлы

Күллі мадақ пен мақтаулар Ұлы Раббымыз Аллаға ғана тән. Адамзаттың ұлы ұстазы әз Пайғамбарымызға (с.а.у.) сәлем жолдап, сансыз салауат айтамыз. Сондай-ақ Алла елшісінің пәк отбасы мен ардақты асхабына Жаратқанның жақсылығын тілейміз.

Иман – ақыл мен жү­рек­тің ке­лі­сіп түй­ген ор­тақ нә­ти­же­сі мен ар-ож­дан­ның құ­ба-құп­та­ған же­мі­сі. Иман – адам ба­ла­сын екі дү­ниеде де ба­қыт­ты ете­тін ға­жай­ып тыл­сым қа­зы­на.Ұлы Жа­ра­ту­шы әу бас­та адам­ды ай­на­ла­сы­на қа­рап Ұлы Ие­сін тап­сын, та­ны­сын, иман ет­сін, Жара­ту­шы­сы­ның құ­ді­ре­ті­нің,  лы­лы­ғы­ның, ше­бер­лі­гі­нің ал­дын­да таң­ға­лып бас исін деп мы­на дү­ниеге жі­бер­ген. Де­мек, Иман – адам­ның жа­ра­ты­луы­ның мән-ма­ғы­на­сы, мы­на дү­ниеге жі­бе­рі­луін­де­гі асыл мақ­сұ­ты. Мі­не, адам­ның жа­ра­ты­луы­ның не­гіз­гі мақ­сұ­ты Ұлы Ие­сін та­бу бол­ған­дық­тан, оған бас­қа жа­ра­ты­лыс­тар­дан ерек­ше­лен­ді­ріп «ақыл-ой, са­на» бе­ріл­ген. Ұлы Жа­ра­ту­шы ай­на­ла­мыз­ды қор­ша­ған мы­на жал­пы ға­лам­ды Өзін та­ны­та­тын ға­жай­ып алып кі­тап іс­пет­ті жа­рат­қан. Он­да­ғы әр­бір жара­ты­лыс оқи біл­ген адам үшін өз бол­мы­сы­мен, бой­ын­да мөр­лен­ген ға­жай­ып на­қыш­та­ры­мен Ұлы Ұс­та­сын мең­зеп тұр. Адам осы ға­лам де­ген кі­тап­тың сы­рын тү­сі­ніп оқи біл­се, он­да сөз­сіз Ұлы Ие­сін тап­қа­ны. Сон­дық­тан Аллаһ Та­ға­ла соң­ғы пай­ғам­бар Мұхаммед­ке (с.а.у.) тү­сір­ген ал­ғаш­қы аят­та: «Иқ­ра...» яғ­ни, «Оқы! жа­рат­қан Раб­бың­ның аты­мен», – деп көз ал­ды­мыз­да­ғы осы жа­ра­ты­лыс кі­та­бын оқу­ды бұй­ыр­ған.

Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз біз­ге ра­қым етіп, мейі­рім­ді­лік жа­сап осы алып кі­тап­ты то­лық, қа­те­сіз тү­сі­нуіміз үшін жер бе­ті­не пай­ғам­бар жі­бе­ріп, кі­тап тү­сір­ген. Құ­ран осы бір ға­жай­ып «ға­лам» ат­ты кі­тап­тың тү­сін­дір­ме­сі мен мән-маз­мұ­ны бол­са, Мұхаммед (с.а.у.) оны адам­дар­ға түсін­ді­ру­ші ұс­та­зы бол­мақ.

