Табиғат заңдары мен себептердің өзі де басқа себептерге мұқтаж
Табиғат заңдары мен себептердің  өзі де басқа себептерге мұқтаж
10 жыл бұрын 12808

Та­би­ғат заң­да­ры мен жал­пы се­беп­тер әрқа­шан бас­қа се­беп­тер­ге, заң­дар­ға мұқ­таж. Мұқ­таж бол­ған се­беп пен заң­дар­дың өзі бас­қа се­беп­тер мен заң­дар­ға мұқ­таж. Шек­сіз­дік­ке со­зы­лып ке­те бе­ре­тін се­беп, заң­дар­дың бір жер­де нүк­те­ле­ніп, тұ­рақтауы тиіс. Мы­сал­ға, ағаш­тың пай­да бо­лу­ына ағаш­тың дә­ні се­беп де­лік, ал сол дән­нің пай­да бо­лу­ына не се­беп? Тауық­тың пай­да болу­ына жұ­мы­рт­қа се­беп бол­са, жұ­мы­рт­қа­ға не се­беп?

Ал­ма пай­да бо­луы үшін се­беп ре­тін­де ал­ма аға­шы­ның гүлдеуіне, ал­ма аға­шы­ның гү­лі ағаш­қа, бұ­тақ­қа, ағаш, бұ­тақ­тың өзі ал­ма аға­шы­ның дә­ні­не, ал дән то­пы­рақ­қа жә­не то­пы­рақ қам­ти­тын ми­не­рал­дар­ға, жы­лу­ға, жа­рық­қа, ауаға тәуел­ді. Осы­лай ал­ма­ның пай­да болуын­да­ғы се­беп­тер­ді тар­ты­лыс кү­ші­не дейін со­зып, ұза­та бер­сек те мә­се­ле ше­шіл­мейді. Сұ­ра­ғы­мыз бітпестен алма­ның пай­да бо­луы үшін көр­се­тіл­ген соң­ғы се­беп­ке де, бас­қа се­беп із­де­рі­міз анық. Де­мек, се­беп­тер­ді се­беп­тер­ге бай­лау­мен мә­се­ле ай­қын­да­лып, то­лық шешіл­мейді. Се­беп­тер­ді не­гіз­гі се­беп­ке, яғ­ни Алла Таға­ла­ға байлаған кез­де ға­на сұ­ра­ғы­мыз­ға қанағаттанарлық жауап алып, кө­ңі­лі­міз жай та­ба­ды. Әйтпе­се, әр се­беп­ке құ­дай­лық си­пат­тар та­ңуымыз қа­жет бо­ла­ды. Ал әр се­беп­ке құдай­лық си­пат­тар­ды та­ңу қисынға қайшы. Ен­де­ше, бар­лық се­беп­тер­ді жа­рат­қан негізгі се­беп бар. Ол, еш кү­мән­сіз, Алла Та­ға­ла.

0 пікір