Кімнен жәрдем сұрайды?
Кімнен жәрдем сұрайды?
10 жыл бұрын 5782

Кез кел­ген құ­дай­ға сен­бей­тін адам те­ңіз­де сая­хат­та жү­ріп, ке­ме­сі ба­тып, тақ­тай­ға жа­быс­қан күй­де бір өзі судың ор­та­сын­да жалғыз қал­ды де­лік. Тау­дай-­тау­дай асау тол­қын­дар тақ­тай­ды олай да, бы­лай да ыр­ғы­ту­да. Айна­ла тас тү­нек. Күн­нің күр­кі­реуі мен най­за­ғай­дың жар­қы­лы үрей­ге үрей қос­қан. Қол ұшын бе­ріп, құт­қа­рып алар ті­рі жан кө­рін­бейді. Қо­лы­нан ке­лер еш­бір ай­ла­сы, не бір шара­сы жоқ. Кез кел­ген уа­қыт­та су­ға ба­тып ­яки ба­лық­қа жем бо­лып не­ме­се жау­рап қа­тып қа­луы әб­ден мүм­кін. Мі­не, осын­дай бір за­мат­та құ­дай­ға сен­бей­мін де­ген әл­гі адам Ұлы Құдіретке жалына жалбарынып, бар ықыласымен жәрдем тілей бастайды.  Себебі былайғы уақытта адам баласы өз қажеттілігін өзі өтей алады. Ауырса дәрі ішеді. Қалтасында ақшасы бар, қажетін сатып алады. Мәселелерін телефон арқылы шеше алады. Үй салып, қала тұрғызады. Зауыт құрады. Қысқасы  Құдай Тағала тарапынан өзіне берілген осындай мүмкіншіліктердің бәрін ол өзім жасап жатырмын деп ойлайды. Сондықтан Аллаға деген мұқтаждығын да ұмытады. Тек қарызға батып дағдарысқа тап болса, яки қатерлі ісікке шалдығып шарасы қалмағанда ғана ар-ожданына ырық бермей тұрған  мендігі жоғалғандықтан Ұлы Жаратушыға бас иеді. Сосын қиыншылықтан құтылса көбісі Раббысын қайтадан ұмыт қалдырып, дүние рахатының соңында кете барады. 

0 пікір