Бал арасы
Бал арасы
10 жыл бұрын 44656

«Раб­бың бал ара­сы­на:

«Тау­лар­дан, ағаш­тар­дан жә­не адам­дар­дың сал­ған күр­ке­ле­рі­нен ұя жа­сап ал. Со­сын әр түр­лі же­міс­тер­ден же де, Раб­бың­ның са­ған оң­тай­лас­тыр­ған жо­лы­мен жүр», –  деп уахи ет­ті. Ара­ның қар­ны­нан адам­ға ши­па­лы түр­лі-түс­ті бал шы­ға­ды. Әл­бет­те, мұн­да ой­лан­ған қауым үшін ғиб­рат бар». («Нахл» / 68-69).

Бал ара­сы мың­да­ған гүл­дер­ге ұшып-қо­нып жү­ріп бал жи­най­ды. Он­да­ған ша­қы­рым­дар­ға ұшып ба­рып, ком­пас­сыз-ақ күн­ге қа­рап қай­та ай­на­лып ұя­сын та­ба ала­ды. Кере­мет ин­же­нер сияқ­ты ал­ты бұ­рыш етіп, гео­мет­рия­лық пі­шін­де бал ұя­шық­та­рын жа­сай­ды. Ара­лар бал ұяшық­та­рын не­лік­тен ал­ты бұ­рыш­ты етіп жа­сауда? Не­ге се­гіз бұ­рыш не­ме­се үш бұ­рыш ­яки бес бұ­рыш емес? Мате­ма­тик­тер­дің есе­бі бой­ын­ша ал­ты бұ­рыш­ты бал ұя­шық­та­рын жа­сауда ең аз ма­те­ри­ал қол­да­ны­лып, оған ең көп мөл­шер­де бал сыяды екен. Яғ­ни, ал­ты бұ­рыш­ты бал ұя­шық­та­ры ара­лар үшін ең тиім­ді­сі бол­мақ. Бал ұя­шық­та­рын жа­сауда­ғы ара­лар­дың қол­дан­ған тә­сі­лі өте таң­ға­лар­лық. Ара­лар бал ұя­шық­та­рын жаса­ған уа­қыт­та бө­лек-бө­лек екі-үш жер­ден бір­ден бас­тай­ды. Яғ­ни, бір топ ара бө­лек-бө­лек жер­ден бас­тап, бірдей өл­шем­де ал­ты бұ­рыш жа­сап, бұ­лар­ды со­сын бір-бі­рі­мен бі­рік­ті­ре оты­рып бал ұя­шық­та­рын то­қып, со­сын бар­лы­ғы ор­та­да кез­де­се­ді екен. Ал­ты бұ­рыш­тар­дың бір-бі­рі­мен бі­рік­ті­ріл­ген тұс­та­ры өте ше­бер­лік­пен іс­ке асқан­дық­тан кейін­нен бі­рік­ті­ріл­ген­дік­те­рі мүл­дем байқал­май­ды.

Ал ен­ді осы ақыл­сыз ара­ға қай гүл­дер­де бал бар еке­нін, күн­ге қа­рап ұш­қан ұя­сын қай­та та­бу­ды, ке­ре­мет есеп­пен есеп­тел­ген бал ұя­шық­та­рын жа­сауды кім үйретті? Ұяла­рын­да­ғы та­за­лық, бұ­зыл­ған жер­ле­рін жөндеу, жас ара­лар­ды қо­рек­тен­ді­ру іс­те­рі жүйелі түр­де іс­ке аса­ды. Егер ұя­ның іші ыс­тық бол­са жұ­мы­рт­қа­лар­ды сал­қын­да­ту үшін қа­нат­та­рын қа­ғып, ал суық бол­са жұ­мы­рт­қа­ны жан-жа­ғы­нан кө­ле­гей­леп жы­лы­та­ды. Кез кел­ген бір бал ара­сы бал жа­сауға жа­рам­ды гүл­дер­ді тап­қан жағ­дай­да, алыс­та­ғы бас­қа ара­лар­ға өз­де­рі ға­на тү­сі­не­тін кей­бір іс-әре­кет­те­рі ар­қы­лы ха­бар бе­ре­ді. Бал ара­сы мұ­ның бәрін қай­дан, кім­нен үй­рен­ді? Бал ара­сы улы де­не­сі­нен құ­ра­мын­да мың бір түр­лі ми­не­рал­дар мен ви­та­мин­де­рі бар ши­па­лы бал­ды жа­сауды кім­нен үй­ре­ніп, қай зерт­ха­на­да жа­са­ды. Бал­дың фор­му­ла­сын қай­дан ал­ды?

0 пікір