Құрметті оқырман қауым! Осыдан бірнеше жыл бұрын ислам дініндегі иман негіздерін қамтыған «Ақиқат шуағы» мен түрлі шүбәлі сұрақтарға жауап ретінде жазылған «Күдікпен күрес» аты кітаптарым жарыққа шығып, оқырманға жол тартқан еді. Күдіктен арылып, имани гүлге қол жеткізу адамзаттың басты мақсаты болғандықтан, аталған екі кітап та оқырманның мол сұранысына ие болып, бірнеше қайтара басылды. Мұны кітаптың кемелдігінен емес, халқымыздың руханиятқа деген  құштарлығынан деп түсіндік. Алайда жиырма бес мыңға жетер жетпес аз ғана таралымның ұзақ жылдар бойы ислам бұлағынан жырақ ғұмыр кешкен халқымыздың, рухани азығын іздеп, шөл қысқан әрбір қазақ баласының қолына тимегені айтпаса да түсінікті. Міне бұл жолғы басылымда осы екі кітап біріктіріліп «Имани гүл» деген жаңа атпен Елбасының қолдауымен ашылған «Ислам білімі мен мәдениетін қолдау қоры» тарапынан қайта жарыққа шығып отыр. Кітаптың «Имани гүл» деп аталуы данышпан Абайдың мына бір өлең шумақтарымен байланысты:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жол осы деп әділетті.

 

Осы үш сүю болады ИМАНИ ГҮЛ,

Иманның асылы үш деп сен тахқиқ біл.

Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ,

Басты байла жолына, малың түгіл.

Хәкім Абай мұнда пенденің әуелі жаратқан иесі Алланы, сосын барша адамзатты және әділеттікті сүюді, яғни осы үш ұлы сүюдің жиынтығын «имани гүл» деп атағанын көреміз. Шындығында, иман ақиқаты осы үш махаббаттан тарайды десек, артық айтқандық емес. Кейбір ғалымдардың Абай өлеңдерін қолжазбадан оқығанда бұл сөзді «имани күл» - «толық иман» деп транслитерациялаған дұрыс деген пікірі де осыны аңғартса керек. Демек «Имани гүл» бұл кемел иманға айтылған сөз. Алла елшісінің (с.а.у.): «Иман етпейінше жұмаққа кірмейсіңдер, ал бір-біріңді жақсы көрмейінше кемел иманға қол жеткізе алмайсыңдар» деген хадисінен осы «Имани гүлдің» жұпар исі аңқып тұрғанын сезу қиын емес. Кітапта қамтылған тақырыптар негізінен иман төңірегінде болғандықтан, оған осы атты беруді жөн көрдік.

Әсіленде иман безбені – махаббат. Иман бұл тек тілдің ұшымен айтыла салатын жай сөз я болмаса діни рәсімдерді орындаумен ғана өлшенетін жеңіл дүние емес. Оны да кемеңгер Абайдың өзі:

«Алла деген сөз жеңіл,

Аллаға ауыз қол емес.

Ынталы жүрек, шын көңіл,

Өзгесі хаққа жол емес.

 

Дененің барша қуаты

Өнерге салар бар күшін.

Жүректің ақыл суаты,

Махаббат қылса тәңірі үшін»- деп түйген.

Рас, адамның жүрегіндегі Аллаға деген махаббаты, көкірегіндегі барша жаратылысқа деген мейірімділігі мен жанашырлығы қаншалық терең болса, иманы да соншалық кемел. Ол қаншалық таяз болса, иманы да сондай жұтаң. Олай болса, адамзат осы «имани гүлге» қол жеткізгенде ғана жаһанды жайлаған жауыздық мен қатігездіктен арылып, шынайы бақытқа қол жеткізеді.

Алланы сүю үшін Оны жақсы танымақ керек. Ойдағы түрлі шүбә, күдіктен арылмақ ләзім. Алланың құдірет қаламынан шыққан «Ғалам» атты алып кітапты оқу арқылы Ұлы Жаратушының шеберлігі мен шексіздігін, құдіреті мен құзіретін, теңдессіз өнері мен өлшеусіз білім иесі екенін мойындау қажет.

Адам баласы өзін жоқтан жаратып, айналасындағы барша жаратылысты қызметші етіп берген Ұлы Алланың пендесіне деген махаббатын сезінуге тиіс. Сонда «Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй ол Алланы жәннан тәтті» деген байламға келеді. Ерікті түрде құлшылыққа жүгіреді.

