Ескі қаңқалар дарвинизмнің қателігін әшкерелейді
Ескі қаңқалар дарвинизмнің  қателігін әшкерелейді
10 жыл бұрын 4660

Эво­лю­ция теориясы бой­ын­ша, бар­лық жан иеле­рі бір-бі­рі­нен та­ра­ған. Ер­те­рек пай­да бол­ған бел­гі­лі бір жан иесі уа­қыт өте ке­ле екін­ші бір жан иесі­нің тү­рі­не ай­нал­ған. Мі­не, осы­лай­ша бар­лық жан иеле­рі­нің түр­ле­рі пай­да бол­ған. Бұл теория бой­ын­ша, жан иеле­рі түр­ле­рі­нің бір-бі­рі­не ай­на­лу­ла­ры мил­лион­да­ған, тіпті миллиярдтаған жыл­дар­да са­ты­лай-са­ты­лай жү­зе­ге ас­қан-мыс. Олай бол­са, осы жан иеле­рі­нің бір-бі­рі­не ай­нал­ған жүз мил­лион­да­ған жыл­дар ішін­де екі түр­дің бір-бі­рі­не ай­на­лу ке­зін­де сан­сыз «ара­лық түр­лер­дің» пай­да бо­луы жә­не өмір сү­ру­ле­рі тиіс­ті. Мы­са­лы, су­да­ғы ба­лық­тың бір­ден бауыры­мен жор­ға­лай­тын жан иесі­не ай­на­луы мүм­кін бол­ма­ған­дық­тан, екеуі­нің ара­сын жал­ғай­тын жар­ты­лай ба­лық, жар­ты­лай бауыры­мен жор­ға­лай­тын «ара­лық түр» жан иеле­рі­нің не­ме­се бауыры­мен жор­ға­лай­тын жан иеле­рі­нің құс­қа ай­на­лу ке­зін­де жар­ты­лай бауыры­мен жор­ға­лай­тын, жар­ты­лай ұша­тын құс­тар­дың ерек­ше­лік­те­рі бар «ара­лық тү­рі» пай­да бо­лып, өмір сү­ру­ле­рі ке­рек еді. Бұл ара­лық түр­лер өт­пе­лі ке­зең үшін бол­ған­дық­тан ауру, кем­ші­лік­ке то­лы бо­лу­ға тиіс. Егер шы­ны­мен-ақ атал­мыш ара­лық түр­лер өмір сүр­ген бол­са, олар­дың өмір сүр­ге­нін дә­лел­дей­тін мил­лион­да­ған, тіп­ті қа­зір өмір сүр­ген жан-жа­ну­ар, құс­тар­дың са­ны­нан да көп қаң­қа сүйек­те­рі та­бы­лу­ға тиіс еді ғой. Бі­рақ та­был­ма­ды. Чар­льз Дар­вин­нің өзі де «Түр­лер­дің тү­бі­рі» ат­ты кі­та­бын­да бы­лай дей­ді: «Егер теориям дұ­рыс бол­са, түр­лер­ді бір-бі­рі­не бай­лай­тын сан­сыз ара­лық түр­лер­дің өмір сү­ру­ле­рі тиіс. Бұл ара­лық түр­лер­дің өмір сүр­ген­дік­те­рін дә­лел­дей­тін жал­ғыз дә­лел – атал­мыш ара­лық түр­лер­дің фо­сил­де­рі (тас­қа ай­нал­ған қаң­қа­ла­ры) болар еді.»Бі­рақ Дар­вин өзі­нің теория­сын дә­лел­дей­тін ара­лық түр­лер­дің қаң­қа­ла­рын те­рең зерт­теу­лер­дің нә­ти­же­сін­де де та­ба ал­ма­ға­нын бы­лай деп мой­ын­дай­ды: «Егер шы­ны­мен-ақ бар­лық жан иеле­рі­нің түр­ле­рі бір-бі­рі­нен са­ты­лай-са­ты­лай да­ми оты­рып пай­да бол­са, не­ге сан­сыз ара­лық түр­лер­дің қаң­қа­ла­ры­на ке­зік­пей­міз? Не­лік­тен жал­пы жа­ра­ты­лыс кем­ші­ліксіз тамаша жүйе­ге ие?!»[1]

Дар­вин: «Қа­зір бұл ара­лық түр­лер­дың қаң­қа­ла­ры табыл­ма­ға­ны­мен ке­ле­шек­те мін­дет­ті түр­де та­бы­лу­ға тиіс» де­ген үмі­ті ар­қы­лы өзін-өзі жұ­бат­ты әрі оңбай қате­лес­ті. Үміт­сіз шай­тан де­ген эво­лю­ционер­лер Дар­вин­нің бұл үмі­ті­не се­нім ар­тып, 19 ға­сыр­дың ор­та­сы­нан бас­тап осы күн­ге дейін дү­ниенің әр-әр же­рін­де өте қы­зу түр­де ара­лық түр­лер­дің қаң­қа­ла­рын із­деу жұ­мы­сын жүр­гіз­ді. Бі­рақ осын­ша­ма қы­зу зерт­теу­лер­дің нә­ти­же­сін­де үміт­те­рі бос­қа шы­ғып, еш­бір ара­лық түр­лер­дің қаң­қа­сын та­ба ал­май дің­ке­сі құ­ры­ды. Ке­рі­сін­ше, жүр­гі­зіл­ген зерт­теу­лер­ден та­был­ған қал­дық­тар, эво­лю­ционер­лер­дің күт­ке­нін­дей емес, бар­лық жан иеле­рі­нің тір­ші­лік бе­ті­не са­ты­лай-са­ты­лай емес, бір­ден кем­ші­лік, қа­те­сіз түр­де пай­да бол­ған­ды­ғын тай­ға таң­ба бас­қан­дай дә­лел­де­ді. Осы­лай­ша эво­лю­ционер­лер өз теорияла­рын дә­лел­дей­міз деп жү­ріп, оны өз қол­да­ры­мен күйрете құ­лат­ты. Бұл шын­дық­ты эво­лю­ционер бол­ға­ны­на қа­ра­ма­стан атақ­ты ағыл­шын, ес­кі қаң­қа­лар­ды зерт­теу­ші па­ле­он­то­лог Де­рек Агер бы­лай деп мой­ын­дай­ды: «Проб­ле­ма­мыз мы­нан­дай: Қаң­қа­лар­ды кеңі­нен, те­ре­ңі­нен зерт­те­ген уақы­ты­мыз­да, әр­дай­ым са­ты­лай-са­ты­лай да­мы­ған емес, тір­ші­лік бе­ті­не бір­ден пай­да бол­ған жан иеле­рі түр­ле­рі­нің кез­дес­ке­нін кө­ре­міз».

[1] Чар­льз Дар­вин, Түр­ле­рин кө­ке­ні. Онур Иай­ын­ла­ры, Ан­ка­ра 1996.

0 пікір