Қазіргі өмір сүріп жатқан жан иелері мен олардың ежелгі қаңқалары
Қазіргі өмір сүріп жатқан жан иелері  мен олардың ежелгі қаңқалары
3 жыл бұрын 1269

Қа­зір өмір сү­ріп жат­қан көп­те­ген жан иеле­рі мен олар­дың мил­лион­да­ған жыл бұ­рын өмір сүр­ген түр­ле­рі­нің қаң­қа­ла­ры ара­сын­да еш­қан­дай ай­ыр­ма­шы­лық, өз­ге­ріс­тің жоқ­. Бұл бар­лық жан иеле­рінің са­ты­лай да­му жо­лы ар­қы­лы емес, Ұлы Алла та­ра­пы­нан арнайы жа­ра­ты­лып, жер бе­ті­нде бір­ден пай­да бол­ған­ды­ғын көр­се­те­ді. 

 100 миллион жыл бұрын өмір сүрген құмырсқаның табылған фосилі (таста қалған қаңқасы) мен қазіргі кездегі құмырсқаның арасында ешқандай айырмашылық жоқ.  

Миллиондаған жыл бұрын өмір сүрген араның табылған қаңқасы мен қазір өмір сүріп жатқан араның арасында ешқандай айырмашылық жоқ. 

410 миллион жыл бұрын өмір сүрген целекант балығының таста қалған қаңқасы. Эволюционерлер осынау қаңқаға сүйене отырып, табылған бұл балық түрін жан иелерінің судан құрлыққа өту кезеңіндегі «аралық түрінің» үлгісі деп қабылдаған. 

Бірақ қаңқасы табылған осы целекант балығы 1938 жылы тірідей бірнеше рет ауланды. Соңғы жылдары бұл балық түрінің жиі-жиі аулануы эволюционерлердің өтірік тұжырымдарын әшкере етті. 

135 миллион жыл бұрын өмір сүрген инеліктің тасқа айналған қаңқасы мен қазіргі инелік еш өзгеріссіз бірдей.

0 пікір