Терең иманға қол жеткізген кісі Алланың жалпы жаратылысқа деген мейірімінен үлгі алып, мейлінше мейірбан болуға ұқсап бағады. Өзі қанша рет күнә жасаса да, дереу жазаламай, тәубе етуі үшін мұрсат беріп, кешірім жасаған рақым иесі Раббысын ойлағанда, пенде ретінде өзгелердің де жаза басып, жаңылыс кеткен қателіктерін кешіруге ұмтылады. Осылай жасау жоғарыда Абай айтқан «әділдікті сүюдің» нәтижесі. Себебі біз өзіміз қателескенде Жаратқанның кешіріміне ынтызар боламыз. Ал біреудің алдында ағаттық жасасақ, оның да кешкенін күтеміз. Ендеше біздің де басқалардың қателіктері мен кемшіліктерін кешіре білуіміз бұл нағыз әділдік. Сондай-ақ, өзіміз үшін тілегенді айналамыздағыларға да тілей білу – бұл да әділдік. Біз өзіміз үшін көп жақсылықты тілейміз. Қиыншылықтан тезірек құтылуды, жаманшылықтан аулақ жүруді де қалаймыз. Ендеше басқаның, қиналғанын көріп сенің де жүрегің қиналса, ар-ожданың сыздаса бұл да әділдікті сүю болмақ. Мұндай әділдіктің адам жүрегіндегі махаббаттан туындайтыны айтпаса да түсінкті. Осы тұста Алла елшісінің (с.а.у.): «Өзің үшін жақсы көрген нәрсені басқалар үшін де жақсы көрмейінше кемел иманға жете алмайсыңдар» деген мүбәрак хадисі ойға оралады. Олай болса, Абайдың әділдікті сүюді «имани гүл» деуі тегін емес.

Иә, «имани гүлге» жеткен жан Тәңірі үшін барша адамзатты гүл-тікеніне қарамастан жақсы көреді. Ең болмаса жанашырлық танытып, аяушылық білдіреді. Себебі бәрі Алланың жаратқан туындысы болмақ. Тағы да Абайша айтсақ: «Жүректің ақыл суаты, Махаббат қылса тәңірі үшін». Себебі Раушан гүлдің жұпар исіне ынтық жан оның тікеніне де шыдайды. Жаратылыс суретіндегі әрбір көлеңкенің негізгі бейнені айқындап тұрғанын көреді. Ақырында Алла үшін Оның жаратқан әрбір туындысына мейірім көзімен қарайды. Сон­дық­тан ол адам түгіл жан-жа­ну­ар, құрт-құ­мы­рс­қа­ға да мыс­қал­дай да зия­нын ти­гіз­бейді.

Иман шуағы­на шом­ған адам мы­на дү­ниеден кейін екін­ші бір дү­ниенің бар еке­ні­не иланғандықтан Раббы­сы­ның ри­за­лы­ғы үшін тек игі іс­тер­ді ат­қа­ру­ға тыры­са­ды. Өмі­рін са­ли­қа­лы өт­кі­зіп, бар ғұ­мы­рын із­гі­лік амал­дар­мен кес­те­леп ба­ға­ды. Ана дү­ниеде әр­бір ісі­не есеп бе­ре­ті­нін ой­лап ұр­лық-қар­лық, кі­сі­ ақы­сын жеу, ар-на­мы­сын аяқ­қа таптау сияқ­ты зұ­лым­дық­тар­дан ау­лақ жү­ре­ді. Жа­ра­ты­лыс­тың мә­нін тү­сі­ніп, иман нұ­ры­на шом­ған осын­дай адам­ның кө­ңі­лі әр­дай­ым шат­та­нып, игі­лік атау­лы мен бар­лық көр­кем мі­нез, та­ма­ша қа­сиет­тер­дің қай­нар кө­зі­не ай­на­ла­ды. Мұн­дай жан әлем­ге бей­біт­ші­лік туын жел­бі­ре­тіп, ай­на­ла­сы­на тек мейі­рім­ді­лік нұ­рын шаша­ды.

Ал, иман­сыз адам бұл дү­ниеде­гі бар­лық ақыл иесі адам­ды ма­за­ла­май қой­май­тын «Мен қай­дан кел­дім? Өмір сү­ру­де­гі мақ­са­тым не? Қай­да ба­ра­мын? Жан-жа­ғым­ды қор­шап жат­қан мы­на алып, шек­сіз дү­ние қай­дан, оның ма­ғы­на­сы не­де?» де­ген орын­ды да күр­де­лі сұ­рақ­тар­дың жауа­бын та­ба ал­ма­ған­дық­тан үне­мі ма­за­сыз, ба­қыт­сыз. Өйтке­ні ма­ғы­на­сыз, мақ­сат­сыз өмір­ден шаршау, ма­за­сыз­да­ну ақыл иесі адам үшін та­би­ғи нәр­се. Ба­қыт­сыз­ды­ғы, шар­ша­ға­ны сон­ша­лық іш­кі ма­за­сыз­дық­тан уа­қыт­ша бол­са да ары­лу үшін зия­нын бі­ле тұра, ка­зи­но сияқ­ты түн­гі ой­ын-­сауық орын­да­рын­да уақыт өт­кі­зіп, миын, де­не­сін улай­тын ана­ша, арақ сияқ­ты есірт­кі­лер­ге са­лы­на­ды. Дер­ті­нің ши­па­сын осы­лай іздеп, жүрегі­нің ты­ныш­ты­ғын осы­лай тап­қы­сы ке­ле­ді.

Иман­нан нә­сі­бін ала ал­ма­ған жан ға­лам­ға қа­рап, он­да­ғы әр нәр­се­ні ма­ғы­на­сыз, мақ­сат­сыз деп тү­сі­не­ді. Мы­са­лы, Күн өз-өзі­нен еш­бір мақ­сат­сыз, кез­дей­соқ жер­ге сәуле­сін ша­шып тұр. Жер өз-өзі­нен әй­теуір шыр кө­бе­лек ай­на­лып жа­тыр деп пай­ым­дай­ды. Ға­лам­да­ғы бар­лық нәр­се­ні ие­сіз деп ой­ла­ған­дық­тан, өзін де ие­сіз­бін деп пай­ым­дай­ды. Өмір сү­руін­де еш­бір ма­ғы­на, мақ­сат та­ба ал­ма­ған мұн­дай иман­сыз жан үне­мі ру­ха­ни шар­шап жүре­ді. Екін­ші бір дү­ниенің бар екен­ді­гі­не де иланбағандық­тан, өлім­ді ші­ріп, жоқ боп ке­ту деп ойлайды. Сөй­тіп, мы­на қыс­қа пә­ни өмі­рін­де нәп­сі­сін қа­на­ғат­тан­ды­ру­ды, құр­са­ғын той­ды­ру­ды мақ­сұт тұ­та­ды. Ақы­ры өле­мін, олай бол­са, «осы қыс­қа өмі­рім­де бар­лық нәр­се­нің дә­мін та­тып, қы­зы­ғын кө­рейін» – деп жақ­сы-жа­ман, арам-адал деп ажы­ра­тып жат­пай нәп­сі­сі­нің құлына ай­на­лып, күнәға бел­ше­сі­нен ба­та­ды.

Иә, нәп­сі­сі­нің құ­лы­на ай­нал­ған мұн­дай жан: «Тек мен ішейін, мен жейін, мен кө­рейін» де­ген­дік­тен қа­ра ба­сын ға­на ой­лай­тын өзім­шіл ке­ле­ді. Өз­ге­лер­ді бір сәт бол­сын ой­ла­май­ды. «Өзім жақ­сы бо­лай­ын, се­ні қай­дам» – дей­ді. Бұн­дай тү­сі­нік­ке ие бол­ған адам­нан көр­кем мі­нез, салиқа­лы іс, өне­ге­лі өмір кү­ту­дің өзі бе­кер.

Иман­сыз адам өмір­де бел­гі­лі бір же­тіс­тік­ке же­те қал­са «Мен іс­те­дім, мен жа­са­дым», – деп паң­да­нып шы­ға ке­ле­ді. Өйтке­ні оның се­ні­мін­де өзін қол­дап, жәр­дем беріп, сол же­тіс­ті­гі­не же­туі үшін сәт­ті­лі­гін са­лып тұр­ған Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы жоқ. Ал тә­кап­пар­ла­нып, паң­дан­ған мұн­дай жан өзі жет­кен же­тіс­тік­ке же­те ал­ма­ған өз­ге­лер­ді үне­мі тө­мен са­нап, қор­лай­ды да, жет­кен­дер­ге қыз­ға­ныш кө­зі­мен қа­рап, үне­мі бә­се­ке­ле­се­ді де тұ­ра­ды. Ішін қызғаныш өр­ті ша­лып, осын­дай ру­ха­ни дерт­ке шал­дық­қан пен­де­лер­ден құ­рал­ған қо­ғам – ең ба­қыт­сыз қо­ғам.

Қыс­қа айт­сақ, имани гүл – бар­лық игі­лік атауы­ның қай­нар кө­зі, күл­лі көр­кем қа­сиет­тер­дің кәусар бұ­ла­ғы бол­са, иман­сыз­дық – бар­лық ру­ха­ни аш­тық­тың, со­ра­қы іс әре­кет­тер мен жа­ғым­сыз қылықтардың ұясы.

Қадірлі оқырман! Қолыңыздағы кітаптың «Ақиқат шуағы» атты бірінші бөлімінде «Ұлы Жа­ра­ту­шы – Аллаға, Ұлы Раббымыздың пе­ріш­те­ле­рі­не, кі­тап­та­ры­на, пай­ғам­бар­ла­ры­на, ақы­рет кү­ні­не жә­не тағ­дыр­ға иман» се­кіл­ді иман не­гіз­де­рі же­ке-же­ке қа­рас­ты­ры­лып, мәселелерді ақыл һәм на­қыл жол­да­ры­мен ғы­лы­ми түр­де дә­лел­деуді көздедік. Се­бе­бі, иман, сенім  бар нәр­се­нің ал­дын­да тұрады.

Адам жүрегінде имани гүлі жайқалып өспесе, онда оның жасаған ғибадаттары да шикі болмақ.. Абайша айтсақ:

«Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс,

Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.

Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті

Қылғанменен татымды бермес жеміс.

 

Бас жоғары жаралған, мойын төмен,

Қарашы, дене біткен ретімен.

Істің басы – ретін танымақтық,

Иман білмес тағатты қабыл демен.»

Сондықтан се­ні­мі мық­ты, има­ны бе­рік жан ға­на на­ғыз мұсыл­ман­шы­лық­тың өкі­лі бо­лып, ис­лам­ның өзі­не жүкте­ген мін­дет­те­рін са­на­лы тү­сі­ніп, са­ли­қа­лы орындау­ға ұмтылады. Ал, са­на­сы әр түр­лі кү­дік­ке то­лы, има­ны әл­сіз жан­ның мұ­сыл­ман­шы­лы­ғы да сон­ша­лық әлсіз, шү­бә­лі келеді.

Кітаптың «Күдікпен күрес» атты екінші бөлімі түрлі діни, пәлсапалық күрделі сұрақтарға берілген жауаптардан тұрады.

Кешегі кеңестік зұлымат көптеген жандардың жандүниесін жаралап, көңіліне түрлі шек, шүбәлі ой қалдырды. Метафизикалық әлемді мойындамай бар нәрсені тек көзбен көріп, құлақпен естуге негізделген материалистік көзқарастың әсерінен көптеген ақиқат күмәнға айналды. Дінге қарсы ашық дұшпандық – діннен бейхабар жандардың санасын улау мақсатында қасақана түрлі күмәнді сауалдар мен сұрақтарды тудырды. Әйтпесе, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) толық өмірбаянын былай қойғанда, аты-жөнін де дұрыс білмейтін жандардың Оның (с.а.у.) көп әйел алғандығынан хабардар болуын әрі оның  астарына үңілмей жатып, бірден нәпсіқұмарлыққа бағалауын басқаша түсіну әсте мүмкін емес?

Сондай-ақ, кітаптағы «Жаратушыны не үшін көзбен көре алмаймыз?», «Алла Тағала адамдарды не үшін бай-кедей ғып жаратқан. Оның сыры неде?», «Алла Тағала біздің ғибадатымызға зәру ме? Неліктен біздің ғибадат етуімізді талап етіп, орындамағандарды азаптайтынын ескертуде?», «Намаз, азан сияқты ғибадаттар тек қана араб тілінде орындалады. Әр ұлт  өз тілінде орындаса жеңіл болмас па еді?», «Доңыз еті неліктен харам?» секілді көптеген сұрақтар дінімізге жаңа бет бұрып жатқан кісілердің ішкі ізденісі мен көкейлеріндегі табиғи сауалдары. Өйткені адам ақылы діни үкімдердің хикметі мен мәнісін түсінуіге әрдайым ұмтылып, жандүниесі жаратылыстың жасырын қатпарларын ұғуға құштар. Абайдың:

«Көңілге шек, шүбәлі ой алмаймын,

Сонда да оны ойламай қоя алмаймын.

Ақылдың жетпегені арман емес,

Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын» немесе,

«Адамды сүй, Алланың хикметін сез,

Не қызық бар өмірде онан басқа», – деуі де сондықтан.

Алайда, адам санасы Ұлы Иеміздің түпкі мақсаты мен игі істеріндегі хикметті толық түсіне алмасы ақиқат. Өйткені, адам санасы шектеулі. Әрі не нәрсені де айналасындағы өзі көрген, білген дүниелермен ғана салыстырып пайымдай алады. Көбінесе мына дүниенің физикалық өлшемдерінен шыға алмай, ойын қысқа қайырады. Ал, Ұлы Жаратушының істеріндегі хикметтері мына дүниенің санаулы  физикалық заңдарымен, яки, адамның көрген, білген дүниелерімен шектелмесі анық.  Сондықтан мұсылман баласы Ұлы Жаратушыға қатысты немесе діни мәселелерді түсіну барысында әрдайым байып сақтап, Құран мен сүннетті темірқазық еткен нұрлы ақылға жүгінуге тиіс. Ойына күдік салған сұрақтардың дұрыс жауабының бар екенін әу бастан қабылдау қажет. Егер тапқан жауабы санасына сіңбей жатса, онда ол мәселені түсіндірудің кемшілдігінен, яки деңгейіміздің төмендігенен, не болмаса сезіміміз бен нәпсіміздің жетегінде кеткен түйсігіміз бен тепетеңділік сақтап ойлаудан мақұрым санамымыздың сарыны деп ұққан жөн. Я болмаса, адам ақылының шектеулігінен, Ұлы Жаратушының құпия сырларынан деп қабылдау қажет. Ал басқаша ойлап, Ұлы Жаратушы жайлы күдікке бару – аса қатерлі!

Бұрынғы қоғамның жарасы жеңіл болатын. Өйткені, ондағы сауалдар мен күдіктер білімсіздіктен туындайтын. Ал қазір олай емес.  Көбіне күдіктер мен жаңсақ пікірлер өзінше бір ғылым мен кейбір түсініксіз терминдердің тасасына тығылып, «әйел теңдігі», «мәдениет», «жаһандану», «адам құқығы» «сезім еркіндігі» «азаматтық неке» секілді ұрандармен безендірілген. Сондықтан мұның бәрінің ара-жігін ажыратып,  дұрыс түсіну үшін Құран ақиқатымен нәрленген «нұрлы ақыл» мен жан-жақты біліммен сусындаған  парасат-пайым қажет екенін естен шығармауымыз ләзім.

Ізгі оқырман! Қолыңыздағы кітап кеңестік дәуірден кейін өз құндылығына қайта оралып, асыл дініне бет бұрып жатқан халқымызға, әрбір құштар жүрекке аңсаған «имани гүлін» сыйлай алмайтыны анық. Алайда сол жолда аз-кем өз үлесін қосып жатса, бұл біз үшін баға жетпес бақыт, ғұмырымыздың шуақты сәті болмақ.

Алла Тағала баршамыздың жүрегін иман нұрына бөлеп, ихсан дәрежесіне жеткізсін! Кітаптың жазылуы мен жарыққа шығуына септігі тиген баршаға екі дүниенің жақсылығын тілеймін! «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қорының» алдағы атқарар жұмыстары сәтті болғай!

0 пікір